Қарым-қатынасты зерттеу әдістері



Дата16.12.2022
өлшемі15,97 Kb.
#57602
Байланысты:
психология


Қарым-қатынасты зерттеу әдістері
Қарым-қатынасты зерттеуде ең алдымен оның құрлымдық компоненттерін анықтау қажет. Осыған орай зерттеу барысында Г.М.Андрееваның қарым-қатынастың бір-бірімен өзара байланысты 3 жағынан қарастырады: коммуникативтілік, интерактивтілік және перцеп-тивтілік. 
Коммуникативті жағы мәлімет беру-алмасу мәселесімен анықталады; интерактивті жақтың мәні қарым-қатынас жасаушы жұптастардың өзара әрекеттестігінде болады, ал перцептивті компонент-адамдардың бірін бірі қабылдауы, өзара түсінушіліктері.
Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы ғылымдардың көпшілігі (А.Г.Ковалев , М.И.Лисина, А.В.Петровский, К.Обуховский, В.С.Мусина , В:С.Мухина және т.б.) адамдардың қарым-қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып-білуге ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктері деп түсіндіреді.
Психологиялық, педагогикалық зерттеулерде педагог пен балалар арасындағы қарым-қатынас мәселесі басқы орын алады. Бұл қарым-қатынасты анықтауда арнайы “педагогикалық қарым-қатынас” деген ұғым қолданылады. Педагогикалық қарым-қатынас А.А.Бодалев, В.А.Кан-Калик, Я.Л.Коломинский, В.А.Петровский, А.А.Леонтьев т.б. еңбектерінде мазмұны, формалары, тәсілдері бойынша сипаталады. Педагогикалық қарым-қатынас педагог пен балалар арсындағы нақты психологиялық контракт деп түсіндіріледі. 
Педагогикалық қарым-қатынас негізінде балалардың мінез-құлқы, таным дүниесі, адамгершілік позициясы қалыптасып жетіледі. (Х.Т.Шерьязданова, В.Ф.Моргун т.б.).
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы - балалар мен педагогтың “субьект-субьект” жүйесіндегі бірлескен әрекеттестіктері болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас педагогтың жеке басы, балалар психикасына әсер етудегі рөлі, яғни қарым-қатынас стилі арқылы әр деңгейде көрінеді.
В.С.Мухина қарым-қатынас стилін педагогтың балаларға әлеуметтік психологиялық әсер етуінің дара типологиялық ерекшелігі деп анықтайды.
Әдебиеттерге талдау жасағанда педагогтық қарым-қатынас стилінде коммуникациялық тәсіл, қатынас сипаты, даралық, балалар ерекшелігі, әлеуметтік-адамгершілік құндылықтар, әлеуметтік рөлі мен статус көрінеді.
Әрбір қарым-қатынас стилі де педагогтың балаларға әсер етуін байқатады. Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың балалардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, балалар инициативасын табан асты етуі, балалар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады. Мұндай жағдайда балалардың өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған. Педагогикалық қарым-қатынастың демократиялық стилі педагог пен балалардың бірдей белсенді позициясын қамтамасыз етеді. Педагог балалардың жағымды эмоцияларды қажетсінуі мен өзінің ішкі мүмкіндіктерін шығаруға мүмкіндік жасайды. Мейірім, достық негізіндегі дара стиль арқылы балалардың өз-өзіне сенімді болуын, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруы, дамытуы мүмкін болады. Мұнда педагог сендіру және иландыру тәсілдерін пайдаланып қарым-қатынас құрады. 
Сейлхан Жасұлан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет