Гипотеза бұл норманың қандай жағдайда қолдануы керектігін айқындайтын қаржылық-құқықтық нормалар.
Диспозиция тәртіптік ереженің мазмұнын құрайды. Яғни қаржылық қатынастардағы қатысушылардың міндеттері мен құқықтарының мазмұнын білдіреді, көпшілік қржылардың аясындағы істелген негізгі әрекеттерді тағайындайды. Қаржылық-құқықтық норманың диспозициясы қаржылық міндеттер арқылы расталады.
Санкция қаржылық құқықтық норманың бұзу салдарын қарастырады және осы норманы бұзушылық қаржылық құқықтық қатынасының түрлері мен жазалау шарларын анықтайды. Яғни заңдық жауапкершіліктің шараларын қарастырады және қаржылық құқықтық қатынастың диспозициясын бұзған жағдайда осы жауапкершіліктерді қолданады. Санкция мемлекеттің қабілеттілігін қаржылық құқықтық норманың сақталуына мәжбүрлейді. Сонымен ережелерді қорғау әрекеті болып қаржылық құқықтық нормалармен белгіленген қаржылық құқықтың санкциясы болып табылады
Қаржылық құқықтық санкцияларды қолданудың ерекшеліктері:
- олар барлық уақытта ақшаның өзгешелігін алып жүреді және ақшалық сипатта болады;
- олар әрдайым мемлекет алдындағы жауапкершілікті көрсетеді;
- санкцияның біржақты бағытталуының сипаты тән, яғни олар тек мемлекеттің қаржылық қатынастарына қарсы келетін тұлғаларға арналған;
- көптеген қаржылық құқықтық органдар мемлекеттің қаржы қатынастарының өкілдігін жүзеге асырушы субъектіге санкцияларды өз бетінше қолдану құқығын береді;
- қаржылық құқықтық нормалар ескертушілік, қалпына келтіру мен жазалаушы белгілерін қамтуы мүмкін.
Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік биліктік сипатта орын алады .
Достарыңызбен бөлісу: |