толтырылған наряд бойынша жүргізіледі.
Экспедитормен материалдарды орталық қоймаға немесе өндіріске өткізу кезінде 2 данада кіріс ордері рәсімделеді. Бір данасы қоймада қалып, ал 2-шісі экспедитордың есебі үшін ақталу құжаты болып қызмет етеді, оның негізінде журналда келіп түсетін жүктерді есепке алу туралы жазба жасалады, одан кейін ол материалдардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға беріледі. Орталық қоймадағы материалдардың аналитикалық есебі өндірістік кәсіпорындардағы тәртіппен жүргізіледі: материалдардың қоймалық есепке алу карточкаларындағы әрбір номенклатуралық нөмірі бойынша сандық өлшеуімен. Жазба үшін негіз болып кіріс және шығыс құжаттары табылады (кіріс ордері, материалдарды қабылдау актісі, коммерциялық акт, лимитті – заборлы карта, материалдарды ауыстыруды талап ету актісі (қосымша жіберу), тауарлы – көліктік накладной және т.б.). 1 ай ішінде барлық келіп түскен құжаттар бірінші деңгейлі құжат реестерінде кіріс пен шығыс бойынша жеке көрсетіледі және жүйелі түрде бухгалтерияға синтетикалық есеп жүргізу үшін беріледі. Бұдан басқа, материалдардың қалдықтарын есепке алудың жылдық ведомосты (сальдолық кітап) жүргізіледі, бұған материалдарды қоймалық есепке алу карточкаларының нәтижелік берілгендері бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың әрбір 1-ші күніне берілгендер кіргізіледі. Бұл құжатты тек қалдықтары ғана емес, сонымен қатар әрбір кезеңдегі материалдардың қозғалысын көрсететін сорттық айналым ведомостары ауыстыруы мүмкін. Айдың соңында бұл ведомостар таксировка және материалдардың синтетикалық есебінің берілгендерімен салыстыру үшін есеп бөліміне беріледі.
Келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша тіркеу нөмірі көрсетілген жабдықтаушылардың акцепттелген шоттары мен қоймаға материалдарды құндылықтардың түсуін айқындайтын құжаттар № 6 журнал – ордерді толтыру үшін негіз болып табылады. Бұл журнал – ордер оны толтырудың бірыңғай принциптерін қолдану арқылы жүргізіледі:
Аналитикалық және синтетикалық есептерді бірге жүргізу, хронологиялық тәртіппен есепті жүргізу;
3310 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті бойынша, дебеті бойынша да корреспонденцияланатын шоттар көлемінде әрбір шотты көрсетуге сызықтық позициялық әдісті қолдану (№ 6 журнал – ордердегі № 1 – 13 жазбаларды қараңыз)
Құрылыс кәсіпорындарында тауарлық босалқыларды өндіріске босату міндетті түрде бақылануы қажет . Бақылау мақсаты төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Алдын ала бақылау – өндірістің материалдық қажеттілігінің мөлшерін шектеу үшін орындалады. Босату мөлшерлік карталармен, толықтыру ведомостарымен жүргізіледі;
Ағымдағы бақылау – күнделікті қоймадан өндіріске босату кезінде жүзеге асырылады. Бұл жауапты тұлғалардан талап ететін құбылыс;
Кейінгі бақылау – өндіріске жіберілген босалқыларды есепті кезеңнің соңында жасалады. Бұл бақылау М-29 және М-19 формадағы есепті негізге ала отырып жасалынады.
Материалдарды, өнімді дайындауға, жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға босату алғашқы құжаттар арқылы жауапты тұлғалардың материалдық есебі негізінде келесі бухгалтерлік жазбалар:
— дебетінде 2930 «Аяқталмаған өндіріс», 8010 «Негізгі өндіріс», 8030 «Көмекші өндіріс», 8040 «Үстеме шығындар» шоттары, ал кредитінде 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1350 «Басқа да босалқылар» шоттары көрсетіледі.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де көбіне лимиттік – заборлық картаның М – 28 және М – 28А нөмірлі үлгілі түрлері қолданылады. Үлгілі түрі М – 28 лимиттік – заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін, босатуға арналған. Лимиттік – заборлық картаның бұл түрі құрылыс жұмысын проабтар немесе мастерлер тағы да басқа жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. М – 28 түрі лимиттік – заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталады.
Серіктестік үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М – 35 санды акт толтырады.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де сонымен қатар құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық – сорттық карточкасының орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы М – 19А санды карточкасын толтырып есеп беріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар (кіріс ету, босату, түгендеу) негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған (жұмсалған) материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.
Сатып алынған тез тозатын заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары эксплуатацияға берілгенге дейін 1315 « Басқадай материал» шотының 04 «Қоймадағы көп ретті пайдаланылатын заттар» аралық шотында есепке алынады. Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде 2417 «Инструменттер, өндірістік және шаруашылақ инвентарлары» шотында есепке алынады.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де өндіріс шығындарын есепке алу үшін 8110 «Негізгі өндіріс» 8310 «Көмекші өндіріс», 8410 «Үстеме шығындар» шоттары ашылған». Құрылыс – монтаж жұмыстарының барлық шығындары тікелей, үстеме және басқадай шығындарға бөлінеді.
Тікелей – мердігерлік мәмілемен байланысты тікелей шығындар. Оған материалдық шығындар, негізгі жұмысшылардың еңбек ақысы мен еңбекақыдан аударымдар, негізгі құралдарды және материалдарды құрылыс участігінде орын ауыстыру шығындары, участкеде пайдалану үшін жалға алынған негізгі құралдар бойынша шығындар, жобалау және авторлық бақылау шығындары, үшінші тараптың талабын қанағаттандыру бойынша шығындар енеді.