4.2 Жазатайымжағдайлардан сақтандыру Жеке сақтандырудың неғұрлым кеңінен таралған түрі болып жазатайым жағдайлардан сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың осы түріне қатысты жазатайым жағдай деп ойда жоқта болған, сақтандырылушының денсаулығына нұқсан келтірген немесе оның өліміне әкелген нақты жағдайды айтады. Жазатайым жағдайдан сақтандыру келесімшарты кез келген мерзімге немесе сақтанушының белгілі бір жұмысты орындаған уақытқа, жолсапарда болған кезде және тағы басқа жағдайларда жасалуы мұмкін. Нақты келісімшарттың күшінде болу мерзімі екі жақтың келісімі бойынша белгіленеді.
Сақтандыру келісімшарты күшінде болған кезеңде сақтанушының негізгі міндеттері:
- сақтандырушыға қауіп-қатер деңгейін айқындау үшін маңызы бар сенімді ақпаратты хабарлау;
- сақтандыру жарналарын уақытында төлеу;
- сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, болған жағдайды бұрмалаусыз тірекуге мүмкіндік беретін өзіне мәлім кез келген әдіспен белгіленген уақыт шеңберінде сақтандырушыны хабардар ету.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру келісімшарты мынадай жағдайларда тоқтатылады:
- келісімшарттың әрекет мерзімі біткен уақытта;
- сақтандырушы өз міндеттерін толық көлемінде орындаған жағдайда;
- сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда;
- сақтанушының сақтандыру жарнасын төлемеген жағдайында сақтандырушының талабы бойынша;
- сақтандырушының сақтандыру ережесін бұзуына байланысты сақтанушының талабы бойынша;
- екі жақтың келісімі бойынша;
- егер сақтандырылған адам сақтандыру жарнасын төлеуді өз міндетіне алмаса, сақтандырушы – заңды тұлғаның жойылуына байланысты.
Жазатайым жағдайлардан сақтандыру кезінде сақтандыру келісімшарты күшінде тұрған уақытта болған оқиғалар сақтандыру оқиғалары деп танылады:
- сақтандырылған адамның жалпы еңбекке қабілеттілігін уақытша жоғалтуы;
- сақтандырылған адамның жалпы еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалтуы;
- сақтандырылған адамның жарақат алудан, қатты уланудан немесе басқа жазатайым оқиғадан қайтыс болуы.
Сақтандыру оқиғалары болып келесілер есептелмейді:
- сақтандырылушының қасақана қылмыс жасап, сақтандыру оқиғасына себепші болуы;
- пайда алушының сақтандыру оқиғасын көздеген және себепші болған қасақана қылмыс жасауы;
- сақтандырылушының ішімдік, есірткі және уландыру заттарына мас болып көлік жүргізуі;
- сақтандырылған адамның өзіне-өзі қасақана жарақат жасауы.
Сақтандыру жағдайы болған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға келісім-шарт бойынша шартты сақтандыру өтемін төлеуге міндетті. Келісім-шарт бойынша сақтандыру өтемі сақтандыру сомасынан аспауы тиіс. Бақытсыз оқиға нәтижесінде қайтыс болған сақтанушыға сақтандыру сомасы, сақтандыру төлем көлемінде төленеді. Егер, бақытсыз оқиға мүгедектікке әкеліп соқса сақтандыру өтемі келесі мөлшерлерде төленеді:
I топ - сақтандыру сомасының 100% көлемінде;
II топ - сақтандыру сомасының 80% көлемінде;
III топ - сақтандыру сомасының 60% көлемінде.
Егер бақытсыз жағдай өлімге немесе мүгедектікке әкеліп соқпаса, бірақ сақтанушы үздіксіз мерзімді (5 күннен аз емес) станционарлық және амбула-ториялық емдеуді талап етсе, әр емделген күні үшін сақтандыру сомасының 0,5% төленеді, ол төлемдер 50 күн үздіксіз емдеуден артық төленбейді. Сақ-тандыру төлемін бөліп төлеу кезінде, сақтандыру төлемі жылдық сома және түскен сома айырмасы көлемінде сақтандыру өтелімінен ұсталынады. Егер, бақытсыз оқиға нәтижесінде, ұзақ стационарлық және амбулаториялық емдеу қажет етілген жағдайда, сақтандыру өтелімі төленіп кетсе, онда мүгедектікті тағайындағаннан кейін сақтандыру өтемін төлеуде алдын ала төленген өтелім сомасы ұстап алынады. Сақтандыру өтелімі келесі жағдайда төленеді:
сақтанушы мерт болған жағдайында – заң бойынша пайда алушыға (выгодоприобретатель) және мұрагерге;
мүгедектік байқалған кезінде, амбулаториялық және стационариялық емдеуде – сақтанушының өзіне (егер сақтандырылған бала болса – сақтану-шыға).
Сақтандыру өтелімін алу үшін сақтанушы сақтандырушыға келесі құжат-тарды шұғыл түрде тапсыру керек:
а) мүгедектілік тағайындалған жағдайда:
- арызын;
- сақтандыру полисін;
- бақытсыз жағдай туралы акт немесе медициналық мекеменің анықтама қағазын;
- мемлекеттік өкілетті органның мүгедектік туралы бекіттемесін;
б) стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде:
- арызын;
- сақтандыру полисін;
- еңбекке жарамсыздық туралы қағаз немесе медициналық мекеменің анықтамасын;
в) сақтанушының мерт болған жағдайында пайда алушы және мұрагер сақтандырушыға заң бойынша мынадай құжаттарды тапсыруға міндетті:
арызын;
сақтандыру полисін;
- бақытсыз жағдай туралы акт немесе анықтама қағазын;
- өлім туралы куәлігінің көшірмесін;
- мұрагерлік құқық туралы куәлік.
Сақтандыру өтелімі мыналар үшін төленеді:
жарақаттар (соғып алу, жаралау, буыннын таюы немесе сүйектін сынуы, патологиялық сынықтардан тыс, бұлшық еттердің ыдырауы, еріндердің кебірсуі, ішкі органдардың зақымдалуы, үсіп қалуы, тістердің жарақаттық жойылуы, құлаққа зақым келуі, тоқпен соғу, басылып қалу), бақытсыз оқиғасының нәтижесінде, улы өсімдіктер, химиялық заттардың, сапасыз тағамдардың (сальмонеллеза, дизентерия), ішкі органдарды алып тастауға мәжбүрлеген – дәрі дәрмек, патологиялық босану, маткадан тыс жүкті болу, клещ энцефалитімен ауру әсерінен улану, егер олар сақтандыру келісім шарттың мерзімінде орын алса;
жоғарыда көрсетілген жағдайлардан басқа жағдайда сақтанушының мерт болуы, сондай-ақ дем алу жолдарына басқа заттардың кездейсоқ түсуі.