Қарым-қатынас психологиясы


Қарым-қатынас жасау-ақпарат алмасу әрекеті



бет3/6
Дата01.12.2022
өлшемі80 Kb.
#54049
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7-Қарым-қатынас

Қарым-қатынас жасау-ақпарат алмасу әрекеті.



Ең алдымен адамның даралық әрекеті негізінде қарым-қатынастың атқаратын қызметтері туралы қысқаша айтуды жөн көрдік. Бұл қызметтер жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және эффектілік-коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда, ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара әртүрлі елестетулермен, идеялармен, қызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан, осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесінде ойлаумен бірге пайда болды және адамзаттың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамиды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста қалыптасады. Сананың негізгі қызметі - тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егер де оларды бірлікте алсақ,тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу - қарым-қатынастың іс-әрекеті, тіл арқылы мәнін түсінеді, ықпал етеді, хабарлайды; сөйлеу — іс-әрекеттегі тіл, басқалар үшін сананың өмір сүру түрі, қарым-қатынас құралы.
Сонымен, сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі, тек қана адамға тән. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті, сөздерді тыңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикуляциясының арқасында айтып береді.
Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданылатын әртүрлі тәсілдердің жиынтығы.


3. Сөйлеудің атқаратын қызметі.


Сөйлеу негізгі екі қызметті атқарады - коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөйлеу қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүру түрі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні, оның семантикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізінен сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандай да болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз. Осымен адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, ол тек қана дыбыстар арқылы аффективтік жағдайды білдіре алады, бірақ ешуақытта да дыбыстармен белгілі заттарды білдіре алмайды.
Сөздің осы негізгі қызметін сигнификативтік деп атайды. Ол тілді құрайтын сөздің негізгі қызметі болып табылады. Ол адамға ерікті түрде заттардың бейнесін жасауға мүмкіншілік береді.
Сөз одан да басқа, өте күрделі қызметке ие, ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.
Сөйлеудің келесі қызметі оның — коммуникативтік қызметі. Ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды.
Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда да болады. Сөз мәнерлі бейнелеу құралы болумен қатар, ықпал ету құралы болып табылады. Ықпал ету қызметі - сөздің негізгі қызметтерінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамдардың мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді.Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол — қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан, ең алдымен осы қызметті атқарады.
Жануарлардың сигналдық мимикасы басқа жануарларда да әртүрлі реакция беруі мүмкін, бірақ саналы ықпал ету құралы тек қана сөз арқылы болады. Сөздің қоғамнан тыс пайда болуы мүмкін емес, сөз — әлеуметтік құбылыс, ол қарым-қатынас үшін бағытталған және қарым-қатынаста пайда болады.
Сөздің екі негізгі коммуникативтік және сигнификативтік қызметінің арқасында ол қарым-қатынас құралы және ойдың, сананың өмір сүру түрі болып табылады, біріншісі екіншісі арқылы қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет