Архаикалық кезең



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.11.2023
өлшемі1,96 Mb.
#121618
  1   2   3   4


Архаикалық кезең(б.з.д 7-6 ғ.ғ.)
Ежелгі Грекия


Бүгін талқылаймыз:
Архаикалық
кезең
Мүсін өнері
Ежелгі Грекия
құдайлары


Архаикалық кезең
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі VII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VII-VI
ғасыр аралығын қамтиды. («Архайос» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің
жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-
қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси
оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі. Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар
тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады,
металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы
гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. 
Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен
байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы,
олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала
тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына
шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет