Қарастыралатын сұрақтар Арнайы жобалар: «Тұлғаны дамыту» Арнайы жобалар: «Біртұтас ұлтты қалыптастыру»


Мақсаты - қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау



бет9/12
Дата28.03.2023
өлшемі429,7 Kb.
#76816
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Мақсаты - қазақ фольклоры мен музыкасын сақтау және насихаттау.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»
арнайы жобасы
Өңірлік жобалық офистеріне жергілікті жерлерде жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар:
– өңірлік деңгейде арнайы жобаны үйлестіру және іске асыру;
– жергілікті жердегі халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әпсаналары, қиссалары мен эпостарын жинақтау;
– өңірлік сараптамалық кеңестердің отырыстарында аталған арнайы жобаны сәтті жүзеге асыру, ұлттық музыка мен фольклор қорын мазмұнды әрі тың дүниелермен толықтыруды қарастыру;
– өңірлердегі музыкалық университет, академия, консерватория, өнер мектептері т.б тарапынан ұлы дала музыкасы мен фольклоры бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу;
– әр өңірдің ән мектебі, жергілікті әнші-сазгерлердің музыкаларын CD дисктерге басып шығару, мобильді қосымша әзірлеп, халық арасында насихаттау.
– ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету: арнайы жобаны – БАҚ, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнамаларда, халық көп жиналатын жерлердегі лэд-экрандарда роликтер көрсету.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»
арнайы жобасы
Қорытындылар
Күтілетін нәтижелер
Жобаның іске асу мерзімінде барлығы 2524 шара өткізілген. Халықты ең көп қамтыған Маңғыстау (421 іс-шара, 97408 адам) мен Қарағанды облыстары (11 іс-шара, 88 843 адам).
Жоба аясында «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын құру тұжырымдамасы әзірленді. Ұлы есімдердің тізімі (100 есім) жасалып, «Ұлы даланың ұлы есімдері» оқу-ағарту энциклопедиялық саябағының (онлайн-платформа) интерактивті нұсқасы (картасы) әзірленді.
Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар архивінің қорынан әртүрлі кезеңдегі тарихи тұлғалардың 105-тен астам фотосуреті табылды.
Алғаш рет X ғасырдың әдеби ескерткіші «Алтун ярук» қазақ тіліне аударылды.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» (екітомдық, Алматы: 2019. – 563 б.) кітабы жарық көрді. Жобаны іске асыру барысында зерттеу нәтижелерін апробациялау мақсатында 6 ғылыми-практикалық іс-шара өткізілді: оның ішінде 5 дөңгелек үстел және 1 халықаралық конференция өтті.
  • Нұр-сұлтан қаласында ашық аспан астындағы оқу-ағарту саябағы салынады;
  • Қазақтың әдебиет саласындағы ұлы есімдердің шығармалары әлем тілдеріне аударылады;
  • Тарихи тұлғалар мен ұлы дала есімдерін танытатын деректі фильмдер мен кинолар жарық көреді;
  • Саябаққа енетін тұлғалардың есімдерін халық танып, ұлттық бірегейлік артады;
  • халықтың тарихи санасын қалыптастыру жолында іргелі зерттеулер жүргізіледі;
  • өңірлерді ұлы тұлғаларға арналған көшелердің есімдері беріліп, ескерткіштер бой көтереді;
  • тарихтағы тың деректер анықталып, тарихи сана жаңғырады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет