Қарастырылатын негізгі сұрақтар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#2924
1   2   3   4   5   6

 

Қарастырылатын сұрақтар: 

Кумир және идеал. Жеке адам. Мінез-құлық стилі. Құндылықтар жүйесі. Жеке адам 

және қоршаған әлем . 

 

Идеал (

лат.


 idealis —  идея,  ұғым,  таным,  франц.  іdeal,  грек.  іdea  –  ой,  түсінік) — 

адам бойындағы асыл арманды, мақсатты білдіретін ұғым; талаптың, iс-әрекеттің жоғарғы 

мақсаты, белгiлi бiр нәpceнiң үздiк үлгici.  

Студенттердің  идеалына  ұнайтын  бейнелерге  келсек,  мұның  өзі  түрліше  кездеседі. 

Студенттердің идеалы көркем әдебиеттердегі кейіпкерлер, не өзінің жақсы білетін, жақсы 

көретін адамы да болуы мүмкін. Егер идеалы кейіпкерлер болса, осы тек бір кейіпкердің 

бейнесі  емес,  жинақты  бейне  түрінде  жүзеге  асуы  мүмкін.  Әр  кейіпкердің  ұнамды 

жақтарын  жинап,  біртұтас  жинақты  бейне  жасап,  кейін  соған  еліктейтіні  кездеседі. 

Еліктейтін бейне өзінің ұнататын адамы болса, барлық күшін, оның ісіне еліктеуге салып, 

ақылын, сөзін тыңдауға ұмтылады. Балаларда идеал - өзін-өзі тану және өзіндік шыңалуда 

қажеттілік  тудырады.  Идеал  түсінігін  дұрыс  қабылдау  қажет.  Тек  осы  жаста  ойдағы 

идеалға еліктеу процесі жүреді.  

Мұғалімдер  жоғары  адамгершілікті  идеалды  ұсынады.  Жеткіншектер  идеалында, 

мысалы қыздарда-қыздарға тән, ал ұлдарда-ұлдарға тән ортақ қыр және қасиеттер міндетті 

түрде  болуы  тиіс.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  түрткісі  ретінде  идеалдың  алатын  рөлі  ерекше. 

Жеткіншек өз-өзіне талдау жасауда жақсы немесе жаман екенін анықтап ғана қоймайды. 

Алдыңғы айтылғандарды қорытындылай келе, келесі нәтижеге келеміз: 

- жеткіншектік жастағы идеал, бұл өзін-өзі тәрбиелеудегі күшті түрткі; 

-  өзін-өзі  тәрбиелеуді  жақсы  ұйымдастырып  жеткіншек  алдында  идеалды  көрсетуде, 

ойластырып, дифференцияланған келіс болуы қажет

-  жеткіншектерді  өзін-өзі  тәрбиелеу  әдістері  үйретілмеген  жерлерде,  тұлғаның  даму 

процесі қиындайды. 

Жеткіншектің зиятты дамуы және адамгершілікті идеалының дамуы - өмір ережесі 

ретінде  анықталады.  Идеалға  ұмтылу  жеткіншектік  жастың  ерекше  белгісі. 

Адамгершілікті  идеал  адам  өмірінің  түрткісі  болып  саналады:  «біріншіден  баланың 

адамгершілікке  тырысуына  тұрақты  және  жиі  жүйе  құрайды,  екін-шіден,  егер  идеал 

саналы, түсінікті болса, онда жеткіншекке адамгершілік эталоны қасиеті ретінде болады. 

Адамгершілікті  идеалды  түсіну  әрқашанда  оның  әрекет-тілігін  көрсете  бермейді. 

Адамгершілік  идеал  жоғары  бағаланып,  таңдану  сезімін  тудырса,  көбінде  тұлғаның 

дамуына  әсер  етпейді.  Идеал  жеткіншек  дамуына  елеулі  әсер  етуі  үшін,  идеал  – 

абстрактілі, арман сияқты болмауы тиіс 

 

Мінез- құлық  стилі 



Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен 

сипатталады. Мінез деген  психологиялық  қасиеттің  төркіні характер деген  грек  сөзінен 

шыққан.  Оның  негізгі  мағнасы із  қалдыру деген  мағынаны  білдіреді.  Сондықтан  мінез 

дегеніміз  әрбір  адамның  жеке  басына  тән  даралық  ерекшілік  екенін  ғылым  тарихында 

алғаш  рет  сипаттап  жазған  ғалым  -  ертедегі  грек  философы  Теофраст.  Бірақ  ол  мінезді 

адамның 


адамгершілік 

сапасына 

тән 

қасиет 


деп 

көрсеткен. 

Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен 

жүйеге  келтірген.  Ол  мінезді  психологиялық  ерекшелік,  дара  тұлғаның  ақыл-ойы  мен 

сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік 

ерекшелігі  десе,  ал  орыс  медигі  әрі  психолог  П.Ф.Лесгафт,  ерік  қасиеті  деп  көрсеткен. 

И.Кант  мінезді  темпераментпен  салыстыра  отырып,  оны  адамда  жүре  пайда  болатын 

қасиет  деп,  туа  біте  пайда  болатын  қасиеттер  мен  әр  адамның  өз  өмірінде  жүре  пайда 

болатын қасиеттерді бөліп көрсетті. 


Поланның  айтуынша  мінездің  барлық  сипаттары  адамның  тіршілік  жағдайларына 

байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы 

уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез 

адамның  өмір  салтына  және  әлеуметтік  ортаның  ерекшеліктеріне  тәуелділігіне  ешкімде 

күманданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жаттын темперамент 

ерекшеліктері  арқылы  қарастырылады.  Темперамент  -  адамда  туа  пайда  болатын 

генотипті  организм  қасиеті.  Темперамент  адамның  жүйке  жүйесінің  типтері  арқылы 

анықталады.  Өйткені,  жүйке  жүйесі  типтерінің  сыр-сипаты  темперамент  типтерімен 

бірдей.  Мұның  екеуі  де  дара  адамның  бойындағы  өзгешеліктерін  сипаттайды.  Жүйке 

жүйесінің  типі  шыдамсыз  болса  -  холерик,  сергек  болса  -  сангвиник,  тыныш  болса  - 

флегматик,  әлсіз  болса  -меланхолик  болады.  Сондықтанда,  адамның  мінез-құлқы  оның 

темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді. 

Адамдар  түрлі  іс-әрекетпен  айналысады,  осы  іс-әрекетпен  айналысу  барысында 

оларда  белгілі-бір  мінез-құлық  пайда  болады.  Адамның  мінез-құлқын  түрлі  жағынан 

суреттеуге  болады.  Кез-келген  мінез-құлықтын  басы  мен  аяғы  болады.  Адамның  мінез-

құлық  детерминациясын  түсіндіру  үшін  мотивацияның  көптеген  психологиялық 

теориялары қолданылады.  

 

ҚҰНДЫЛЫҚ 



Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, 

басқа  адамның  құнды  қасиеттері.  Әр  нәрсенің  өз  құндылығын  білгенмен,  біз  өз 

құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.  

Ойланып  көріңізші,  сіздің  қандай  құндылықтарыңыз  бар?  Сіз  өзіңізді  ақылды, 

инабатты,  тәрбиелі,  парасатты,  адамгершілігі,  түсінігі  мол  және  т.б.  керемет  қасиеттерге 

ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. 

Сіз  ата-анаңызды,  туыстарыңызды,  достарыңызды,  туған  жеріңізді,  еліңізді, 

ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.  

Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, 

шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. 

Болмысыңыз  бен  пішініңіз,  сұлулығыңыз,  сымбаттылығыңыз  -  құндылықтың  бір 

түрі.  


Сонымен қатар, іске аспай  жатқан құндылықтар да  болады: үйлену, тұрмыс құру, 

ата-ана  болу,  өмірде  өз  орныңды  табу,  сыйлы  адам  болу,  тұлға  ретінде  мойындалу  да 

құндылықтар.  

Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз естісе, 

ескерту  алса,  анасының  жүрегі  жараланады,  ашуға  салынады,  айтқан  адамға  өмір  бойы 

ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар.  

Ал  енді  сол  реніш  пен  ашуға  келдік,  негізінде  осы  эмоциялар  басқаның  біздің 

құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам 

сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің 

қандай да бір құндылығыңызды жалмап өтуі мүмкін.  

Әр адам өз құндылығын анықтап алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала 

бастайды. Сол кезде адамды кешіру де жеңілдейді.   

Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге 

ренжіді.  Неге?  Өйткені,  ол  үшін  оның  шығармасы  оның  құндылығы.  Ол  оған  жанын 

салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, 

ол  сол  құндылығына  тағы  бір  назар  аударып,  оны  жақсарту  үшін  тағы  жұмыс  істеу 

керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты. 

Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп 

жүре  беруге  болмайды.  Құндылығыңыздың  кем-кетік  тұстарын  анықтаңыз,  ол  әлі  де 

жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды 

кешіріңіз. 


Дәріс-8 Қазіргі жастардың адамгершілік идеялары 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

Күнделікті  өмірдегі  мейірімділік  және  құрмет  түсінігі.  Қазіргі  жастардың 

құқықтары мен міндеттері. Адамдық қатынастардың құндылықтары 

 

Тұлға  сана  мен  мінез-құлықтың  қоғамдық  формаларын  игеруі  негзінде 



қалыптасады.  Адамгершілік  сана  деп  –  кеңес  ғылымында  адамдардың  өзара  қарым-

қатынастарын,  олардың  қоғамдық  іске,  қоғамға  қатынастарын  реттеп  отыратын, 

адамгершілік  принциптері  мен  нормаларының  адам  санасында  бейнелеуін  түсіндіреді. 

Балаға өзі үшін жаңадан пайда болған ситуаияда мінез-құлық тәсілдерін таңдау кезіндегі 

бағдарлар  ретінде  адамгершілік  түсініктердің  үлкен  көлемі,  адамгершілік  білімдердің 

қоры қажет. Бірақ адамгершілік түсініктерді игеру, адамгершілік сананы қалыптастыруда 

және  дамытуды  маңызды  рөл  атқара  отырып,  өзінен  өзі  адамгершілік  мінез-құлықты 

қамтамасыз ете алмайды. 

Үлкендердің  тәрбиесін  жеткін-шектерге  саналы  түрде  жеткізу  керек.  А.  Харче 

дұрыс  айтқан  екен,  жастардың  «психологиялық  терри-ториясында»  байланыс  орнату 

керек.  Оған  өзін  көрсетуге  көмектесіп,  соған  жағдай  жасау  керек.  А.  Власкинаның  ойы 

бойынша  егер  оны  жұмыспен  қызықтыратын  болсақ,  мүмкін  ол  жұмысты  табыспен 

орындауы мүмкін. Жастардың моральды психологиялық бейнесінің қарама-қайшы келуі, 

оның  әке-шешесі  және  тәрбиешінің  тарапынан  талап-тарының  сәйкес  келмеуі. 

Кейбіреулері асыра бағаласа, ал екіншілері оның мүмкіншіліктерін мүлдем бағаламайды.  

Күнделіктігі өмірдегі мейрімділік және құрмет түсінігі. 

Мейірімділік —  адамның  өзге  біреуге  жылылығын,  ізгі  ниеті  мен 

лебізін


 білдіру 

көрінісі.  Мейірімділік  адамдар  арасындағы 

сыйластық

,  кең  пейілділік,  жанашырлық,  ізгі 

ниет  секілді  қасиеттерге  негізделеді.  Мейірімділік  адамның  жоғары  адамгершілік  белгісі 

ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі 

үшін  қажетті  аса  маңызды  қасиеттің  бірі  болып  саналады.  “  Мейірімділік,  махаббат, 

қайырымдылық,  адалдық  секілді  ақ  жүректен  шығады”  (

Шәкерім

).  Қазақтың  дәстүрлі 



әдеп  жүйесінде  мейірімділік  адамдар  арасындағы  адамгершілік,  ізгілік  пен 

ізеттілік, 

имандылық

 пен 


инабаттылық

 секілді  асыл  қасиеттермен  үндестік  тапқан. 

Ж.Баласағұн  “кір  тигізбей  ұста  ойыңның  өресін,  мейірім  етсең  —  мейірімділік  көресің” 

деп, мейірімділікке зор мән берген. 

         Қайырымдылық  -  мейірімділіктің  іс  жүзіндегі  бір  көрінісі.  Қайырымдылық  - 

мүдделі,  кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау. Қазіргі заманда 

байыған  дамдар  «қайырымдылық  қауымдастығын»  ұйымдастырып,  сол  арқылы  жеке 

адамдарға,   әрі  асса,   бүкіл   елге  қайырымдылық  жасайды.  Халқымыз  көмекке 

мұқтаж   адамға  көмек  көрсетіп,   қайырымдық  жасау,  кіріптарға  қайыр  беру,  қарттарды 

аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды  адамның адамгершілік борышы деп 

есептейді. Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі    ретінде құрылған    «Бөбек»  қоры. 

«Бөбек»  қорының  президенті  Сара   Алпысқызы  Назарбаева  еліміздегі    көмекке  мұқтаж 

балаларға қол ұшын беріп,  аялы алақанына ұсынуда.  «Адам баласы өзінің  жан  дүниесін 

қайырымдылық  пен  қайғыны  түсіне  біліу  қасиеттерімен  нығайтып,   шынайы  өмір    сүре 

білу  керек»  деген  сөзінде  шынайы  адам  баласына  деген  жанашырлықтың   ең  басты 

құндылықтарымыз  екендігін   жеткізеді.   «Бөбек»  қоры  балаларды   демалыспен 

қамту,  сауықтыру орынында жылына көптеген балалар жоғары дәрежеде дем алып, оқып 

білім  алып,  емделіп    келеді.   Қайырымдылық   жылу  беру,   сыйлық  ұсыну,  демеуші 

болу,   сый-сыбаға  тарту,  көрімдік,  байғазы    бәсіре  т.б   жөн   –жоралғылар  арқылы  іс 

жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады. Бір 

сәтсіздікке,  ауыр  жағдайға  ұшырып,  басқаларға  іріптар,  көмек  қажет  еткен  адамға  жұрт 

жиып беретін көмек - жылу деп аталады.   



     Өмір  заңдылықтарына  айқын  сеніммен  қарап,   адамгершілік   рәсімдері  мен  уәждерін, 

міндеттері  мен   мақсаттарын   бұлжытпай   орындайтын  ақ   ниетті,   адал  жүректі,  көпшіл 

адамды   –   иманды   адам  дейміз.  Иманды   адам-  айналасындағыларға  және  бүкіл 

адамзатқа   тек   жақсылық  ойлап,  оларға   мейір-шапағатын  төгіп  ,  жанашырлық, 

қамқорлық жасауға әзір  тұрады,  әркімге әдеппен,  ізетпен  ,инабатпен  қарайды.  

Сондықтан  да  иманды  адамды бет бейнесінен танып,  халық оны  иман жүзді адам дейді. 

«Тура   биде  туған   жоқ,   туысты  биде  иман  жоқ»  деп   халық  иманды   адамның 

әділетті, шыншыл  болатынын  уағыздайды.  

 Халқымыздың   қонақжайлылығы.   кең  пейілділігі,көпшілігі,   дос   көңілділігі-әлеуметтік 

имандылықтың  белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп иманды адам болу- адамдық 

борыш.  Иманды  адам  мейірімді  болады.   Мейірімділік-адам  бойындағы  қасиетті 

сезім.   Ата   мейірімі,   әке  мейірімі,  ана  мейірімі,   отбасындағы  адамдардың   бір-біріне 

деген  мейірім–шапағаты-әдептік   әсем  құбылыс,   түйсікті  баурап  алатын   түсінік, 

ұлағатты   ұғым,   адамгершіліктің  асқар   шыңы.  Мейірім  адамның  мерейі  үстем  болуы 

үшін,  ол   ойлаған  жақсылық,   әсерленген  әдептілік,   жақсы  көрген  адамдарының  жан 

саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс. Халқымыз ұрпағын  мейірімділікке 

тәрбиелеп,  қатігездіктен қағып, қаталдықтан сақтандырып отырған.   

 

Қазіргі жастардың құқықтары мен міндеттері 

Осы 

Заңда 


мынадай 

негiзгi 


ұғымдар 

пайдаланылады: 

      1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi 

азаматтары; 

      2) жас отбасы  - ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы 

не жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың бiреуi, соның iшiнде ажырасқан, тұл қалған 

еркек  (жесiр  әйел)  балаларды  (баланы)  тәрбиелейтiн  толық  емес  отбасы; 

      3) мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға 

бағытталған  әлеуметтiк-экономикалық,  саяси,  ұйымдастырушылық  және  құқықтық 

шаралар 


жүйесi; 

      4) жастарға арналған әлеуметтiк инфрақұрылым  - жастар  тіршiлiгiн қамтамасыз ету 

үшiн  қажеттi  объектілер  (үйлер,  құрылыстар,  ғимараттар),  сондай-ақ  жастардың 

денсаулығын  сақтау,  оларға  бiлiм  беру,  оларды  тәрбиелеу,  әлеуметтiк  бейiмдеу,  дене 

тәрбиесi,  рухани  және  имандылық  жағынан дамыту,  жұмыспен  қамтылуын  қамтамасыз 

ету 


жөнiндегi 

қызметтi 

жүзеге 

асыратын 



ұйымдар 

жүйесi; 


      5) жастарға арналған әлеуметтiк қызметтер - жастарға медициналық, психологиялық-

педагогикалық,  құқықтық  қызметтер  мен  материалдық  көмек  көрсету,  олардың 

әлеуметтiк  бейiмделуiне  және  оңалуына  жәрдемдесу  жөнiндегi  ic-шараларды  жүзеге 

асыратын 

коммерциялық 

емес 


ұйымдар; 

       6)  жастар  ұйымы  -  негiзгi  мақсаты  әлеуметтiк,  мәдени,  бiлім  беру мiндеттерiн  және 

жастардың  құқықтарын,  заңды  мүдделерiн  қорғауға  бағытталған  өзге  де  мiндеттердi 

шешу, рухани және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру болып табылатын, мүшелерi 

(қатысушылары)  жастар  өкiлдерi  болып  табылатын 

заңды  тұлғалар  қауымдастығы 

(одағы)



қор



,  сондай-ақ 

қоғамдық  бiрлестiк

 нысанында  құрылған  коммерциялық  емес, 

мемлекеттік 

емес 

ұйым; 


      7) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi  - уәкiлеттi орган) - 

берiлген  өкiлеттiктер  шегiнде  мемлекеттiк  жастар  саясатын  үйлестiрудi  және  iске 

асыруды жүзеге асыратын 

орталық атқарушы орган



Адамдық қатынастардың құндылықтары 

      Әдетте  құндылық  деген  сөзді  естігенде  ойыңызға  не  келеді?  Құнды  заттар,  құнды 

ақпарат,  басқа  адамның  құнды  қасиеттері.  Әр  нәрсенің  өз  құндылығын  білгенмен,  біз  өз 

құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.  

      Ойланып  көріңізші,  сіздің  қандай  құндылықтарыңыз  бар?  Сіз  өзіңізді  ақылды, 

инабатты,  тәрбиелі,  парасатты,  адамгершілігі,  түсінігі  мол  және  т.б.  керемет  қасиеттерге 

ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады. 


       Сіз  ата-анаңызды,  туыстарыңызды,  достарыңызды,  туған  жеріңізді,  еліңізді, 

ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары. 

       Сіздің  үйіңіз,  материалды  жағдайыңыз,  жұмысыңыз,  айналысатын  ісіңіз,  хоббиіңіз, 

шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында. 

Болмысыңыз  бен  пішініңіз,  сұлулығыңыз,  сымбаттылығыңыз  -  құндылықтың  бір  түрі. 

Сонымен қатар, іске аспай жатқан құндылықтар да болады: үйлену, тұрмыс құру, ата-ана 

болу,  өмірде  өз  орныңды  табу,  сыйлы  адам  болу,  тұлға  ретінде  мойындалу  да 

құндылықтар.Аналар үшін баласы үлкен құндылық. Сол себепті баласы жайлы жаман сөз 

естісе,  ескерту  алса,  анасының  жүрегі  жараланады,  ашуға  салынады,  айтқан  адамға  өмір 

бойы ренжіп, ашуланып, тіпті төбелесуге дейін баратындар бар. 

Ал  енді  сол  реніш  пен  ашуға  келдік,  негізінде  осы  эмоциялар  басқаның  біздің 

құндылықтарымызға тіл тигізгенінен болады екен. Мұны біз ешқашан ойланбаймыз. Адам 

сенің ашуыңа тиді, ренжітті, аяғында ұрсып тыңдыңдар. Ал негізі ойлана келсек, ол сіздің 

қандай  да  бір  құндылығыңызды  жалмап  өтуі  мүмкін. Әр  адам  өз  құндылығын  анықтап 

алған кезде реніштің қайдан шығатыны анықтала бастайды. Сол кезде адамды кешіру де 

жеңілдейді.  

Мысалы, сіз бір адамның шығармашылығын сынға алдыңыз. Ол азар да безер болып, сізге 

ренжіді.  Неге?  Өйткені,  ол  үшін  оның  шығармасы  оның  құндылығы.  Ол  оған  жанын 

салды. Ал сізге бұл тіптен құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, 

ол  сол  құндылығына  тағы  бір  назар  аударып,  оны  жақсарту  үшін  тағы  жұмыс  істеу 

керектігін түсінуі керек. Бұл өмірде болатын т.б. реніштер мен ашуларға да байланысты. 

Адам бойында мыңдаған құндылық бар. Бірақ біреу менің құндылығыма тиісті деп ренжіп 

жүре  беруге  болмайды.  Құндылығыңыздың  кем-кетік  тұстарын  анықтаңыз,  ол  әлі  де 

жөндеуді талап ететін шығар, немесе құндылығыңыздың кішкене бағасын түсіріп, адамды 

кешіріңіз.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс 9. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:  

Педагогтың идеалды бейнесі -кәсіби өзін-өзі тану мен өзіндік дамуының бағдары, 

педагогикалық іс- әрекеті жетістігінің шарты ретінде. Кәсіби даму кезеңдері. Педагогтың 

жекелік дамуы. Ұстаз және мұғалім, мұғалімнің жекелік сапалары. 



 

Педагогтың идеалды бейнесі-кәсіби өзін-өзі тануы. 

Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай-лар 

білім  беру  жүйесінде  міндеттерді  ше-шудің  тиімді  тәсілдерін  іздестіру  қажетті-лігін 

тудырып  отыр.  Білім  беру  сапасын  арттыру  Қазақстанның  ғана  емес  дүние-жүзілік 

қоғамдастықтың өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешуі білім беру 

мазмұнын  модернизациялауды,  білім  беру  үрдісін  ұйымдастыру  тәсілдері  мен 

технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–

елегінен  өткізуді  талап  етеді.  Қоғамымыздың  болашағы,  дұрыс  бағытта  дамуы  жас 

ұрпақтың  іс-әрекетіне,  тәлім–тәрбиесіне,  сана–сезіміне,  дүниетанымына  тікелей 

байланысты.  Сондықтан  да  ұрпақ  тәрбиесі  мен  білімі  мәселесі  кезек  күттірмейтін, 

егеменді еліміздің болаша-ғын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті 

шешу педагогтың енші-сінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын 

сеніп  тапсырып  отыр  және  одан  жоғары  жауапкершілікті  талап  етеді.  Осындай  күрделі 

мәселенің  шешімін  табу  жолында  педагогика  ғылы-мының  көптеген  ғалымдары  талмай 

ізде-ніп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер 

енгізуде.  Ал  педагогтар  болса,  өз  педагоги-калық  іс-әрекетінде  сол  жаңалықтарды, 

инновациялық  технологияларды,  әдіс–тә-сілдерді  жете  ұғынып,  тәжірибеде  ұтымды 

қолдана білулері керек. 



Педагогтың идеалды бейнесі 

      Қазіргі  заман  педагогтың  кәсіби  іс  -  әрекетінің  табысты  болуы  көбінесе  идеалды 

бейнесіне    байланысты,  яғни  ол  идеалды  болу  арқылы  өз  имеджін  қалыптастырады. 

Бұл  орайда  тілге  тиек  болатыны,  педагогтардың  біліктілігінің  төмендігі,  шәкірттермен 

арадағы педагогикалық әдептілік негіздері қарым - қатынастардың қажырлығы және оның 

барлық уақытта сақтала бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән педагогтық қарым  - қатынас 

әрекетінің  мәні  мен  мазмұнын  ашып,  ұстаздарға  оның  негізгі  сапаларын 

қалыптастыруымыз қажет. Ұстаздардың арасында айналасындағыларға өзі туралы жақсы 

әсер қалдыруды маңызды санамайтындар да бар. Тіпті, кейбір педагогтар идеалды болуды 

маңыздылығына  сенбейді.  Басқа  мамандық  иелеріне  қарағанда  мұғалім  мамандығы 

ерекше,  ол  әрдайым  үлкен  аудитория  ішінде  және  көпшілік  көз  алдында. 

 

Сонымен идеалды бейне – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, 



өзіңіз  туралы  жақсы  пікір  қалыптастыру  жолы.  Әлемдік  өркениеттің  стандарттарын 

ұсынатын  американдық  психологтардың  пікірінше,  тамаша  табыс  феномені  –  адамның 

кәсіби  іс-әрекетінде  идеалды  болуы,  оның  карьерасымен  тікелей  сабақтас. 

Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби 

мамандығын  жан  -  жақты  меңгерген  педагог  қана  жоғары  бағаланып,  әріптестері  мен 

шәкірттерінің  ыстық  ықыласына  бөленбек.  Жалпы,  адамдардың  85%-  ы  бізбен  танысқан 

алғашқы  бес  секундта  қалдырған  сыртқы  әсер  бойынша  баға  береді  деп  есептелінеді. 

Сол себепті педагогқа өзін көрсете білу, ұнау, өзі туралы жақсы пікір қалдырудың маңызы 

зор 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет