Жұмысқа орналасу, жұмысқа қабылдану сұхбаттасу кезінде кәсіби көрсеткіштеріне қарағанда жұмысқа орналасушының сыртқы келбеті мен өзін ұстау мәнеріне көңіл аударады екен.
Сымбатты адамдарға қатысты жеңілдіктер көбірек болады. Олар айналасына ұнамды, оларға көп көмектеседі, оларды ақылды деп санайды және мінездері келіскен деп санайды. Сымбатты адамдардың агрессиясына да көбіне мән бермейді. Тіпті мұғалімдердің өзі де сымбатты балаларды ақылды деп санайды.
Тауарды жарнамалау және сату агенттері көріктілік ореол эффектісін не үшін пайдаланатыны таң қаларлық жағдай емес.
Сендіруді тиімді ету факторларының бірі – ұқсастық
Біз өзімізге ұқсайтын адамды ұнатамыз. Бұл факт. Қай жағынан болсын, пікірі жағынан ұқсастық, тұлғалық қасиеттері немесе өмір стилінің ұқсастығы болсын, ол маңызды емес. Біз біреумен келісу үшін ол адам бізге ұнау қажет, ал ұнау үшін ол адам бізге ұқсас болу керек. Ұқсастықта киім маңызды роль атқаратыны да анықталған.
Тауарды жарнамалау және сату агенттері өздерінің жаратылысы мен қызығулары бізге ұқсайтындарын дәлелдейді.
Арнайы агенттерде клинтке «айнадай ұқсауды» үйретеді. Себебі, оның пайдасы бар, өйткені мұндай жағдайда адамды оңай сендіруге болады.
Сендіруді тиімді ету факторларының бірі – мақтау
Біз біреуге ұнайтынымыз жайлы хабар сол адамға біз көбіне көнуге мүмкіндік беретін тиімді құрал. Солай бізден бірдеңе қалайтын адамдардан көбіне жағымды пікірді естиміз.
«Сіз маған ұнайсыз» сынды мақтаулардың пайдасы бар деп санайды. Мұны адамдарға әсер етудің бір тәсілі деп түсінуге болады.
Сендіруді тиімді ету факторларының бірі – шартты рефлекс пен ассоциация
Сену жағдайы жаман немесе жақсы нәрсемен ассоциация болады. Егер көлікті әдемі қыздар жарнамаласа, көлік те сондай керемет деген ассоциация туындап, ер адамдар көлікті көбірек сатып алады.
Американдықтар бірінші рет Айға ұшып барып келгеннен кейін сусындардың этикеткалары соған байланысты шыға бастады. Олимпиадалар басталар кезде салтанатты түрде спортшылардың сүйікті шашқа арналған лактары мен бет сүрту құралдарын айтып отырған.