Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле



бет6/28
Дата03.06.2022
өлшемі133,7 Kb.
#36257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Яссауитану 2 деңгей

11. Мұхаммед с.а.с өмір жолы
Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы Абдул-Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Һижра есебiндегi – рәбиғул-әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған.
Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы Әмина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi.
12. Яссауидың рухани адамгершілік ілімінің мәнін түсіндіріңіз?
Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ, яғни мораль . Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана «шындыққа», «жан тыныштығына» қауышады.
13. Ясауи ілімі жіне бүгінгі мұсылмандық болмысымыздың өзара байланысын түсіндіріңіз?
Тарихымызда көшпелі рулық, тайпалық одақ­тарды біріктіріп тұрған қандық-генетикалық бай­ланыстың ыдырап, орнына «діни-идеялық-үммет­тік мұсылмандық» байланыстың орнауын­да Ясауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Ясауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түр­кілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді. Бұл процесс ислам дінінің дәстүрлі түркілік дүниетанымдық кеңістігіне тарауы, сол мәдениет негізінде қалыптасқан мифологиясына, аңыз-әңгімелері желісіне, жыр дастандарына, қандық-туыстық шежірелеріне, жалпы мәдени құндылықтары негізінде жаңа рух, жаңа кеңістік бере білуімен қоса қабат жүріп жатты. Бұл түркілік дүниетанымдық құндылықтар мен тұғырлардың мазмұндық жағынан түлеуіне әкеліп соқты. Бұл рухани түлеу, санадағы жаң­ғыру құбылысы көшпелілердің табиғатқа, қо­ғамға, әлемге, адамға деген көзқарасының көкжиегін кеңітті. Бұл “көзқарас көкжиегі” түркілер үшін Ясауи ілімімен сомдалып, өзіндік ойлаудың жаңа теориялық-практикалық, этико-психоло­гия­лық саяси-эконо­микалық, қоғамдық-әлеуметтік құн­дылықтар жүйе­сінің қалыпта­суына ықпал етті. Сондықтан бүгінгі қазақ болмысының мәнін­дегі мазмұн исламдық өркениеттік тұғыр Ясауи ілімі арқылы трансформацияланған деуге ғылы­ми тұрғыдан толық негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет