Презентация Тақырыбы: Шоттар және олардың түрлері Shymkent 2022 Орындаған: Сапыбек Мадина,Сапарәлі Жәнел Тобы: Эф20 5кт



бет1/2
Дата10.10.2022
өлшемі2,77 Mb.
#42267
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
FFC


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Презентация
Тақырыбы:Шоттар және олардың түрлері
Shymkent 2022
Орындаған:Сапыбек Мадина,Сапарәлі Жәнел
Тобы:Эф20 5кт
Қабылдаған:Тулебаева Венера
Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашыдық қорларының әрбір түріне, олардың көдеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғаншқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауырстырылады.
Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебиті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және тағы сол сияқты мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.
Шоттың сол жақ бөлігі – ДЕБЕТ, ал оң жақ бөлігі – КРЕДИТ деп аталады.
Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және табы басқалары.
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналаған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резевтік капитал» шоты және тағы басқалары. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.
Активтік шоттағы жазулардың сызбасы мынадай түрге ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет