40.Қожа Ахмет Ясауи шығармаларының мазмұнын түсіндіріңіз Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Ясауидіңөлеңдері қамтылған жинақтың аты. Осы есім Ахмет Ясауидің шығармасына Х‡І ғасырдан бастап Ясауи жолын қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар. ¤йткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Ясауи кесенесінде оқылатын хикметтердің басында «Диуани Хикмет» деген сөзді кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.
Әйтсе де Ясауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Ясауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені, оның өлеңдерінің әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.
Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі.
Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу бүгiнгi күнi өзектi мәселеге айналған. Себебi, Қожа Ахметтің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек, қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХIІ-Х‡ІІ ғасырларға тән. Ал бұл нұсқалар Ясауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы өзбек тіліне және татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді.
Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы хикметтердің барлығын Ахмет Ясауидіңөзі жазбағанға ұқсайды. Ал Қожа Ахметтіңөзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалған және оның орнына Ясауи жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып, толықтырылған тәрiздi. Өйткені, кейбір хикметтерде Ахмет Ясауиден бірнеше ғасыр кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады. Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Ясауидіңғана шығармасы емес, бүкіл Ясауи жолындағылардың ортақ шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Ясауидің пікірлері деуімізге әбден болады.
Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтіңөзіне үңілер болсақ 4400 хикмет орын алған.
Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзүң дердке дәрман, Талиблерге баян қылсам қалмас арман. Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман. Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен (Қазан-1896ж. 209-бет) Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте қиын. ¤йткені бүгiнгi күнгi Диуани Хикметтердің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Ясауиге қатысты деген жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды.
Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда, Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде бiрнеше мәрте басылды.
Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әћли сүннет (сүнни) сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет Ясауи хикметінің басты мақсаты болып табылады.
Ф.Көпрүлүнің айтқаныны сияқты хикметтердің мазмұнын діни-сопылық элементтер, ал пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада ислам дiнi, түркі сопылығы мен Ясауи тариқатының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т.б. Лекциятар қамтылған. Сонымен қатар аталмыш шығармада мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға деген сүйіспеншілік, Хазіреті Пайғамбардың сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Аллаћтан қорқу), құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Ясауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты Лекциятар қамтылған.