«Құрылыста есепке алуды жүргізу» шығарылымында көрсетілген есепке алу әдістемесін қолдануға болады [2]. Егер де есепке алу нақты өзіндік құн бойынша жүргізілсе, онда материалдардың әрбір жеткізілуі кезінде көліктік-дайындық шығындар сомасын келіп түскен материал түрлерінің арасында олардың келісім – шарттық бағасы, саны, көлемі және салмағына пропорционалды түрде бөлуді жүзеге асыру қажет. Мұндай есеп те үлкен қиындықтарды тудырмайды және бухгалтерлік есепте, ең бастысы салықтық есепте қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Құрылыс кәсіпорындары орталық қоймадағы материалды запастардың синтетикалық және аналитикалық есебін 1300 «Материалдар» бөлімшесінің барлық шоттарын қолдана отырып жүргізеді.
Құрылыс кәсіпорындарын материалдық – техникалық жабдықтаудыңерекшелігі өндірістік технологиялық кешеннің арнайы басқармасын тарту мүмкіндігі болып табылады [2]. Олар құрылыс кәсіпорындарының қажеттіліктеріне қарай құрылыс материалдарын жабдықтаушылармен келісімді жүзеге асырады, жеткізуді бақылайды және құрылыс кәсіпорнынан делдалдық қызмет үшін қажетті құрылыс материалдары кешені түрінде сыйақы алады. Өндірістік – технологиялық кешеннің арнайы басқармасы ережеге сәйкес материалдардың пайдалануы жүзеге асырылатын құрылыс орнына олардың қажетті ассортименті мен қажетті көлемде уақытылы жеткізілуіне жауапкершілікте болады. Мұндай материалды – техникалық жабдықтау тәртібі құрылыс – монтаждық жұмыстарды «шарлап монтаждау» әдісімен жүргізетін құрылыс кәсіпорындары үшін ыңғайлы, яғни бұл жерде құрылыс материалдары, конструкциялар мен бөлшектер нысанға белгілі бір жұмыс түрлерін орындау графигіне сәйкес жеткізіледі және алдын ала қоймада сақталусыз қолданылады [6].
Материалды құндылықтардың келіп түсуі әрбір жағдайда бірыңғай схема бойынша көрсетіледі. Жіберілетін жүк құжаттарымен бірге жабдықтаушылардан (ӨТКБ, тапсырыс беруші) алынған шоттар, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналында тіркеледі, сонымен қатар осы журналға қоймаға материалдардың түсуі туралы жазбалар, шотты төлегені туралы берілгендер, акцептен бас тарту және т.б. туралы жазбалар енгізіледі. Материалдарды көліктік кәсіпорыннан немесе жабдықтаушы қоймасынан қабылдап алу, экспедитормен берілген сенімхат негізінде жүзеге асырылады. Алынатын материалдардың құжаттарда көрсетілген берілгендерге сәйкес келуі жағдайында, қосымша құжаттардың құрылуы талап етілмейді. Келіп түскен материалдардың саны, сапасы және ассортименті құжаттардағы берілгендерге сәйкес келмеген жағдайда, тиісті тәртіппен материалдарды қабылдау туралы акт құралады. Актінің 1 данасы материалдардың келіп түсуін есепке алу үшін бухгалтерияға, 2-ші данасы жабдықтаушыға наразылық білдіру үшін негіз болады. Қателіктер болған жағдайда темір жолға немесе кеме жолына наразылық білдіру үшін негіз болатын коммерциялық акт жасалады.
Ай сайынғы орындалған құрылыс – монтаждық жұмыстардың есебі кәсіпорын мен мердігерлердің өзара келіскен формалары бойынша, яғни нақты орындалған жұмысқа