Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Сақтандыру – шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының табыстарындағы ысыраптарды өтеуге арналған ақшалай жарналар есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.

Сақтандыру буындары: әлеуметтік (барлық әдістер), жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуе-келдерді сақтандыру, медициналық сақтандыру және т.б.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
-материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;
-қызметтер сферасы салаларының ұйымдары мен мекеме- лерінің қаржысы.
Бірінші қосапқы буында - материалдық өндіріс сферасы қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған акшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелері шешіледі.
Бұл қосалқы буынның қаржысы ондірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға қаржылық тұтқалардың белсенді ықпалын қамтамасыз етеді. Бұған төменгі буындар мен олардың жоғарғы органдарын қамтитын мына құрамдастардың: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы шаруашылык шүргізуші субъектілерінің, құрылыстың, байланыстың (өндіріске қызмет көрсету бөлігінің), өндірістік кооперацияның, су шаруашылығының, геологиялық барлау ұйымдарының, материалдық-өндіріс сферасының басқа қосалқы салаларының (айнапыс сферасында өндіріс үдерісінің жалғасымен байланысты мемлекеттік сатып апулар, дайындау, сауда) қаржылары жатады.