Қаржы саясаты -бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы саясатының мақсаты:
Қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады.
Қәзіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;
- Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;
- Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу
-Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету
- Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі
Қаржылық саясатқа:
Бюджеттік
Ақша
Несие
Баға және кедендік
Бюджеттік саясат- Бюджетте жинақталған ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады. Бюджет дегеніміз– мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген құжат
Қаржы саясатының міндеттері мен қағидалары:
Мемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады:
Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз ету
Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен ынталандыруды ұйымдастыру
Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау мен дамыту
қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру.
Қаржы механизмі
Экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысанының қаржы ресурстарын қалыптастырылып, пайдалану әдістеренің жиынтығы.
Әрбір экономикалық категория экономикалық қатынастардың түрлері, нысандары мен әдістеріне сәйкес өзінше ерекшеленеді. Осындай- қатынастардың түрі, нысандары және әдістері түсінігі- экономикалық өмірде сәйкес үрдістерді басқару құралы ретінде жүзеге асырылады. «Механизм» түсінігі экономикалық түсінікте белгілі бір қызметке өзгеріс әкелетіндей әрекет пен құрал мағынасын береді. Осыған сәйкес бұл түсінік қаржы саясатының міндеттерін атқарушы құрал ретінде қалыптасады. Қаржы механизмі толығымен шаруашылық механизмі ретінде жүзеге асырылады. Қаржы механизмі жүйелілік талдау, блок, элемент тәрізді буындардан тұрады. Қаржы механизмінің ішкі жүйесі дегеніміз қаржы механизмінің – қаржылық жоспарлау, қаржылық тетіктер мен күштер, қаржы механизмінің ұйымдық құрылымы мен құқықтық режимі, басқаруды ұйымдастыру сияқты ішкі күштерін құрайды.