Этнопедагогика, Психология оқыту әдістемесі
Этнопедагогика ғылымы туралы түсінік. Этнопедагогика – педагогика ғылымының саласы. «Этнопедагогика» термині екі сөзден құралған: «paidagogike» (грек тілінен аударғанда тәрбие туралы ғылым) және «ethnos» (грек тілінен аударғанда ұлт, халық). Этнопедагогика ғылымы халықтың қалыптасқан ұлттық құндылықтарын, қоғамның ерекше қарым-қатынасын, халықтың әлеуметтік талаптарын жеке тұлғаның қалыптасуына бағыттап үйретеді. Этнопедагогика пәні халықтық педагогика болып табылады.
Этнопедагогика белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
Халықтың ауыз әдебиеті мен салт – дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
Ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады.
Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы – әдеп.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы – біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, білге қаған т.б.) басталады.
Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.)Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.
Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің Бірінші, Екінші ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.
Кемел адамның этникалық сипаты. Қай заманда болмасын заманына қарай жеке тұлғаның болмысын қалыптастыру туралы ойлар мен пікірлер көпшілікті толғандырып келген. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы кемелділік, мінсіз адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші ретінде қабылданып, қоғамда жоғары жауапты міндеттерді атқаруға лайық деп танылған. Бүгінгі күнді алып қарасақ, елімізді өркениеттілікке жеткізетін, ел экономикасын дамытатын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасын 50 дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік жасайтын жастарды тәрбиелеу немесе кемел адамды тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет болып отыр. Осындай қасиеттерді бойына жинақтаған жеке тұлға елімізді, халқымызды 14 бақытты болашаққа жетелейтін мемлекет басшысы болуға лайық. Мұндай пайымдаулар мен ой-тұжырымдардың бастау алар көзі сонау орта ғасырдағы көне түрік ғұламалары көзқарастарында туындаған болатын. Олардың өкілдері әл-Фараби, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Йассауи, Қорқыт ата, «Қабуснама» кітабының авторы Кейкаус және т.б. мұндай қоғам талаптарына жауап бере алатын кемел адамды қалыптастыру негізі отбасы тәрбиесінен басталады дей отырып, оның қоғам мүдделерімен сабақтастықтарының жан-жақты қырларын ортаға салады. Идеалдар әртүрлі халықтарда жинақталды. Бұл – ауызекі халықтық шығармашылықта. Мысалы, орыс халқында: сұлулық пен ақылдылық, жүректілік, батырлық, денсаулық. Түркі халықтарында: ақыл, жақындарына қамқорлық, еңбексүйгіштік, кеңпейілділік, ақкөңілділік, қайрымдылық, мейірімділік, атабабалар туралы еске алу. Айырмашылықтар да бар. Адыгейлер: Отанға деген махаббат, ұлттық бедел, абырой, отбасы мен туыстың (рудың) жақсылығы. Таулықтар, қыр адамдары: қонақжайлылық, намысқойлық. Қиыр шығыс халықтары (нивхи): батылдық, ерлік, еңбексүйгіштік, халықтың салтдәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сыйлаушылық. Барлығының (басқалар алдындағы халықтың жақсылығы) ұлттық беделі ата-бабалар туралы қасиетті еске алу.
Достарыңызбен бөлісу: |