Қаржы мамандығы 3 курс 303 тобы бойынша студенттің өндірістік тәжірибе туралы есеп беру


бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі



бет4/6
Дата14.05.2023
өлшемі43,11 Kb.
#93144
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Akerke Toleugazy (Автосохраненный)

бас мердігер және субмердігер деп жіктеледі. Бас мердігермен өндірістік байланыстың ұзақтығына қарай кәсіпорындар тұрақты және жылжымалы субмердігерлер (мамандандырылған) деп бөлінеді. Тұрақты кәсіпорындар ұзақ мерзімді өндірістік байланыста болады. Жылжымалы кәсіпорындар үнемі қозғалыста болады. Осындай кәсіпорындар ірі құрылыс корпорацияларының құрамында анда – санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір аумақта жұмыс орындау үшін құрылады.
Бұл мақсат үшін қаржылық – шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары – «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8110 «Негізгі өндіріс», 8210 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8310 «Қосалқы өндірістер», 8410 «Үстеме шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.
Құрылыс кәсіпорындары бухгалтерлік есепті және қаржылық қызметті берушілікті ҚР Бухгалтерлік және қаржылық есеп берушілік туралы Заңына сәйкес жүргізуі тиіс [4].
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де бухгалтерлік есеп журнал – ордерді формада жүргізіледі.
Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:
Сатып алу бағасы;
Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе қарастырылған жағдайлармен анықталады.
Тауарлы – материалдық қорлар есебі № 7 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі қоймалы карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі. Тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық –дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады.
Егер келісім – шарт бойынша мердігерге тапсырыс беруші өз материалдарын беретін болса, онда олар баланстан тыс шотта жүргізіледі. Пайдаланылуы № 2 нысандағы акт бойынша рәсімнің төленуге тиісті материалдар көлемінің сомасын алып тастағанға тең болады.
Мердігерлер құрылыс өнім нысанын өз қажеттілігі немесе тура тапсырыс негізінде жасай алады. Бұндай жағдайда есептің кейбір түрлері пайдаланылуы мүмкін:
өз қажеттілігі үшін – құрылыс өнімінің өзіндік құнын құрайтын шығындар есебі 8110 «Негізгі өндіріс» шотында жүргізілді. Бұл шотқа кәсіпорынның өзінің шығарған шығындарымен қоса, субмердігерлердің жұмыс көлемдерінің шығындары шот бойынша енгізіледі.Әр айдың соңында 8110 шоттың сальдосы 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шотына апарылады. Бұл шот жинақтаушы қызмет атқарып,басқарушы есеп пен қаржылық есепті байланыстырады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысан дайын өнім ретінде сатылуға арналса, 1320 «Дайын өнім» шотына, ал егер негізгі құрал ретінде пайдаланылса, онда мердігердің 2410 «Негізгі құралдың тозуы және құнсыздануы» шотының дебеті бойынша кірістеледі.
Тура тапсырыс бойынша нысан мердігерлік мәміле бойынша салынып, шығындар 8110 «Негізгі құрылыс» шотында қалыптасады, № 2 нысандағы акт негізінде шығындар 7010 «Сатылған өнімнің өзіндік құны» шотына шығысталады. Осы қағидамен субмердігерлік кәсіпорындар есебін жүргізеді. ҚР Үкіметінің № 1328 15.10.01 жылда қабылдаған қаулысы бойынша құрылыс нысаны мердігердің иелігінде пайдалану актісіне қол қойылғанға дейін болады, соған орай № 268-ХІІ 24.12.94 жылдан қабылданған 236-баптың талаптары орындалуы керек [5]. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, тауарлы – материалдық қорлардың өзіндік құны өзіне запастарды сатып алуға кеткен, қазіргі кездегі олардың орналасқан жеріне жеткізумен байланысты көліктік дайындық шығындарды және олардың қажетті қалыпқа келтіру шығындарын өзіне біріктіреді. Құрылыста құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу орнына еңбек құралдарын тасымалдау бойынша шығындар үлкен маңызды орынға ие және де оларды есепке алудың дұрыстың ұйымдастырылмауы мердігерлік кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелігінен көрініс табуы мүмкін. Тәжірибе жүзінде бухгалтерлік көп жағдайларда есепке алуды жеңілдету мақсатымен тауарлы-запасты қорларды, құндылықтарды жеткізуге жүзеге асырылған нысанның құрылысы бойынша үстеме шығындардың құрамына кіргізеді. Бұл есепті кезең ішінде құрылыс материалдарын толық көлемде қолданбаған кезде, қолданылмаған материалдардың қалдықтарына кіретін, көліктік – дайындық шығындар сомасына есепті кезең шығындарының жоғарылуына әкеліп соғады. Сатып алынатын құрылыс материалдарының өзіндік құнына көліктік кәсіпорын қызметін төлеу шығындарын кіргізу қажет. Тауарлы – материалдық босалқыларды есепке алу бағалары бойынша өзіндік құннан ауытқуы мен қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру жағдайында 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет