Қарым қатынас кезіндегі әлеуметтік психологиялық Әсер ету амалдары



Дата28.11.2023
өлшемі2,46 Mb.
#130947

ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС КЕЗІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АМАЛДАРЫ
Әл - Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық
Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Мейірханова Мадина
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі — қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас түрлері мен формалары бойынша әр алуан. Тура, жанама, тікелей, біреу арқылы (тікелей емес). Алғашқысы тікелей қарым-қатынас, соның негізінде тікелей емес қарым-қатынас пайда болады.
Тікелей емес қарым-қатынас — жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық контакт.
Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әртүрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді.
Қарым-катынас әрі қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адамаралық қарым-қатынас — топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі.
Көпшіліктік қарым-қатынас — көшпе түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық төжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан — жақты шындық.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ
функциялары
Қарым-қатынас, құрылымы және
функциялары
Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам
мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы.
Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік
байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін
ұйымдастыру;
3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және
соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.
Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:
• қарым-қатынас мазмұны,
• қарым-қатынас мақсаты
қарым-қатынас құрамы
ЖАЛПЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЭМОЦИЯСЫ МЕН СЕЗІМДІК КӨРІНІСТЕРІН
екі түрге бөліп қарастыруға болады:
КОНЪЮКТИВТІ
ДИЗЪЮНКТИВТІ
Конъюктивті сезімдер адамдар арасындағы
қарым-қатынасты орнатуға көмектесетін,
жақындастыратын, біріктіретін және ортақ ісәрекетке итермелейтін сезімдер болып
табылады.
Дизъюнктивті сезімдерге ортақ іс-әрекетті тежейтін, адамдардың бір-бірінен алыстауына себепші болатын сезімдер жатады.
Әрбір қоғам әлеуметтік норма ретінде өзі қабылдаған, мақұлдаған және жағдайға байланысты адамдардан күтілетін түрлі мінез-құлықтың арнаулы жүйесін қалыптастырады. Қоғам қабылдаған мұндай мінез-құлық ережелеріне бағынбау, оларды бұзу, нормадан ауытқыған мінез-құлықты түзететін әлеуметтік бақылау механизмдерін туғызады (кінәлау, сынға алу, мақұлдамау, сөгу, жазалау). Қоғамда қалыптасқан нормалардың бар екенін, басқалардан ерекшеленетін қандай-да бір мінез-құлыққа айналадағылардың барлығының бірдей реакция беруі дәлел бола алады. Әлеуметтік норманың диапазоны ерекше кең – еңбек ету тәртібіне сай келетін мінез-құлық үлгілерінен бастап, әскери борышты өтеу мен патриотизм, әдептілік, ізеттілік, ережелері.
Әлеуметтік нормаға сай мінез-құлыққа құрылысшының өз жұмысын барынша беріліп орындауы да,
бірінші сынып оқушысының мұғалім сыныпқа кіргендегі орнынан тұруы да жатады.
Адамдардың әлеуметтік норманы қабылдауы, олардың өз мінез-құлқын реттеп, өз іс-әрекеттеріне
сынмен қарап, қажет болғанда түзетіп отыруға деген жауапкершілігін туындатады. Яғни, осындай
қоғамдық мінез-құлық ережелері арқылы адамдар өз іс-әрекеттерін, әлеуметтік эталонмен салыстырып,
дұрыс немесе бұрыстығын іштей ар-ұят таразысына салып отырады. Осы арқылы, әлеуметке жағымды,
керекті қылықтарды таңдап алып, керексізін алып тастап, басқа адамдармен қатынасын бағыттап,
реттеп, түзетіп отыруға мүмкіндік алады. Қабылданған нормаларды адамдар әдептілік
критерийі ретінде ұстанып, олардың көмегімен өзінің және өзгенің мінез-құлқын салыстырады.
Әдетте, бір адам әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында әртүрлі рөл орындайды. Мәселен, қызметтік рөлі басшы бола
тұра, ауырып қалғанда ол дәрігердің барлық емдік
нұсқауларын орын-дайтын науқас рөлінде болады; ал өзінің
қарт анасының қасында ол үлгілі бала рөлін; достарын
күткенде қонақжай қожайын рөлін орындайды және т.б. Бір
ғана адамның басында бірнеше рөлдік позициялардың
болуы, көбінесе олардың қақтығысына – рөлдік даудамайға алып келеді. Өз ұлының мінез-құлқындағы кейбір
кемші-ліктерді педагог ретінде байқап, талапты күшейту
керектігін біле тұра, әке ретінде баласына жанашырлық,
әлсіздік танытып, теріс қылықтарына көз жұма қарауы да
мүмкін. Тәртіпсіз оқушының үйіне келгенде, педагог қонақ
ретінде қожайындарды жағымсыз хабармен ренжітпеуі де
керек сияқты, дегенмен, ұстаз ретінде ол жағымсыз болса да
мұндай мәліметті жеткізуге міндетті.
ӘРТҮРЛІ РӨЛ ОЙНАЙТЫН АДАМДАРДЫҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ РӨЛДІК КҮТУ
нормаларымен реттеліп отырады. Адам қаласа да, қаламаса да басқалар
одан белгілі үлгідегі мінез-құлықты күтеді. Адамдардың мінез-құлықты
әлеуметтік бақылау жүргізіліп, қоғам жағынан баға беріледі немесе
қандай да бір қалыптыдан ауытқыған мінез-құлық мақұлданбайды.
Мысалы, ата-аналар балаларының еркелігіне мейіріммен қарауы керек,
бұл рөлдік күтінуге сай келеді және әлеумет оны құптайды. Бірақ, атаананың мейірімі шектен шығып кетсе, адамдар оны байқап, айыптап та
жатады. «Баласын бетімен жіберіп, басына отырғызып
алыпты», - деп аналық мейірімнің жоғары рөлдік күту деңгейін анықтап
береді. Ата-аналар балаларына қатал талап қойып отыруы керек, бұл да
рөлдік күтуге жатады, ал қоғамдық пікір оның төменгі шекарасын
белгілеп береді. «Анасының көзінше аузын аша алмайды,
баласын әбден ынжық қылып жіберіпті», - деп сыртынан баға
беріп отырады. Осылайша, ананың рөлін ойнаудың әлеумет қабылдайтын
шекарасы белгіле-неді, бұл отбасының ересек мүшелерінің бәріне де
қатысты.
Қарым – қатынастың түрлері
Қарапайым қарым - қатынас
Ресми - рөлдік қарым - қатынас
Кәсіби қарым - қатынас
Маскалар байланысы
Рухани қарым - қатынас
Манитулятивті қарым - қатынас
Ауқатты қарым - қатынас
Қарым-қатынас формалары:
Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік
(ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық
контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен
қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын
ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы
жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап
шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп
жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ
ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарымқатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы,
бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі,
ортақ қызметтестігі.
Ата - Ана
Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі
негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:
Ересек адам
Бала
Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі
бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ТРАНСАКТІЛІ АНАЛИЗІ
Кинестика - адамдардың
эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы
көріністерін зерттейді
Таксика - қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу,
беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
Проксемика - қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте
орналасуын зерттейді.
ТІЛДІК ЕМЕС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЗЕРТТЕЙТІН ҒЫЛЫМДАР:
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам баласы болғаннан кейін қоршаған ортамен қарым қатынасқа түсу табиғи алдын ала бағдарланған процесс.
Адамды адам қатарына қосатын да ойлау, сөйлеу, актілері. Белгілі бір индивидті тұлға ретінде қарастыру
үшін ең алдымен оның қоршаған ортамен байланысын бағдарлап қана белгілі бір пікір қалыптастырамыз.
Сондықтан қарым-қатынас психолгиясы адам өміріндегі ең маңызды ажырамас бөлік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Т.Л. Рыжковская. Основы психологии и педагогики - Минск.:
Изд-во МИУ, 2010
2. Гуревич П.С. Психология личности: учебное пособие
3. Уманская Т.М. Невропатология. Естественнонаучные основы
специальной педагогики: Учебное пособие для студентовбакалавров высших учебных заведений дефектологических
факультетов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет