Қарым-қатынас психологиясы


Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері



бет4/6
Дата01.12.2022
өлшемі80 Kb.
#54049
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-Қарым-қатынас

4.Сөйлеу іс-әрекетінің түрлері.


Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді, ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді.
Сөйлеудің барлық түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Бірақ, сөйлеу түрлерінің әрқайсысының оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ешқандай да ой тілсіз және материалдық сөйлеу үрдістерісіз айтылуы мүмкін емес. Ауызша, әсіресе жазбаша сөйлеуге даярлықта іштей сөйлеу кезеңі болады. Бұл іштей сөйлеу болып табылады.
Іштей сөйлеу, жоғарда айтылғандай, ауызша және жазбаша болып бөлінеді. Жазбаша сөйлеуде қарым-қатынастың шарты мәтінімен байланысты. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда мазмұны жағынан ерекше жинақталған болады. Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінде (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әрілтермен белгіленеді.
Жазбаша сөйлеу ауызша сейлеуден кейін пайда болды және оның негізінде қалыптасты. Белгілі бір адамның тарапынан айтылатын, естілетін сөйлеуді ауызша сөйлеу деп атаймыз. Ауызша сөйлеу — бұл кәдімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, онымен біз басқа адамдармен тікелей қарым-қатынаста пайдаланатын тіл. Ауызша сөйлеу қарым-қатынас кеңістік пен уақыттың жағдайларымен шектеулі болып келеді. Көп жағдайда әңгімелесушілер бірін-бірі жақсы көреді немесе бір-бірінің дауысын жақсы естиді, бұл сөйлеудің сипатына із қалдырады. Жағдайдың өзгеруіне байланысты, мәселен, телефон арқылы сөйлесуде сөйлеудің сипаты өзгереді (ол негізінен қысқа, нақты келеді), әсіресе, сөйлеу қарым-қатынасының сипаты телефон және радио хабарда біршама өзгереді.
Ауызша сөйлеу диалогтік және монолоғтік болып бөлінеді. Екі немесе одан да көп адамдардың арасында әңгіме,сөйлесу түрінде жүретін диалогтік сөйлеу үрдісінде адам сұрақ қояды және оған жауап береді, сын-пікір айтады, қолдау және қарсылық білдіреді. Күнделікті және жай әңгімеде диалогиялық сөйлеу оның алдын ала қойылған мақсатты сипатта және жоспары болмайды. Осындай әңгіменің бағыт-бағдары және оның нәтижелері белгілі дәрежеде қатысушьшардың айтқандарымен анықталады. Егер әңгіме қатаң белгіленген міндетке бағындырылса, диалогтік сөйлеу мақсатты сипатта болады, айтылатын ойлар кең түрде беріледі. Мысалы, белгілі бір мәселені анықтау үшін әдейі ұйымдасқан әңгімеде диалогтік сөйлеу осылай өткізіледі.
Диологтік сөйлеу ережесі бойынша монологтік сөйлеуге әсіресе, жазбаша сөйлеуге қарағанда,байланысты және кеңінен айтылған ойларды құруға аз талаптар қойылады. Бұл мынадай жағдаймен түсіндіріледі, себебі әңгімелесушілер бірдей жағдайда болғандықтан, фактілер мен құбылыстарды бірдей қабылдайды, сондықтан да бір-бірін оңай түсінеді. Оларға аз ойларын кеңейтілген түрде баяндауды қажет етпейді. Диалогтік сөйлеуде адамға қойылатын ең басты міндеттердің бірі - өзінің әріптесінің айтқандарын соңына дейін тыңдау, оның сауалдарын түсіну және оған жауап бере білу.
Монологтік сөйлеу қарым-қатынас тәжірибесінде ерекше орын алады және әртүрлі ауызша және жазбаша сөйлеген сөздері мен баяндамаларында байқалады. Сөйлеудің монологиялық түрлеріне лекциялар, баяндамалар, жиналыстарда сөйлеген сөздер, хабарландырулар бұйрықтар және көптеген басқа да ауызша және жазбаша хабарлар жатады. Монологтік сөйлеудің барлық түрлерінің жалпы және өзіне тән ерекшелігі - тыңдаушыға анық айқындалған бағыттылығы. Бұл бағыттылықтың мақсаты - тыңдаушыға қажетті ықпалға қол жеткізу.
Диалогтік сөйлеумен салыстырғанда монологтік сөйлеу сөйлеу түрінің ең күрделі де және қиын түрі. Әркім өзінің сөйлеу тәжірибесінен жақсы біледі, диалогқа, әңгімеге қатысу, қаңдай да болмасын арнаулы хабарламамен шығып сөйлеуден біршама жеңіл. Монологтік сөйлеу тыңдаушылар тарапынан тікелей және белсенді қолдау көрмейді. Сондықтан да монологтік сөйлеулер тындаушыларға түсінікті болу үшін алдын - ала ойластыруды және оның негізгі мәселелерін жоспарлауды қажет етеді.
Монологтік сөйлеудің жетістігі аудиториямен қажетті байланыс жасау ептілігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет