Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің
эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
РҚАО-ның ескертпесі!
35-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 04.12.2015 № 437-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
1. Мінсіз беделі, кемінде он бес жыл судьялық жұмыс өтілі бар
судьяның судья атағын, судьялар
қоғамдастығына тиесілігін, жеке басына
тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де
материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, лауазымынан
құрметпен кету нысанында өкілеттігін тоқтатуы орнынан түсу болып табылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында қызметтен босату судьяның орнынан
түсу туралы жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
2. Судья орнынан түскен кезде судьялық
жұмыс стажы жиырма және
одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерiнде,
судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейiн болса, он сегiз айлық
лауазымдық айлықақы мөлшерiнде оның соңғы лауазымы бойынша бiржолғы
шығу жәрдемақысы төленедi.
РҚАО-ның ескертпесі!
35-бапты 2-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 31.07.2015 № 341-V
Конституциялық заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Судьяның орнынан түсуі:
ол қылмыс жасаған немесе сот билiгiнiң
беделiне нұқсан келтiретiн
терiсқылық жасаған;
өз тiлегi бойынша;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;
ол қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот
шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.
Архивтік нұсқа
Редакциялау күні
04.12.2015
Сақтау күні
12.04.2023
Дата редакции
04.12.2015
Дата скачивания
12.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Судья кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, коммерциялық ұйымның
басшы органының немесе байқау кеңесiнiң құрамына кiрген,
оқытушылық,
ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетiн қызметке
тұрған жағдайларда оның орнынан түсуі тоқтатыла тұрады.
Судьяның орнынан түсуін тоқтата тұруды Жоғарғы Сот Төрағасы
жүзеге асырады.
Егер судьяның орнынан түсуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға
негіз болған мән-жайлар жойылса, судьяның орнынан түсуі қалпына келтіріледі.
4. Судья орнынан түсуi тоқтатылған жағдайда жеке басына тиiспеушiлiк
кепiлдiгiнен және
осы Конституциялық заңның
және
51, 53
55-баптарында
көзделген кепiлдiктерден айырылады.
Судьяның орнынан түсуі тоқтатыла тұрған жағдайда жеке басына
тиіспеушілік кепілдігімен осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-
баптарында көзделген кепілдіктердің қолданылуы да тоқтатыла тұрады.
5. Орнынан түсуді тоқтату судьяны орнынан түсуіне байланысты
лауазымнан босатудың сол тәртібімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.11 N 199 (2007.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен, өзгерістер енгізілді -
2008.11.17 N 80-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.29
N 370-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 559-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 N 245-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: