Қол алысу. Кез-келген іскерлік кездесу мен қоштасудың міндетті шарты қол алысу болып табылады. Қол алысудың ұзақтылығы және күші біршама мәлімет бере алады.
Тым солғын, қысқа ғана қол алысу немқұрайлылықты білдіреді.
Ұзаққа созылған қол алысу мен алақанның ылғалданып, терлеп кетуі, кездесудің маңыздылығы мен бұл адамдардың кездесуге үлкен мән беретіндігін, осыған байланысты қобалжу деңгейінің де жоғары екенін білдіреді.
Азия елдерінде адамдар бір-бірінің қолын қатты, әрі ұзақ қысып тұрмайды. Сондықтан Азиялық серіктесіңізге бұлай ету жөнсіз деп есептелінеді.
Батыс еуропалық және американдық кәсіп-керлер жай ғана, солғын қол алысуды қанағат тұтпайды, олар өз-дерінің белсенділігі мен іске деген ынталылығын қолды қатты қысу арқылы жеткізеді.
ҚОЛ АЛЫСУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДЫ БҮКПЕЙ, АЛЫСТАН ҰСТАУ АРҚЫЛЫ СӘ-ЛЕМДЕСУ, АДАМНЫҢ ӨЗІН ЖОҒАРЫ СЕЗІНІП, СЕРІКТЕСІН ҚҰРМЕТТЕМЕУІН КӨРСЕТЕДІ. БІР ДЕҢГЕЙДЕ ҚОЛ АЛЫСУ, АДАМДАРДЫҢ ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҒЫН АЙҒАҚТАЙДЫ. САУСАҚТЫҢ ҰШЫН ҒАНА ҰСЫНУ, ЖОҒАРЫДА АЙТЫП ӨТКЕН ҚОЛДЫ ТІК, АЛЫСТАН БҮКПЕЙ ҰСЫНУДАҒЫДАЙ, ҚҰРМЕТТЕМЕУДІ, ТӨМЕНДЕТУДІ БІЛДІРЕДІ. ҚОЛҒАП» ДЕП АТАЛАТЫН, ҚОС ҚОЛДАП АМАНДАСУ, КЕРІСІНШЕ, ҮЛ-КЕН ҚҰРМЕТТІҢ, СЫЙЛАСТЫҚТЫҢ ДӘЛЕЛІ. БҰЛ ӘДЕТТЕ, КІШІНІҢ ҮЛКЕН-ДЕРГЕ КӨРСЕТЕТІН ІЗЕТТІЛІГІНДЕ БАЙҚАЛАДЫ.
жесттер мен дененің қалпы іскерлік қарым-қатынаста, адамның ішкі көңіл-күйін білдіріп тұратын бірнеше негізгі жесттер бар.
Кубалық балет бишісі Алонсо, әйел адамдардың мінез-құлқын былай сипаттаған. «Әйел адамның күші бет-жү-зінің сұлулығында емес, оның күші өзін қалай ұстап, көрсете ала-тындығында. Әсем жүрісті, қимыл-әрекеті мәнерлі, үйде де, түзде де бойын тік ұстап, жинақы жүретін әйел адам өте ғажап әсер қал-дырады. Және керісінше, қимыл-қозғалысы ебейдейсіз, бүкірейіп, асығыс немесе басын төмен салып жүретін әйел адам үйлесімсіз, ол үй шаруасынан босамайтын шаршаңқы, тартымсыз болып көрінеді», – деп орынды бағалау жасайды.