Қарастырылатын тақырыптар


Са5Ғ(РО4)3 +7Н3РО4+5Н2О=5[Са(Н2РO4)2 . Н2O]+НҒ+Q



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі7,73 Mb.
#23042
1   2   3
Байланысты:
8 апта ҚБ

Са5Ғ(РО4)3 +7Н3РО4+5Н2О=5[Са(Н2РO4)2 . Н2O]+НҒ+Q

Өндірілген суперфосфат құрамында 40-50% Р2О5 болады, яғни жоғары сапалы тыңайтқыш.



Термофосфат. Фосфатты сілтілік металдардың тұздарымен, 1100-1200о С температурада қыздырса, құрамында CaNaPO4 немесе басқа сол сияқты тұз түзіледі. Осы түзілген заттар термофосфат деп аталады. Термофосфат қасиеттері және өсімдікке сіңімділігі жағынан суперфосфаттан кем емес. Термофосфатты алғаш академик А.Б.Бектұров бастаған бір топ ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде алды.

2Са3(РО4)2 +SiО2+2Na2SО3=4NаCaРO4 +Са2SiО4+2CO2

 Термофосфат құрамында 20-35% P2О5 болады, оны көбінесе

қышқыл топыраққа қолданады.

фосфорит шикізатынан тыңайтқыш өндіру технологиялық процесі

«Қазфосфат»

Азот тыңайтқыштары. Азот тыңайтқыштарының ішінде қазіргі кезде көп таралған карбамид (мочевина) - оңай еритін, түссіз кристалды зат, өте құнды тыңыйтқыш, кұрамында өсімдікке жеңіл сіңірілетін 46% азот бар. Аммиак селитрасына қарағанда карбамидтің көптеген физикалық қасиеттері әлдеқайда жақсы. Агрохимиялык сапасы барлық қатты азот тыңайтқыштарынан басым, топырақ құрамында ұзақ уақыт сақталады. Өсімдіктерге тамыры және жапырақтары арқылы сіңеді. Өзіндік құны төмен.

Карбамид өндіруге шикізат ретінде аммиак және көміртек диоксидін қолданады. Карбамид синтезі екі сатыдан тұрады.

Бірінші сатыда карбамид қышқылының аммоний тұзы (карбамат) түзіледі:

2NH3+CО2 →NH2COONH4+159 кДж (1)

Әрі карай карбамат дегидратацияланып карбамид түзеді.

NH2COONH4 → (NH2)2CO+H2О-285 кДж (2)

Карбамид синтезі гетерогенді (Г-С) системадағы процесс, кинетикалық аймақта жүреді. (1) -ші реакция оптималды жағдайда толық және жылдам жүреді. (2) - ші реакция баяу, толық жүрмейді, тек сұйық фазада ғана жылдамдайды.

Карбамид шығымын арттыру үшін температурамен қатар қысымды жоғарылатып аммиактың мөлшерін стехиометриялық шамадан артық алу керек. Өндірісте карбамидті синтездеуге 180-200°С, қысым 18-20МПа және аммиак 100% артық алынады.

Карбамид шығымы 60-70%. Өндірістің экономикалық көрсеткішін көтеру үшін реакцияласпаған аммиак және көміртек диоксиді басқа өнімдер өндіруге жұмсалады немесе қайтадан процеске жіберіледі.

Калий тыңайтқышы. Калий тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи калий тұздарын және өсімдіктердің күлін қолданады.

Негізгі шикізат ретінде минерал сильвинит (mKCl+nNaCl) құрамында 14-18% К2O болады және каолинит (КCl . MgCl . 6Н2О) қолданылады. Сильвинит құрамында 23-30% КCl, 65-70%NaCl болады. Осыдан КCl-ды бөліп алып тыңайтқыш peтінде қолданады.

Сильвиниттен калий хлоридін екі әдіспен алады: галургия

немесе бөлек кристаллизациялау әдісі. Бұл әдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты әр түрлі ерігіштігіне негізделген.

0-ден 100°С-қа дейін NaCl-дың ерігіштігі өзгермейді, ал KCl-дың ерігіштігі температура өскен сайын артады. 26°С -та КCl мен NaCl ерігіштігі бірдей болады. Егер 100°С-та ерітсе КCl, NaCl-дан екі еседей көп болады. Салқындатса, тек КCl кристалданады.

Флотация әдісі. Бұл әдіс минералдар сильвинит КCl және галит

NaCl - дың судағы жұғу- жұқпау қасиеттеріне негізделген.



Флотация қалыпты температурада минералдардың қанықан ертіндісінде жүреді.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ

Зейін қойып

тыңдағандарыңызға

көп рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет