Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатына жетті деп оқушыларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік пайда болған кезді есептеуге болатынын ескерту керек.
Балалар әдебиетінің көркем фольклор шығармалары өте көп. Ы.Алтынсарин әңгімелерінің көмегімен ынтымақтастыққа, бірлікке, достыққа баулу.М.Әлімбаев пен Ә. Дүйсенбиевтің балаларға арналған шағын фольклор әңгімелері «Қуыршақ», «Менің ойыншықтарым», «Мамандықтарға» және жұмбақ, жаңылтпаштарын оқыту барысында: тазалыққа, әдептілікке, үлкенді құрметтеп, көмектесуге тәрбиелеудің үлкен мәні жатыр.Сонымен бірге шетел шығармаларын салыстыру кезінде студенттер бойында бірізділік, сыйластық және шынайы достық сезімдерін қалыптастырамын. Басқа елдердің мысалы: орыстың А.С Пушкиннің ертегілерін немесеЧуковскиидің фольклор шығармаларын және Ш.Перро мен Братья Грим ертегілерін оқи отырып, сол елдің салт- дәстүрін, киіну үлгілерін ғана емес, сонымен қатар балаларды: мейірімділікке, достыққа, қайырымдылыққа және үлкенді сыйлауға тәрбиелейміз.
14-апта. Конфликтілік жағдайда басым көрінетін мінез-құлық типін анықтау бойынша өзін-өзі диагностикалау