Мамыр
Тақырыбы: «Оқушылардың жазғы еңбек қызметі мен жазғы демалысын ұйымдастыру»
9
|
1.9 - сыныптардың жағдайын бақылау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын қорытындылау
2. Соңғы қоңырау мен Мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынбалар.
3.Тәрбие қызметінің қорытындысын талдау, сынып жетекшілер жұмысындағы проблемалар
4.Мониторинг нәтижесі
5. Жазғы демалысты ұйымдастыру, бала еңбегінің нашар түріне жол бермеу
7. Жаңа оқу жылына арналған перспективті жұмыс жоспарын талқылау
7. Оқушылардың жазғы еңбек практикасын және сауықтыру демалысын ұйымдастыру
|
Сынып жетекшілер ӘБ отырысы
|
ДТІЖО
Психолог
Сынып жетекшілер
|
мамыр
|
Сынып жетекші — тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік пен шәкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан.
Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.
Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті.
Бала тәрбиелеу – нағыз өнер, ал бұл өнердің бастауы – бала мектепке келетін отбасыдан басталады. Отбасыда баланың тұлғалық жеке қасиеттері, өзгелермен қарым–қатынасы, белгілі бір мінез бен әдеттері қалыптасады. Әрбір баланы тануға, оны жақсы көріп,оның қызығушылықтарын оятуға әрбір сынып жетекшіге тиісті.
Сынып жетекшілерге көмек ретінде сынып сағаттарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынбақпын.
Қазіргі таңда тәрбие жұмысы сабақ процесімен бірге жүргізілуі тиіс. Қандай пәнді оқып жатсада оқушылар тәрбиелік мәні бар дүниелерді игеруі тиіс. «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», деп данышпан әл-Фараби айтқандай, өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |