«Сыртқы жарнама» әсері
City Outdoor Advisors голландиялық Фред Кулман ха-
барлағандай, заманауи жарнамада онлайн құралдардың
рөлі артуда, бұл орайда сыртқы жарнама маңыздылығын
жоғалтқан жоқ, керісінше, даму, жаңару үстінде, өйткені
адамдар «жиі үйінен тыс сыртта болады, қоғамдық көлік-
ті пайдаланады», сондай-ақ «қалаға қарай көшу процесі
белсенді жүруде».
«Бірегей артықшылығына байланысты «сыртқы жар-
нама» инновациялық тиімді арнаға көшуде, – деп әң-
гімелейді Нидерланд мамандары. – Мұндай жарнама те-
реңдігімен ерекшеленеді, мақсатты топ шоғырланған,
күтпеген жерлерде кездесуіңіз мүмкін. «Сыртқы жарна-
ма» тұтынушыға күшті әрі ұзақ уақыттық әсер қалды-
ра алады. Ол сыртқы құралдармен қатар тамаша жұмыс
істейді, сыртқы жарнама үшін бірегей, қайталанбас бет-
терді қолдануға болады.»
Сыртқы жарнаманың жан-жақты әлеуетін «Smart
ideas for smarter cities» («Ақылды идеялар ақылды қала-
лар үшін») ұранымен өткен әлеуметтік кампания бары-
сында «IBM» корпорациясы көрнекі көрсетті. Компью-
терлік алыптың «сыртқы жарнамасы» қала тұрғындары
үшін ыңғайлы болды, мысалы, отыру мүмкін емес орын-
дық болды; жүргіншілер жаңбырда астын паналайтын
шатыр, баспалдақтарда пандус болды ... «Коммуникаци-
ялардағы игі істер бүгін маңызды, өйткені бренд үшін қу-
атты, тиімді жарнама болып табылады», – деп атап өтті
спикер.
Сонымен қатар Фред Кулман Don’t mess with Texas
кейсі туралы да еске түсірді, Техас мемлекеттік әкімшілі-
гінің тас жолы бойында 1986 жылы орнатылған шағын
қалқан жай ғана «сыртқы жарнамадан» бүтін бір штат-
тың есімхатына айналған. Don’t mess with Texas деген сөз
Техаста
жай сырт-
қы жар-
нама кө-
шелер-
де қоқыс
тастау
жағдайла-
рын 72%
қысқартты.
33
№3(05) маусым 2014
Қазақстандық Bank RBK қасбеттің ин-
новациялық жарығы бар. Енді банк ғимара-
тын тәуліктің қараңғы кезінде басқалармен
шатастырмайсыз.
«Samat Lightech» компаниясы Bank RBK шыны
ғимаратын (Алматыдағы бас офис) сәулеттік жа-
рықтандыру жобасын іске асырды. Мердігер фир-
ма мамандарының сөзімен айтқанда, шыныны
жарықтандыру – көп қаражат салынатын жұмыс,
бірақ бұл жоба жоғары технологиялық әрі қара-
пайым шешімдерді іске асыруға мүмкіндік берді.
Samat Lightech өкілі Данияр Измайловтың айтуын-
ша, Bank RBK қасбетін рәсімдеуге қанық реңктері
бар жарықты сәулелендіретін жинақы әрі өте ай-
қын – жарық диодты Rand HP лентасы қолданыл-
ды. Ол ішкі альков кеңістіктерінде динамикалық
әсерлер құруға мүмкіндік берді. Мөлдір жарықты
таратушы экраны бар экструдацияланған анодты
алюминийден жасалған LINEAL профильдері эсте-
тикалық тұрғыдан ғана емес, қысқа мерзімде жа-
рықпен жабдықтауға мүмкіндік берді. Олар жарық
диодты ленталарды қорғап, жарықты бір қалыпты
таратады. «Түстерді ауыстыратын динамикалық
әсерлер құру үшін DMX-хаттамасы бойынша басқа-
ру жүйесі қолданылды, – деп түсіндірді Данияр. –
Сенсорлық панелі бар қабырғадағы автономиялық
DMX-контроллер интерьерлік және экстерьерлік
жарықтандыру бөлігінде барлық күткенімізге та-
маша жауап болды».
ЕСіМхАТ
ТәУліК Бойы ТАнУ
BUSIneSS Money
Коммуникациялар
тіркесі қос мағынаға ие – «Техаспен байланыспа» және
«Техаста қоқыс тастама». Қалқан автомобиль терезесі-
нен қоқыс тастайтындарға көшеде қоқыс тастау жаман
әдеті Техаста мың долларға дейінгі мөлшерде айыппұл
төлеуге алып келетіндігін ескертті. Осы бір сәтті сөз тір-
кесінің кең таралғаны соншалық, кейіннен Техас көлік
департаментінің нағыз сауда маркасына, АҚШ сыртқы
жарнама тарихында хитқа айналды. Кампания іске қо-
сылғаннан кейін алғашқы төрт жыл ішінде штат көше-
леріндегі қоқыс тастау жағдайлары 72% қысқарды. Кей-
іннен АҚШ тіпті Техастың танымал сөз тіркесін сөзбе-сөз
қайталайтын атаумен фильм түсірілді.
34
№3(05) маусым 2014
InVeST Money
Пай қорлары
қазақстандықтар
девальвациядан
сабақ алмады
Әлемдік қаржы дағдарысының салдарын қазақстандық
пайлық қорлар нарығы әлі күнге дейін сезініп
келеді. 2007 жылмен салыстырғанда отандық ПИҚ
саны үштен бір бөлігі қысқарған. «Халықтық»
инвестициялық қор индустриясының бүгінгі ахуалы
қандай? Бұл жөнінде біз «Сентрас Секьюритиз» АҚ
брокерлік қызмет және активтерді басқару бойынша
клиенттермен жұмыс істеу жөніндегі басқарма
жетекшісі Олеся Боровскаямен сұхбаттасқан едік.
Руслан Калиев
– ПИҚ отандық нарықтағы бүгінгі жағдайы қандай?
– Өкінішке орай, ахуал жақсы деп айту қиын. Қа-
зақстандағы ПИҚ нарығының оңтайланып, жақсарға-
ны не болмаса тұрақталғаны әзірге байқалмайды. Пай-
лық инвестициялық қорлардың саны соңғы жылдары
күрт азайған. 2014 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бой-
ынша елімізде 96 ПИҚ жұмыс істейді. Бұл 2013 жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда 14,3% аз көрсеткіш. ПИҚ
таза активтерінің жиынтық көлемі 453 650 млн теңгені
құрайды. Айтар болсақ, қазақстандағы екінші деңгей-
лі банктердің активтері 2014 жылдың 1 наурызындағы
жағдай бойынша 16 908 млрд теңгеге жеткен. Көріп оты-
рғанымыздай, ПИҚ инвестициялық тартымдылығын ха-
лықтың тек біраз бөлігі түсінеді (Оның үстіне, ПИҚ «ха-
лықтың» қаражаты азырақ. Өйткені аталған қаражаттың
көпшілігі кіретін ең төмен шегі жоғары және мерзімі ұзақ
жабық пай қорларына орналастырылған. – еск. GM).
– Бұл индустрияның дамуына не
кедергі келтіріп отыр?
– Бұған дейінгідей – халықтың
жеткіліксіз қаржылық сауаттылығы
мен инвестицияның бұл түріне
күмәнмен қарау. Өйткені бұл жерде
салымдардың кірістілігіне кепілдік
берілмейді. Соңғы бес жылда әлемдік
қор индекстерінің көрсеткіштері екі
есеге артқанымен, біздің халық әлі
де болса, қар нарығына инвестици-
ялар салуға дайын емес. Ақшаның
бәрін банктердегі жинақ шоттар-
да ғана сақтаудың қауіпті екендігін
байқатқан теңгенің таяудағы деваль-
вациясы да қазақстандықтарды са-
лымдарды оңтайлырақ салуға түрткі
35
№3(05) маусым 2014
InVeST Money
Пай қорлары
бола алмады. ПИҚ әлеуетті өсімін бі-
раз тыйым салып отырған қаржылық
реттеуіштің асыра консервативтік та-
лаптары мысалы, шетелдік эмитент-
тердің активтерін сатып алуға қойы-
латын талаптар да тежеп отыр. Десек
де, зейнетақы қорлары біріктірілген-
нен кейін инвестициялық қорлардың
портфеліне қойылатын талаптарды
жеңілдету жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесі болар деген үміттеміз.
– Пай қорлары қазақстандық
жеке инвесторлардың арасын-
да неліктен танымал емес деп
ойлайсыз?
– Қазақстандықтарды 2008 жылы
болған қаржылық дағдарыс кезіндегі
жоғалтулар қорқынышы тоқтатады. Күні бүгінге дейін
көпшілігі көптеген үлкен инвестициялық мүмкіншілік-
терден құр қалып, нарыққа кірмей, өз ақшаларын пай-
лық инвестициялық қорларға салуға қауіптенеді. Жеке
инвесторлардың көпшілігі өз қаражаттарын ұлғайтып,
өсірсем екен демей, жинақ шоттарында аман сақталса
екен дейді. Белгіленген пайыздық мөлшерлемедегі ин-
вестициялардың рекордтық төмен кірістілігі мен қор
нарығындағы ықтимал кірістің жоғары деңгейіне қара-
мастан, қазақстандық жеке инвесторлардың арасында
ПИҚ танымалдығы әлі де төмен. Қазақстандықтар ке-
лешегі бар мүмкіншіліктер мен қар нарығындағы са-
лымдардың тәуекеліне қарағанда, аз да болса, тұрақты
кірісті таңдайды.
Алайда, ПИҚ – ұзақ мерзімді инвестициялау құралы
екендігін, нарық міндетті түрде өсім циклдарынан да,
құлдырау циклдарынан да өтетінін, алайда басқарушы
«Халықтың пай-
лық инвестици-
ялық қор нарығына
деген сенімділігін
ұялату үшін бір-
неше жыл қажет
болуы мүмкін»
36
№3(05) маусым 2014
«Жеке инвестор-
лардың көпшілігі
өз қаражаттарын
ұлғайтып, өсір-
сем екен демей,
жинақ шоттарын-
да аман сақтал-
са екен дейді»
компания дұрыс таңдалған жағдайда инвестор бола-
шақта өз инвестицияларының жемісін көретінін түсіну
керек. Халықтың пайлық инвестициялық қор нарығы-
на деген сенімділігін ұялату үшін бірнеше жыл қажет
болуы мүмкін. Алдағы болашақта жеке инвесторлар та-
рапынан белсенді қызығушылық пайда болуы мүмкін,
алайда бұл үшін әлеуетті салымшыларға алғашқылық
банк депозиттеріне қарағанда кірісі жоғарырақ құрал-
дардың барын айтып жеткізу қажет. «Халықтық IPO»
мемлекеттік бағдарламасы инвесторлардың біразын
қор нарығына қайтара алады, қаржы құралдары кө-
бейіп, өтімділік көтеріледі деген үміттеміз.
– Сонда Қазақстанда депозиттердің баламасы бол-
мағаны ма?
– Шын мәнісінде ақпандағы девальвациядан келтіріл-
ген күйзеліс қаражаттың тіпті банк шоттарында тұрақта-
лу көрсеткішінің нашарлауына әкеп соқты. Халықтың
инвестицияларға деген сенімділігі қайта жоғалды. Бірақ
жақсы да жаңалықтар бар: болған үрей қор нарығын-
дағы сауда-саттықтардың белсенділігін арттырған. Егер
бұған дейін кейбір әлеуетті инвесторлар ақшаны банк
депозиттерінде сақтаған қауіпсіз деп санап, қор нарығы-
на ақша салуға күмәнмен қараса, қазіргі кезде олар басқа
да инвестициялық шешімдерді қарастыру, өз салымда-
рының портфелін диверсификациялауға әзір.
Салымдарға келер болсақ, бүгін қазақстандықтар де-
позиттерін доллардың пайдасына шешеді, яғни депозит-
терін доллармен ашады: соңғы деректер бойынша, аме-
рикалық валютаға елдегі банктердің 60% астам салымы
тиесілі. Пайлық инвестициялық қорлардың инвесторла-
ры болса, көбінесе консервативтік стратегиядағы ПИҚ
таңдайды. Біраз соңғы уақыттарда қазақстандықтарды
стратегиясы тәуекелді инвестициялар көбірек қызықты-
рып келеді.
– Қазақстандық пайлық қор портфельдерінің әдет-
тегі құрылымы қандай?
– Ағымдағы тоқсанның басында қазақстандық ПИҚ
жиынтықты инвестициялық портфеліндегі ең үлкен үлес
шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаз-
дарына салынған инвестициялар құрайды. Олардың көр-
сеткіші – 41,3%. Акционерлік қоғам болып табылмайтын
заңды тұлғалардың капиталына салынған инвестиция-
лар (жер телімдері, ғимараттар мен құрылыстар, салы-
нып жатқан және қайта құрылып жатқан жылжымай-
тын мүлік нысандары, жер қойнауын пайдалану құқығы
және басқалары) - 23,4%. ПИҚ инвестициялық порт-
феліндегі үшінші орында – ҚР эмитенттерінің мемлекет-
тік емес бағалы қағаздары – 1,9% (инвестиция көлемінің
91% астамы акцияларға тиесілі).
Егер біздің компанияның инвестициялық қорла-
рының портфелі жайлы айтар болсақ, қорлардағы
активтердің біразы мемлекеттік емес
қазақстандық компаниялардың об-
лигацияларына инвестицияланған.
Әдеттегі құрылым келесідей: 65% –
облигациялар, 25% – акциялар, 10%
– қаражат немесе РЕПО* нарығының
құралдары.
Өкінішке орай, Қазақстанда ин-
вестициялық құралдардың таңдауы
шектелген. Біздегі пайлық инвести-
циялық қорлар нарығы көрші Ресей-
ден біраз артта келеді. Бұған себеп
– жергілікті нарықтағы инвестици-
ялық мүмкіншіліктердің тапшылығы.
Егер отандық басқарушы компани-
яларға өзге мемлекеттердің екінші
және үшінші эшелонды бағалы қағаз-
дарына бұдан кеңірек қол жетімділік
берілген болса, бұл біздегі ПИҚ инду-
стриясының кірістілік деңгейін кө-
теріп, бәсекеге қабілеттілігін артты-
рған болар еді.
– Қазақстандағы ПИҚ нарығы-
на қатысты болжамдарыңызбен
бөлісіңізші.
– Біз ағымдағы жылда ПИҚ на-
рығы оң серпін көрсетеді деп күтіп
отырмыз. Әзірше қарқыны мейлін-
ше төмен болса да, бұл нарық сег-
менті одан әрі дамитын болады.
Бұл процесс үшін жауапкершілікті
басқарушы компаниялардың өздері
ғана емес, мемлекет те жауапкер-
шілікте. Нарықтың қол жетімділі-
гін алдымен, эмитенттердің өз-
дері үшін арттырудың маңызы зор.
Осылайша, біздің кен өндіру, теле-
коммуникация, өндіріс салаларына
инвестициялар салу үшін көбірек
құралдарымыз пайда болушы еді.
Қор нарығының дамуына қазақстан-
дық ПИҚ нарығының табыстылығы
да тәуелді болмақ.
* РЕПО – сату және кері сатып алу туралы
келісімнің қысқартылған атауы (repurchase
agreement). РЕПО мәмілесі – белгілі бір
мерзім өткен соң алдын ала уағдаласқан
бағамен міндетті түрде сатып алынатын
(сатылатын) бағалы қағаздарды сату (са-
тып алу) жөніндегі мәміле.
InVeST Money
Пай қорлары
38
№3(05) маусым 2014
ақшаны босқа құрту
Игорь Царев
Жоғары технологиялардың дамуы өмірге жаңа
бизнес-сегменттер әкеледі. Инновациялық
трендте ақша табудың ең кең таралған
тәсілдерінің бірі - танымал мобильді
платформаларға арналған қосымшаларды құру.
dIGITAl Money
Мобильді қосымшалар
39
№3(05) маусым 2014
dIGITAl Money
Мобильді қосымшалар
Жаппай «жұмылдыру»
J’son&PartnersConsulting консал-
тингтік агенттігінің берген бағасы
бойынша Android және iOS жетек-
ші мобильді платформаларындағы
қосымшалар саны өткен жылы әрбір
экожүйеге миллион бірлікке жетті.
Google корпорациясының PlayMarket
қосымшалар дүкенінде бағдарлама-
лар саны бәсекелестегіден әлдеқай-
да көп (2013 жылдың жазындағы
жағдай бойынша 100 мың дана),
алайда «алмалы» AppStore жүктеме-
лер саны жағынан да (21 млрд, 2012
жылы 15 млрд болатын), жасыл ро-
боттың көрсеткіштерінен төрт есе-
ге артық кірістілігі жағынан да алда
келеді.
J’son&Partners
аналитиктерінің
пікірінше, мобильді құрылғылар са-
нының өсуін, жаңа операциялық
жүйелердің (Android, iOS, Windows8)
пайда болуын, планшетті компью-
терлер санының артуын, мобильді
төлем жүйелері мен мобильді бан-
кингтің дамуын мобильді қосым-
шалар нарығындағы негізгі әлемдік
трендтке жатқызуға болады. Агент-
тік жүргізген зерттеу нәтижелері-
не сәйкес мобильді қосымшалар са-
татын дүкендердің кірісі 2012 жылы
15 млрд долларға жетіп, бір жыл-
дың ішінде 1,5 есеге өскен. Мобильді
құрылғыларға арналған қосымшалар
нарығы бес жылдың ішінде бірнеше
есеге артып, бүгінгі таңда ақпарат-
тық-технологиялық индустрияның
ең қарқынды дамып келе жатқан са-
лаларының бірі саналады.
«Өзіміздікі» және
«басқалары»
J’son&Partners сарапшыларының
айтуынша, қосымшалар мен кон-
тент дүкендері нарығындағы негіз-
гі ойыншылар – смартфондар мен
бағдарламалық
жасақтамалардың
өндірушілері жасап шығарған на-
тивті (нақты бір операциялық жүй-
еге немесе аппаратқа теңшелген)
сервистер. Осылайша, бүгінгі таңда
нарықтағы үлесі басым ең ірі 6 қатысушыны атап өтуге бола-
ды. Олар: AppStore (Apple), GooglePlay (Google), BlackBerryWorld
(BlackBerry), NokiaStore (Nokia), SamsungApps (Samsung),
WindowsPhoneStore (Microsoft).
Бұдан басқа, нарықта жылдан-жылға саны артып келе жатқан
тараптас әзірлеушілердің көптеген сервистері бар. Дүкендердің
көпшілігі қазіргі операциялық жүйелердің (Android, BlackBerry,
iOS, Java, PalmOS, Symbian, WindowsMobile) барлығына дерлік
арналған қосымшаларды ұсынып отыр. Дербес сервистер негіз-
гі ойыншылардан қалыс қалмауға тырысып, өз кезегінде пайда-
ланушыларға пайдалы қосымшалар ұсынып қана қоймай, сатып
алған тауардың бағасын банк картасымен де, PayPal оператор-
лық биллингі арқылы да, тіпті виртуалды валютаның көмегімен
де төлеу мүмкіндігін беріп отыр.
Android
Американың InternationalDataCorporation (IDC) аналитикалық
компаниясының деректері бойынша 2013 жылдың IV тоқсанында
Androidот Google операциялық жүйесіне смартфондардың әлемдік
нарығының 78,1% тиесілі болды (өткен жылы 793,6 млн мобиль-
ді құрылғы сатылған). Платформаның нарықты осыншама үлесте
қамтуының себебі – премиум-сегменттегі құрылғылардың да, бюд-
жеттік шешімдердің де көптеген өндірушілері кеңінен пайдаланып
отырған шығыс кодтың ашық болуында.
Қосымшаларды дайындап шығаратын әзірлеушілер үшін бұл
тек ең көп пайдаланушылар санын ғана емес, құрылғылардың алу-
ан түрлі спектріне байланысты қиыншылықтарды да білдіреді,
яғни бағдарламаларды әзірлеген кезде әртүрлі жұмыс өнімділігін,
көлемі әртүрлі дисплейлерді, жадыны және тағысын тағы да ескеру
Өткен жылдың соңын-
да Androidот Google
операциялық жүй-
есіне смартфондар-
дың әлемдік нарығы-
ның
78,1%
тиесілі болды
40
№3(05) маусым 2014
қажет. Ал бұл болса, бірнеше
интерфейстің
жобалануына
жұмсалатын шығынның көбей-
іп, қосымша сынақтаудың жүр-
гізілуіне әкеледі.
Оның үстіне, Android плат-
формасын
пайдаланушылар
қосымшалардың белсенді са-
тып алушыларына жатпайды,
өйткені олардың көпшілігі –
артық шығындарға үйренбе-
ген бюджеттік аппараттардың
қожайындары.
Сонымен
қоса, ақылы бағдарламалар-
дың көбісін, нақтырақ айтқан-
да, олардың бұзып ашылған
нұсқаларын тараптас IT-фо-
румдарында тегін жүктеп алуға
болады.
Android – GooglePlay қо-
сымшалар дүкенінде тірке-
лу оп-оңай. Жеке Google-акка-
унт болып, банк картаңыздан
25 доллар аударып, қосымша-
ларды жүктеп алсаңыз болды.
«Ізгілік корпорациясы» жүк-
телетін қосымшаларға Apple
сияқты жоғары талаптар қой-
майды. Сол себепті де бұл плат-
формамен жұмыс істеген жеңіл.
iOS
Apple мобильді құрылғыларының операциялық жүйесі еш жер-
ден қалмайтын Android сияқты кең таралмаса да, пайдаланушыла-
рының басым бөлігі қалталы азаматтар болғандықтан, анағұрлым
«пайдалы». IDС деректері бойынша 2013 жылдың IV тоқсанында
смартфондардың әлемдік нарығындағы үлесі небәрі 17,6% (өткен
жылы сатылған 153,4 млн мобильді құрылғы) жеткен iOS-не дүние
жүзі бойынша сатылымдардан түскен бүкіл кірістің жартысы – 6
млрд доллардан астам
тиесілі. Айфондарға арналған қосымшаларды әзірлеудегі тағы
бір артықшылық – жобалау кезінде экрандардың тек бірнеше өл-
шемдерін ескеру қажет. Apple қосымшаларға қоятын артық қатал-
дық пен мін таққыштық әзірлеушілердің біразының басын қаты-
руда. Бағдарламаларды үнемі жетілдіріп отыру – купертинолық
компаниямен арадағы ынтымақтастықтың ажырамас бөлігі. Әзір-
леушілердің көбісі Apple тарапы қосымшаларды өте ұзақ тексе-
ретіндерін және нәтижесінде дүкендерге орналастырудан бас тар-
тып жататындарын айтып қынжылуда.
iOS арналған қосымшалар әзірлеушісінің аккаунты жылына 99
доллар. Бұл өз туындыңды AppStore жүктеп, ақша таба бастауыңа
iOS-не дү-
ние жүзі
бойынша
сатылған
қосым-
шалар-
дың са-
тылымда-
рынан
түскен
бүкіл
кірістің
жартысы
тиесілі
құқық береді. Бағдарламаның сапа-
сы мен танымалдығы жоғары болған
сайын, келтірілетін кіріс те жоғары
болады.
Біздегі жағдай қандай?
Сарапшылардың бағасы бойын-
ша Қазақстанда мобильді қосым-
шалар шығару индустриясының әлі
де кенже қалып отырған жайы бар.
«Award.kz Ұлттық интернет-сый-
лығы» қоғамдық қорының GM ди-
ректоры Константин Горожанкин-
нің айтуынша, біздің елде жақсы
әзірлеушілер жоқтың қасында, ал
мұндай кәсіби қызметтерді ұсына-
тын веб-студиялар одан да аз. Сол
үшін де отандық банктер мен ірі
компаниялар мобильді қосымша-
ларға тапсырысты тәжірибелері
dIGITAl Money
Мобильді қосымшалар
41
№3(05) маусым 2014
МәССАғАн!
Ең ҚыМБАТ ҚоСыМШАлАР
Американдық Apple корпорациясы-
ның интернет-дүкендеріндегі кейбір қо-
сымшалар жайлылықты жоғары қойып,
әртүрлі сауықтыруларға қыруар ақша
жұмсауға дайын миллионерлер мен мил-
лиардерлерге арналған. AppStore ең қым-
бат қосымшаларымен таныс болыңыздар:
VIP Black (999 доллар). Ең қымбат
мейрамханаларды, қонақ үйлерді, жеке
ұшақтарды, яхталарды және т.с.с. іздеу
қосымшасы. Мұндай қосымшаларды пай-
даланушылар жеңілдіктерге ие болып,
арнайы бонустар мен сыйлықтар ала
алады. Бір айтары, бұл қосымшаны есеп
шотыңызда бірқатар қаражат сомасы-
ның бар екенін растаған соң ғана жүктей
аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |