Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің
эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк
нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруға
кедергi келтiретiн ауруларының жоқтығын растау үшiн оған медициналық
куәландыру жүргiзiледi.
2. Судьяның кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiретiн
аурулардың тiзбесi Жоғарғы Соттың, жергілікті
және басқа да соттардың
қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі уәкілетті органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi
органның бiрлескен нормативтiк құқықтық актiсiмен
.
белгiленедi
Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР
2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29
N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
30-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
30-бап. Соттың судьясы, төрағасы, сот алқасының төрағасы лауазымына
кандидаттарды іріктеу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16
(алғашқы
N 559-IV
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Конституциялық заңымен.
1. Судья
қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына,
діни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең
құқық қамтамасыз етіледі.
2. Жергілікті және басқа соттардың судьялары қызметінің бос
орындарына кандидаттар іріктеуді Жоғары Сот Кеңесі бос орынға орналасуға
өтініш берген және осы Конституциялық заңның 29-бабының
талаптарына сай
келетін адамдар арасынан конкурстық негізде жүзеге асырады.
Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Жоғары Сот Кеңесі конкурстың нәтижелері
бойынша жергілікті және
басқа соттардың судьялары қызметінің бос орындарына кандидаттарды қызметке
тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады.
3. Аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидатураны тиісті
облыстық соттың жалпы отырысының шешімі негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы
енгізген ұсыну бойынша Жоғары Сот Кеңесі баламалы негізде қарайды.
Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары
төрағаларының,
Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьяларының бос
лауазымдарына кандидатураларды Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі
негізінде Жоғарғы Сот Төрағасы енгізген ұсыну
бойынша Жоғары Сот Кеңесі
баламалы негізде қарайды.
Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатуралар, әдетте,
жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл
жұмыс өтілі бар адамдардың арасынан ұсынылады.
Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының бос
лауазымдарына кандидатуралар, әдетте, жұмыс істеп жүрген судьялардың немесе
судья лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтілі бар адамдардың арасынан
ұсынылады.
Бұл
ретте аудандық сот төрағасының, облыстық соттардың төрағалары
мен сот алқалары төрағаларының, Жоғарғы Сот судьяларының және сот алқалары
төрағаларының лауазымдарына кандидаттарды іріктеу кезінде кадр резервінде
тұрған адамдарға басымдық беріледі.
Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасы лауазымына кандидат
Жоғарғы Сот судьяларының арасынан ұсынылады.
Жоғары Сот Кеңесі жергілікті және басқа да соттар төрағаларының, сот
алқалары төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос
лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.
Жоғарғы Соттың Төрағасы лауазымына кандидатураны Жоғары Сот
Кеңесі қарайды.
Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының, судьясының бос
лауазымдарына кандидаттарды Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына
ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 559-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық
заңдарымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-бөлімді 30-1-баппен толықтыру көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
31-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: