– тарихи тұлғаларды таңдау (мысалы, Ұлы даланың ұлы есімдері) бойынша басқа арнайы жобалармен байланысатын жұмысты ұйымдастыру; – өңірдің тарихи тұлғалар тізімін жасау; – жобаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жүргізу; – ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету; – ОМО-мен келісім бойынша әлеуметтік желілер үшін телевизиялық контент пен материалдар құру. «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы Қорытындылар Күтілетін нәтижелер ҚР Ұлттық музейінің жанынан «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.
Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын ауқымды жүйелендіру нәтижесінде жалпыұлттық маңызы бар 100 кешен (201 объектіден тұратын) және өңірлік маңызы бар 500 объектіні қамтитын Қазақстанның сакралдық орындарының тізімі қалыптасты.
«Жалпыұлттық маңызы бар Қазақстанның сакралдық орындары» және «Қазақстанның өңірлік сакралдық орындары» атты кітаптар шығарылды.
«Сакралды Қазақстан» эциклопедиясының І, ІІ и ІІІ томы шығарылды.
Арнайы жобаны іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар 48 тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанның сакралды нысандар (тарихи маңызы бар) картасын жасақтау;
Сакралды нысандарды цифрлау;
Сакралды нысандарды халық арасында танымдылығын көтеру және қызығушылығын ояту.
Сакралды нысандарды қалпына келтіру және жаңарту, сонымен қатар инфраструктурасын дамыту.
Киелі жерлерге туристтік бағдарларды дайындау, соның ішінде онлайн, жаяу, квест бағдарлар.
Мақсаты - тарихи және мәдениет ескерткіштерді, киелі жерлерді танымал ету, сақтау, қалпына келтіру. «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы Өңірлік жобалық офистеріне жергілікті жерлерде жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар: • Киелі жерлерге туристтік бағдарларды дайындау, соның ішінде онлайн, жаяу, квест бағдарлар құрастыру.