Қаржы мамандығы 3 курс 303 тобы бойынша студенттің өндірістік тәжірибе туралы есеп беру



бет3/6
Дата14.05.2023
өлшемі43,11 Kb.
#93144
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Akerke Toleugazy (Автосохраненный)

АдамдарҚоғамға, серіктестерге, клиенттерге және компания қызметкерлеріне деген адалдық – басты міндеттердің бірі. Құрылыс саласында кәсіби және жүйелі жұмыс істей алатын мамандар шеңберін құрып. Серіктестер ретінде ұсынылатын қызметтер нарығында өзін жақсы жағынан дәлелдеген сенімді компаниялармен ғана кәсіби келісім шартқа отырады.



Миссия- Әр түрлі мақсаттағы жылжымайтын мүліктерді құру, пайдалану және басқару бойынша кең ауқымды қызметтерді ұсыну. Клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ең жақсы орындарда сапалы құрылыс үймен темір жолдармен қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодесіне сай әр жұмысшының жеке мүддесі қорғалған және уақытылы жалақы беріліп басшылық тарапынан мотивациялық сыйақылар төленеді. Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері


туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және
қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды.
Қызметкерлері үшін ыстық тамақпен
қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, асхана бөлмесі арнайы тоңазытқыштармен микротолқынды пештер және қызметкерлердің ыңғайлығы үшін тегін шай, кофе өнімдері ұсынылған. Ал офис қызметкерлері үшін арнайы демалыс орындары мен топтық жиналыстарға. Проекттерге арналған жиналыс бөлмелері арналған. Ай сайын қызметкерлердің қарым- қатынастарын жақсарту мақсатында ұйым тарапынан тимбилдингтер және тренингтер өткізіледі. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру
бойынша жүйелі вебинарлар мен онлайн жиналыстар ағымдағы жаңалықтармен таныстыру, оқыту және мотивация беру процестері жүзеге асырылады, мемлекеттік тілді және ағылшын тілін
үйрету курстары ұйымдастырылған. Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік
пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе
ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйеннің нәтижесі атқарылған қызметтер яғни салынған, жөндеу жұмыстары жұргізілген үйлер темір жолдар. Қазақстан Республикасының Еңбек кодесін қатаң ескере отырып еңбек туралы келісім шарттар жасалған және сақталған. Қызметкерлердің жалақысынан ай сайын зейнет ақы қорына- 10%, медиңиналық сақтандыруға -3% салықтар ұсталынады. Кәсіпорын өз тарапынан медициналық сақтандырудың -2 % ай сайын мемлекеттің бюджетіне салық төлемдерін жүргізеді

1.2. Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттіліктерді анықтау


Құрылыс кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері:
Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
Өндірістік процестің ұйымдастырылуы және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі есептік жазбалардың қалыптасуы келісім – шартта айтылған барлық талаптарға көп тәуелді болады. Құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларының бейнеленуінде өзіндік ерекшелік бар.
Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен айырмашылығы, ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады [2]. Бұл өзіне тән ерекшелік бағаны құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын көрсеткенде және де инфляция мен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында бас мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысты.
Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру үшін ұзақ мерзім талап етіледі, сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін және бірнеше есептік мерзімді қамтиды.
Басқа өндірістерге қарағанда құрылыста өндіріс мерзімдерінің ұзақтығына және көптеген объектілерде бір мезгілде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс – монтажды өндірісті қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек ресурстарын, материалдар, жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар болады, олар міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
Құрылыс алаңында көптеген материалдар (кірпіш, құм) ашық жерде сақталады. Ұзақ уақыт бойы ашық жерде сақталса, метеорологиялық жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың тұтыну құны кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз беріледі. Олардың нақты шығынын есепте дұрыс көрсетуі үшін ай сайын инвентарлық есептеу жүргізу керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын анықтау және табиғи шығынды шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
Кейде құрылыс – монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын жерде жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның аумағында, электр құрылғыларының желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
Құрылыс өндірісі басқа да өндіріс түрлерімен байланыстарының күрделілігімен де ерекшеленеді. Құрылыс алаңдарында бір мезгілде жалпы құрылыстар, мамандандырылған және де басқа жұмыстар жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі мердігерлік құрылыс кәсіпорынның басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім – шартқа отырып, құрылыс – монтаж жұмыстарын жүргізу үшін басқа мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік деп аталады. Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің және субмердігердің қатысуы олардың қарым – қатынастарының күрделі жүйесінің қалыптасуны әкеледі, ол бухгалтерлік есеп жүргізуде дұрыс, әрі жүйеленіп көрсетілуі тиіс.
Келісім – шарт нақты белгіленген баға және ашық көрсетілген болып бөлінеді.
Ашық баға бойынша келісім – шарт құрылыс жұмысын жүргізу кезіндегі барлық нақты шығындарды өтейді.
Ал нақты баға белгіленген келісім – шарт бойынша құрылыс жұмыстарының нақты құны екі жақпен келісіледі.
Құрылыс өндірісінде жұмыстардың жүргізілуі мердігер мен тапсырушының арасындағы жасалған келісім – шартқа байланысты. Бұл шарт қаржылық есептеменің халықаралық 11 стандартының негізін ала отырып жасалады [3]. Яғни, стандартта көрсетілген түсім және мердігерлік келісім бойынша шығындар есебі төмендегідей тәртіпті анықтайды:
біріншіден, түскен түсім келісім бойынша және байланысты болуы;
екіншіден, есепті кезеңдегі түсім мен шығын істелген жұмыс түріне қарай біркелкі бөлінуі тиіс.
Есептеудің тәртібіне орай келісім төмендегі типтерден тұрады:
Бекітілген баға бойынша келісім, яғни баға шығындар өзгеруіне байланысты құбылмалы;
Шығындарды қосу арқылы немесе шығындар көлемін анықтап, пайыздық үлесімен анықтау.
Мердігер кәсіпорындар мен тапсырыс берушілердің келісім – шартының құрамында көрсетілген құрылыс өнімдеріне келісім бағалар ведомостын рәсімдейді. Аталған келісім бағалар ведомостының формасы № 1 формада көрсетілген.
Келісім әрбір құрылыс нышанына жеке – жеке жасалады, бұл құрылыс нышанының түрінің өзіне тән ерекшелігінің болуына байланысты.
Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы мердігерлік тәсіл болып саналады.
Құрылыс өнімінің күрделілігі, материалдық және адам ресурстарын бір шаруашылық субъектісіне біріктірудің мүмкін еместігі, құрылыс кәсіпорындарын мамандандыруға, олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажетілігіне, яғни лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады.
Орындалатын жұмыстың түріне байланысты құрылыс кәсіпорындары жалпы құрылыстық және мамандандырылған болып бөлінеді. Тапсырыс берушімен келісім – шарт қатынасының сипатына байланысты құрылыс – монтажды кәсіпорындар 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет