Мақсаты - тарихи танымды кеңейту контексінде «Түркі әлемінің генезисі» идеясын ілгерілету. «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы Өңірлік жобалық офистеріне жергілікті жерлерде жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар: - «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы ӨЖО дің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тек Түркістан облысының бағалау индикаторына енгізілуі керек. Қалған өңірлер бұл арнайы жобаның іске асырылуына жанама қатысатын болғандықтан, олардың жұмысын Түркістан облысымен салыстыру қисынсыз. - Басқа өңірлердегі ӨЖО тер өз аумағындағы жалпы түркі халықтары үшін маңызды объектілерді, мекендерді, мифтерді түркі тілдес географияда танымалдылығын арттыру жоспарын (көзқарасын) жасап, осылайша өңірдің тартымдылығын күшейтуі керек. «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы Қорытындылар Күтілетін нәтижелер «Архив-2025» орталығы құрылды, ол Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің осы жұмыс бойынша ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің жұмысын үйлестіреді. Орталық «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шетел мұрағаттары мен кітапханаларында анықталған мұрағаттық материалдарды түгендеу жұмыстарын бастады. Шетелдік мұрағаттардан 60 мыңнан астам құжат бірыңғай дерекқорға енгізілетін болады. 2019-2020 ж.ж ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сүлейменова атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерттеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталығы тарапынан «Ұлы даланың тарихы мен мәдениеті бойынша шетел мұрағаттары мен қорларындағы археографиялық жұмыстар (анықтау, талдау, цифрлау)» атты зерттеу жобасы жүзеге асырылуда. Ресей, Өзбекстан, Түркия, Қытай, Монғолия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ватикан, Венгрия және т. б. археологиялық экспедициялар жүргізілді. Кітап және монография түрінде 65-тен астам бірегей ғылыми еңбектер жарық көрді. Ұлыбритания, Франция, Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Омск, Томск, Польша мен Венгрияға іздеу-зерттеу экспедициялары жүргізілді және антикалық дәуірден бастап қазіргі күнге дейін Ұлы даланың тарихына, мәдениетіне қатысты құжаттар табылды.
Мұрағаттық құжаттар негізінде Қазақстан аумағында болған жекелеген тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді растау;
Мұрағат және құжаттама саласындағы қызметті жүйелеу;
Тарихи мұрағат құжаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
Шетелдік дереккөздерден алынған мұрағаттық құжаттар негізінде Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтарды толықтыру.