Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
5. Жергілікті және басқа соттардың төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң
кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге
тағайындайды.
6.
Алынып тасталды - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу
тәртібін 2-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен.
7. Жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен сот алқаларының
төрағалары, Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары
өкiлеттiк
мерзiмi аяқталғаннан кейiн, егер олар тиісінше басқа соттағы осындай
лауазымға тағайындалмаған немесе сайланбаған болса, тиiстi соттың судьясы
өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.
Тиiстi сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда басқа
соттағы осындай лауазымға тағайындалмаған жергілікті және басқа соттардың
төрағалары
мен сот алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен тең дәрежелi
немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына
конкурссыз тағайындауға
ұсынылады.
Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда
осындай лауазымға тағайындалмаған Жоғарғы Соттың Төрағасы мен сот
алқаларының төрағалары, олардың келiсiмiмен төмен
тұрған сот судьясының бос
лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.
8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған, тиісті сот
судьяларының саны азайтылған кезде осы соттың судьялары олардың келiсiмiмен
тең дәрежелi немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз
тағайындауға ұсынылуы мүмкiн.
9. Осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4)
тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша лауазымынан босатылған
жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары,
Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының
төрағалары тиісті сот
судьясының өкілеттігін жүзеге асыруды жалғастырады.
Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда
жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары
олардың келісуімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос
лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.
Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики
Казахстан в электронном виде
Жоғарғы Сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда
Жоғарғы Соттың Төрағасы және сот алқаларының төрағалары олардың келісуімен
төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындауға
ұсынылады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-
баптан қараңыз), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: