Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


-сұрақ Әмір Темір тұлғасы және Ясауи кесенесі туралы түсіндіріңіз



бет23/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

32-сұрақ
Әмір Темір тұлғасы және Ясауи кесенесі туралы түсіндіріңіз
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Кесене Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тұрғызылған. Әмір Темір — әлемнің 27 мемлекетін жаулап алып, өз империясын құрған. Ғалымдардың жасаған болжауларының бірі бойынша билеуші Әмудария мен Сырдария өзендерінің ортасында дүниеге келген.
Кесене — XIV ғасырдың 90-шы жылдарында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Айта кету керек, Қожа Ахмет Ясауи — суфизм (сопылық) дінін уағыздаушы, оның хикметтері бүкіл түркі әлеміне әйгілі. Ол жақсылыққа, азды қанағат етуге шақырып, өтірік және екі жүзділікті сынға алған. Тарихи мәліметтерге сәйкес, Мәуеренахр елінің әміршісі Арслан хан Ясауидің тәндік және рухани жағынан кемелденуіне ықпал етті. Қожа Ахмет Арслан ханның қол астында қызмет етіп жүрген.
Әмір Темір неліктен кесене тұрғызған?
Әмір Темір саясатына сәйкес ол ислам дінінің негізінде әділ мемлекеттің қалыптасатынына, билігінің нығаятынына әбден сенімді болған.
XIV ғасырда Әмір Темір және Тоқтамыс хан Ортаңғы Сырдария маңындағы қалалар үшін ұзақ соғысқан. 1388 жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Қожа Ахмет Ясауидің кесенесін тонаған. Бұл оқиғадан кейін Әмір Темір Тоқтамыстың әскерін ойсыратып, тоналған заттарды қайтарып алған. Осы қаражаттарға Қожа Ахметтің мазарының үстінде жаңа үлкен кесене салғызуды ұйғарған.
Кесене Әмір Темірдің бұйрығы бойынша тұрғызылған. Әмір Темір — әлемнің 27 мемлекетін жаулап алып, өз империясын құрған. Ғалымдардың жасаған болжауларының бірі бойынша билеуші Әмудария мен Сырдария өзендерінің ортасында дүниеге келген.
Әмір Темір шешуші шайқастардың кезінде Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін оқыған. Билеуші олардың көмегімен жеңіске жеткен.
Кесененің ішінде мешіт, кітапхана, екі сарай залы, сағана, тұрғын бөлмелер, асхана, орталық зал — қазандық, құдықхана бар. Кесененің оңтүстік жағындағы кіреберіс — арка ойығы орналасқан. Оның екі жағына минареттер тұрғызылған.
Кесенедегі қабырғаның ұзындығы — 7,5 метр. Ортасында Қожа Ахметтің сағана-құлыптасы (биіктігі — 1,85 м) орнатылған. Сонымен бірге, сағанада Яссауи зайыбының қабірі және ұлы Ибраһим шахтың моласы бар.
Мешіттен кітапхана және қазандыққа өтесіз. Мешіт және сағананың арасында зиратханаға апаратын бөлмелер бар. Қожа Ахметтің қабірі және бөлмелер арасын есік орны бөліп тұр.
Кесененің солтүстік-шығыс жағында кіші және үлкен сарай бөлмелері жайғасқан. 600 жыл бойы кіші сарайдың ғимаратында ең құрметті кісілер жерлеген, ал үлкен сарайда жиын өткізіліп тұрған, онда хан тағы және асаймұса (скипетр) бар.
Кесененің оңтүстік-батыс жағында асхана орналасқан. Онда «халим» (кисель тәрізді ботқа) деп аталатын тағам әзірлеп, кедейлерге таратып берген. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде құдықхана бар.
Ғимараттың алдыңғы жағында геометриялық және өсімдік сипатты ою-өрнектер салынған. Кесененің іші және сырты жазулармен әсемделген.
Ғимараттың алдыңғы жағында Құранның 59, 60, 61, 62 және 63 сүрелері жазылған. Солтүстік порталдың алдыңғы жағында жұлдыздарға ұқсас 5 сегіз бұрышты өрнек бейнеленген. Сонымен бірге, кесенеде ту сақтаулы тұр. Ұзындығы — 96, 7 см, салмағы — 5 кг. Тудың бетінде «Ең даңқты сұлтан, патша, данышпан, билеуші, Әмір Темір» деп жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет