Қарапайым физиотерапия түсінігі, әсер ету механизмі


Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары



бет4/11
Дата13.04.2023
өлшемі29,25 Kb.
#82003
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қарапайым физиотерапия

Қыша қағазын қою көрсетілімі, кері көрсетілімі және асқынулары
Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Алғаннан кейін денеге жабысып қалған қышаны жылы сумен шайып, содан кейін ептеп сүртіп тастайды, тері қатты қызарған болса, ол жерге вазелин жағады. Қышаны қолдан дайындау үшін оның құрғақ ұнтағын (балалар үшін оны жартылай бидай не картоп ұнымен араластырады) жылы су қосып, қою ботқа болғанға дейін араластырады. Дайын ботқаны нығыздау матаға 0,5 см қалындықпен жағады. Содан кейін бетіне шүберек салып денеге жабысқанша саусақпен басып ұстайды не бинтпен таңып тастайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына, гипертонияда желкеге қояды. Тері ауруларымен ауырғанда қышаны пайдалануға болмаңды.
Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы.
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), лоток, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
— Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
— Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
— Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).
— Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.
— Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).
— Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.
— 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).
— Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.
— Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
— Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.
— Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
Ескерту:
— қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;
— қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;
— емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет