Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру қағидаттары

бет3/7
Дата17.09.2022
өлшемі108,81 Kb.
#39338
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қаржы жүйесі

Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандаралған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақшалай қатынастармен көрінетін экономикалық категория, қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын құрудың экономикалық нысаны және мемлекеттің негізгі қаржы жоспары.

Мемлекеттік бюджет орталық (Республикалық) және жергілікті бюджеттер (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерінді) кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар– қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттілік- терді қаржыландыру үшін тартылатын қаржылық ресурстарды қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.

Қалыптасу көздері:

-арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;

-бюджеттен берілетін субсидиялар;

-қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

-ерікті жарналар және қайырмалдықтар.

Мемлекеттік кредит– мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредиттік қатынастардың жиынтығы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет