Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже



бет1/9
Дата24.05.2023
өлшемі308 Kb.
#96435
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже

ПСМ 04-01-15

1-редакция

18 беттің 3-парағы




«Самұрық-Энерго» АҚ
Басқармасының шешімімен
бекітілген
2016 жылғы « __» ________
№ __________ хаттама
КОРПОРАТИВТІК МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже
МЖЕ 04-01-16


Астана 2016


Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағы




р/с

Өзгеріс нөмірі

Беттің нөмірі

Өзгеріс/толықтыру енгізілген күн

Тексеріс жүргізілген күн

Жауапты тұлғаның қолы

1

2

3

4

5

6

































































































































































































































































































































    1. Мақсаты




  1. Активтерді және пассивтерді басқару комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Активтерді және пассивтерді басқару комитетінің (бұдан әрі - АПБК) мәртебесін, негізгі тапсырмалары мен міндеттерін, құрамын, отырыстарын шақыру мен өткізу, оның шешім қабылдау және рәсімдеу тәртібін анықтайды.

  2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.




  1. Қолдану аясы




  1. Осы Ереже ішкі реттеуші құжат болып табылады және Қоғамның барлық ҚБ-лары мен қызметкерлеріне қолданылады.

  2. АПБК шешімдері, оның құзыреті шегінде, Қоғамның барлық ҚБ-лары мен қызметкерлерінің орындауына міндетті және Қоғам Басқармасы және Қоғамдың Директорлар кеңесі үшін ұсыныс сипатына ие.




  1. Анықтамалар мен қысқартулар




  1. Осы Ережеде мынадай анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

  1. ЕДБ – екінші деңгейлі банк;

  2. ІНҚ – ішкі нормативтік құжат;

  3. Жұмыс органы – қазынашылық операциялар үшін жауапты Қоғамның ҚБ;

  4. ҚБ – құрылымдық бөлімше;

  5. Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.


  1. Жауапкершілік



  1. Экономика және қаржы мәселелерін қадағалайтын Қоғамның басшысы осы Ережеде көрсетілген талаптарды және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды ендіруге жауапты.

  2. Корпоративтік қаржыландыру мәселелерін қадағалайтын Қоғам ҚБ-ның басшысы мыналар үшін жауапты:

  1. осы Ережеге сәйкес АПБК жұмысының ұйымдастырылуын бақылау;

  2. осы Ережеге басшылық жасау;

  3. осы Ереженің талаптарын ендіру;

  4. осы Ержеге сәйкес АПБК жұмысын ұйымдастыру;

  5. өз қызметтерін орындау барысында белгілі болған құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету.

  1. АПБК Төрағасы, АПБК мүшелері ҚР заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес қабылдайтын шешімдер үшін жауапты.

  2. Қоғамда қызметтік және коммерциялық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, АПБК Төрағасы, АПБК мүшелері, АПБК хаттамасы, оның отырысына шақырылған Қоғамның қызметкерлері және өзге де шақырылған тұлғалар АПБК отырысында алған құпия ақпаратты жариялағаны үшін жауапты.

  3. АПБК хатшысы мыналар үшін жауапты:

  1. күн тәртібінің жобасын қалыптастыру;

  2. бекітілген күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдарды жинау және АПБК мүшелеріне жолдау;

  3. АПБК отырысының хаттама жобасын әзірлеу, оны келісу және оған қол қою, отырыста қарастырылатын мәселелерді және орындау үшін қабылданған шешімдердің тиістілігі бойынша АПБК Төрағасына, АПБК мүшелеріне, сондай-ақ Қоғамның ҚБ-ларына үзінділерді беру;

  4. АПБК мүшелерін және шақырылған тұлғаларды Қоғамдағы Қызметтік және коммерциялық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқамамен таныстыру.

  1. АПБК мүшелері Қоғамның барлық ҚБ-ларынан АПБК құзыреті шегінде АПБК жұмысына қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрауға және алуға құқылы.

  2. Жұмыс органына және АПБК хатшысына материалдарды уақытылы ұсынбағаны және тиісті түрде ұсынбағаны үшін тиісті ҚБ басшылары жауапты.

  3. АПБК шешімдерін орындау үшін жауапкершілік АПБК нақты тапсырмаларды берген тұлғаларға жүктеледі.


  1. Нормативтік сілтемелер және ілеспе құжаттар




  1. Осы Ереже ҚР заңнамаларының талаптарын және Қоғамның мына ІНҚ ескере отырып әзірленді:

  1. Қоғамның Жарғысы;

  2. Қоғамның Ішкі нормативтік құжаттамасын басқару қағидаты;

  3. Қоғамдағы Қызметтік және коммерциялық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

  4. Қоғамның Уақытша бос ақша қаражатын орналастыру және есепке алу жөніндегі нұсқаулық;

  5. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Қазынашылық операциялар жөнінжегі корпоративтік стандарт;

  6. Қоғамның банк-контрагенттерге баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша шектелімдер белгілеу қағидаттары;

  7. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның және барлық дауыс беретін акциялар «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі заңды тұлғалардың ақшаны басқарудың бірыңғай саясаты;

  8. Қоғамда Құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаты.


  1. Жалпы ережелер




  1. АПБК Қоғамның белсенді және пассив операциялар жасау жөніндегі саясатын анықтайтын тұрақты қызмет ететін алқалық консультациялық-кеңестік органы болып табылады.

  2. АПБК Қоғам Басқармасының шешімі негізінде құрылады, Қоғам Басқармасының бақылауында және тікелей оған есеп береді.

  3. АПБК-ның негізгі мақсаты Қоғамның белсенді және пассив операцияларды жүргізумен байланысты осы Ережеде көзделген мәселелер бойынша шешімдердің уақытылы және сапалы қабылдануын қамтамасыз ету болып табылады.

  4. АПБК осы Ережеге сәйкес Қоғам Басқармасы берген өкілеттіктер шеңберінде әрекет етеді.

  5. АПБКУ өз қызметінде ҚР қолданыстағы заңнаманы, Қоғамның ІНҚ, осы Ержені, сондай-ақ АПБК-ның шешімдерін басшылыққа алады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет