2. Кешенді тапсырма «Дүниежүзілік мұхит ластануда»
1 – тапсырма
Тапсырма сипаттамасы:
Ғылыми білім саласы: Ғаламдық мәселелер
Құыреттілік: ақпаратты бағалау
Мәнмәтін: қоғамдық
Танымдық деңгейі: төмен
Ғылыми білім түрі: рәсімдік білім
Жауап формасы: бірнеше дұрыс жауабыбар тапсырма
Дүниежүзілік мұхит ластануда
Дүниежүзілікмұхит 3 миллиард адамның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Мұхит климаттың өзгеруінен бастап оның суларының ластануы, жағалаудағы тіршілік ету орталарының бұзылуы және шамадан тыс балық аулау сияқты түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Өмірі мұхитпен байланысты тірі жаратылыстардың көптеген басқа түрлері құстар, теңіз тасбақалары, маржандар және басқалар қауіпке ұшырайды.БіріккенҰлттарҰйымының баяндамаларының бірінде: «Мұхиттардың жағдайы ешқашан қазіргідей қауіп төндірген емес», - делінген.
https://news.un.org/ru/story/2019/06/1356941
Дүниежүзілік мұхиттағы өзгерістер
Пластмассаны пайдалану қарқыны жаһандық экологиялық апатқа алып келді. Мұхитқа жыл сайын 13 миллион тоннаға жуық пластик шығарылады. Пластмассадан жасалған бұйымдардың көпшілігі ғасырлар бойы ыдырамайды. Ал ыдырауы мүмкін заттар ақыр соңында балықтар және басқа мұхит тұрғындары жейтін ұсақ бөлшектер - микропластикаларге айналады. Бұл көбінесе олардың ауруына және өліміне әкеледі.
Кейбір сарапшылар 2050 жылға қарай мұхиттардағы пластикалық қалдықтардың мөлшері балық ресурстарының көлемімен теңеседі деп санайды. Жер шарындағы ғаламдық жылынудан туындаған мұхиттардағы судың көтерілуі нәтижесінде көптеген елдердің жағалау аймақтары су астында қалады. Климаттың жылынуының тағы бір салдары - мұхиттағы судың орташа температурасының жоғарылауына, яғни Дүниежүзілік мұхиттың кейбір аудандарындағы маржан рифтерінің бұзылуына және өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылуына алып келеді.
«Дүниежүзілік мұхиттағы өзгерістер?» мәтінінде айтылған мұхитта болатын өзгерістерді қандай тұжырымдар растай алады?
Сұраққа жауап беру үшін бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын белгілеңіз.
1)Экологтар он мыңдаған құстар, киттер, итбалықтар, теңіз тасбақалары мұхиттағы ыдырамаған пластикалық қалдықтарды жегендіктен өледі деп есептейді.
|
|
2) В ХХ ғасырда Дүнниежүзілік мұхиттағы су деңгейінің көтерілуі 10-20см болды, ал XXIғасырда мамандардың айтуынша 1м-ге дейін болуы мүмкін.
|
|
3) Дүниежүзілік мұхиттатіріорганизмдердіңкөптегентүрлері бар, оларалуантүрліжәнетаңғажайып.
|
|
4) Мұхиттардағы су температурасының көтерілуі әлемдегібалықшаруашылығының 5% -ғадерліктөмендеуінеалып келді.
|
|
5)Дүниежүзілікмұхиттың ең терең нүктесі Мариана бұғазындағы Челленджер тұңғиығының тереңдігі 11034 м.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |