Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле


Ясауи ілімінде ислам жіне дәстүр сабақтастығын негіздеңіз?



бет7/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

14. Ясауи ілімінде ислам жіне дәстүр сабақтастығын негіздеңіз?
Ясауи мәдениеті ислам дінінің ішкі (батини) мәні, рухани психотехникалық этикалық кемел­денудің өзіндік әдістемелік қағидасы мен ережелері қалыптасқан дәстүрлі түркі сопылық ілімнің қазақ түсінігіндегі, діни танымындағы көрінісі. Осы мәдениет кешегі жетпіс жылдық қызыл импе­рияның темір құрсаулы қыспағынан құты­лып, ғылыми атеизмнің көздеген «синтезі» мен көрі­гінен ерімей аман сақталды. Қазақ өз болмы­сынан алыстамай, ұлттығы мен дәстүрлі тарихи сабақ­тастығынан қол үзіп қалмайынша Ясауи мұрасы мен мәдениеті тіршілігін жалғастыра береді.
Қазіргі таңда қоғамымызда аруақ, әулие, сопы­лық зікір арқылы қалыптасқан қазақ мұсыл­­мандығын исламға жат дүниетанымдағы жеке ағым ретінде көрсету белең алып барады. Қазақтың дәстүрлі діни түсінігін сынап, оның негізгі ұстанымдары мен идеяларын жоққа шығару әрекеті Құран мен хадис шеңберінде жүріп жатыр. Яғни, діни танымдағы әрбір ұғым, категория, символдар мен тұғырлардың Құранда орын алған-алмағандығы негізгі өлшемге айналды. Бұл жерде тек салафилер ғана емес, исламдағы барлық ағымдар өздерінің негізгі өлшемі ретінде Құранды таниды. Қазақ мұсылмандық түсінігінің негізінде ілім жатыр. Сонымен «Менің хикметтерім Құран мәні» – деген Ясауи ілімі, мәдениеті тарихи санада жатыр. Қазақ мұсылмандығы да Ясауи мәдениеті арқылы Құранға негізделген.
15.Суннаның адам өміріндегі маңызын көрсетіңіз
Сүннет – парыз бен уәжіптен бөлек, Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған және «жасаңдар» деген әрі жасалуына ризалығын білдірген іс-әрекеттер.
Сүннет үшке бөлінеді:

  1. Муәккәд сүннет (бекітілген сүннет)

  2. Ғайру муәккәд сүннет (бекітілмеген сүннет)

  3. Зәуәид сүннет (артық сүннет)

Сүннет
Қасиетті Құран Мұхаммед пайғамбарға ﷺ еруге, оған бағынуға бұйырады, сондықтан Сүннет Ислам шариғатының екінші негізі болып саналады. Сүннет деп пайғамбардың кез келген сөзін, ісін немесе бір нәрсені іштей қолдауын атайды. Бастапқыда Мұхаммед пайғамбар өзінен хадистер жазуды құптамаған. Мысалға мына сөздері:
«Менің атымнан Құраннан басқа ештеңе жазбаңдар. Ал егер біреу менің атымнан Құраннан басқа бірдеңе жазса — өшірсін»[90]
Алайда артынан Абдуллаһ ибн Амр деген сахаба осы туралы сұрағанда ол аузына меңзеп:
«Жаз! Оның Қолында жаным болғанмен ант етемін, бұл жерден ақиқаттан басқа ештеңе шықпайды», — деп айтады
—Ахмад 2/62, Әбу Дәуд 3646, Әд-Дарими 1/125. Сахих хадис: «әс-Сильсиля әс-сахиха» 1532
Және Хафиз әс-Сахауи «Фатх әл-муғис» кітабында айтқандай Ислам ғалымдары Сүннетті жазуға бір ауыздан рұқсат берген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет