Сұрақ 1 Ауаның негізгі салмағы жер бетінің төменгі таяу қабатына түседі. Атмосфераның бүкіл салмағының жартысы 5 км биіктікке дейінгі қалыңдығына тура келеді, сондықтан ауаның қысымы биіктік бойынша өзгереді.
Асқар ата-анасымен Астана қаласына ұшақпен баруды жөн көрді.Ұшақ әуежайдан көтерілерде стюардесса жер бетіндегі атмосфералық қысым 750 мм екендігін хабарлады. Ұшақ 5000 м биіктікке көтерілгенде Асқар ұшақ сыртындағы атмосфералық қысым енді қанша болды екен деп ойлады.
Асқарға көмектесіңіз, ұшақ сыртындағы қысымды анықтаңыз және қорытынды шығарыңыз.
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жер бетіндегі ауа қысымы 750мм, 5000 м биіктіктегі ұшақ сыртындағы ауа қысымын анықтау арқылы келесі қорытындылардың қайсысын дұрыс деуге болады?
Сұрақ 2 Ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1кг 33г салмақ түсіреді.Орта бойлы адам шамамен 15 000 см² , оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т-дан астам. Неліктен біз мұндай қысымды сезбейміз?
А. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе-тең келеді.
В. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан артық келеді.
С. Біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымынан кем келеді.
Д. Біздің денеміздің ішкі қысымы мен сыртқы атмосфера қысымының арасында ешқандай байланыс жоқ
3.Экологиялық ахуалдың нашарлауы ірі қалаларда ауадағы таза оттегі мөлшерінің 10-12%-дан артпауына алып келді.
Ауадағы таза оттегі мөлшері қанша пайызды құрағанда қалалықтар экологиялық ахуалдың жақсарғанын көріп,сезінеді?
А. 100%
В. 51%
С. 21%
4.Атмосфералық жауын-шашын Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ.
Сіз күз бен көктемде кей күндері мектепке келе жатып жер бетін қырау шалғанын, кей күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады?