5.2 Жүктерді сақтандыру
Жүктерді сақтандыру – мүліктік сақтандыру түрі. Мұнда құрғақпен, су және әуе жолдарымен тасымалданатын жүктер опат болғанда (зақымданғанда) залалды өтеу көзделеді. Сақтандыру талаптарында “қоймадан қоймаға дейін” деген ескерту болуы мүмкін, бұл ескертуге сәйкес жүк сатушының қоймасынан сатып алушының қоймасына дейін сақтандырылды деп есептеледі. Сақтанушы көлік тасымалына кез келген қатысушы – сатушы немесе сатып алушы болуы мүмкін. Бұл мәселе тараптардың заңды, экономика өзара қатынастарына, өнімді жеткізу талаптарына қарай шешіледі; су жолымен тасымалдау кезінде СИФ, ФОБ, КАФ және сирегірек ФАС мәмілесі қолданылады, т. ж. және автокөлікпен тасымалдауда франко-шекара, франко-вагон, франко-қойма, тағы басқалар қолданылады.
СИФ (ағылшынша СІФ – цост, інсұранце, фреігїт – құн, сақтандыру, кірепұл) – талаптары бойынша сатушы жүкті жөнелтілетін жерге жеткізуге, оны тиеуге, кемені жалдауға және кірепұлды төлеуге, жүкті тасымалдау кезінде оны тасымалдаушы сатып алушыға өткізгенге дейін сақтандыруға міндетті. Бұл мәміледе жүк әдетте барлық тәуекел үшін жауапкершілікпен сақтандырылады. Тасымал мен сақтандыру жөніндегі қамқорлықты сатушыға жүктеген сатып алушы кез келген жағдайда не жүкті, не өтемақыны алуға тиіс. СИФ мәмілесі бойынша сақтандыру сомасы сатылған тауардың құнына сәйкес келуге тиіс.
ФОБ (ағылшынша ФОБ – фрее он боард – бортта азат) талаптарына негізделген мәміледе жүкті өзінің есебінен тасымалдау, оны тасымалдау кезінде сақтандыру міндеті сатып алушыға жүктеледі. Сатушы жүкті бортқа тиеуге міндетті, бұған дейін тәуекел оның өзіне жүктеледі.
ФАС (ағылшынша ФАС – фрее алонгсіде сһіп – кеме бортының бойында азат) талаптарына негізделген мәміленің заңды мазмұны ФОБ талаптарына ұқсас. ФАС мәмілесінде сатушы тауарды кеме бортына жеткізген уақыттан бастап жүк сатып алушының тәуекеліне көшеді, яғни ФАС мәмілесі бойынша жүктегі сақтандыру мүддесі сатып алушыда ФОБ мәмілесі кезіндегіден ертерек пайда болады.
КАФ (ағылшынша ЦАФ – цост анд фреігһт – құн және кірепұл) мәмілесінде сатушының міндеті – тасымалдау шартты жасау және жүкті бортқа жеткізу. Жүкті тасымалдау кезінде сақтандыру міндеті оның бортқа өтуі сәтінен бастап сатып алушыға жүктеледі
Достарыңызбен бөлісу: |