Архивтік нұсқа Редакциялау күні


-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата13.04.2023
өлшемі445,96 Kb.
#82165
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
7833 kaz 20151204 20230412

26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Судьяның тәуелсiздiгi:
1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;
2) судьяның сот 
iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны 
төрелiгiн
үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық 
белгiлеумен;
3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;
4) 
және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны 
Конституцияда
қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру 
тәртiбiмен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес 
материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны 
нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң 
қорғауында болады.
Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның 
отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз 
етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi.
Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген 
зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 
бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi
1. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс 
жасаған жағдайлардан басқа кезде, судьяны Жоғары Сот Кеңесінің 


Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, 
ал Конституцияның 55-бабының 
көзделген жағдайда Қазақстан 
3) тармақшасында
Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, 
үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалау 
шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп сотқа дейінгі 
тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелгеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-
тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана 
жалғастырылуы мүмкін. Судья қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса 
ауыр қылмыс жасауға дайындалу немесе оқталу фактісі анықталған не ол ауыр 
немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-
тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімін алғанға дейін, 
бірақ бір тәулік ішінде оны міндетті түрде хабардар ете отырып, жалғастырылуы 
мүмкін. Судьяға қатысты арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын 
тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген 
тәртіппен прокурордың санкциясымен жүргізілуі мүмкін.
3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен 
куәлiк берiледi.
Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01 
 
бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 232-V (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
28-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V 
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет