Қаржылық құқықтық қатынастар бұл мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында пайда болатын, қаржылық құқық нормаларымен реттелінген қоғамдық қатынастар болып табылады.
А.И. Худяков қаржылық қатынастарға төмендегідей түсіндірме береді: «қаржылық құқықтық қатынастар деп мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында, қаржылық-құқықтық нормалардың негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды, яғни қаржылық құқық нормаларымен реттелінген мемлекеттік қаржылық қатынастарды айтамыз».
Қаржылық құқықтық қатынастар:
- Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болады;
- Осы қатынастардың міндетті әрі тұрақты субьектілері мемлекет, қаржылық және басқа да өктем өкілеттіліктері бар мемлекеттік уәкілетті органдар болып табылады.
- Қаржылық қатынастар «басқарушылық-бағынушылық» сипатқа ие;
- Осы қатынастардың обьектісіне ақшалар немесе ақшалай міндеттемелер жататды.
- Олар, негізінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтындықтан әрқашанда бөлу сипатында болады;
- Бұл қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін, оның қаржылық құрылымдарын қалыптастыруды мемелкеттің ақшалай қорларын қалыптастыру процестерін жоспарлауды ұйымдастыруды, сол ақшалай қорларды пайдлануды білдіреді.
- Олар мемлекеттің материалдық базасын қалыптастыру барысында туындайтындықтан экономикалық сипатта болады.
Қаржылық құқықтық қатынастар түрлері:
Материалдық қаржылық құқықтық қатынастар ақша құралдарының тікелей қозғалысын белгілейді.
Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесінің, қаржы құрылысының, қаржы саласы аясындағы басқару жүйесін, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру мен бөлінуін жоспарлауын және оларды пайдалануды ұйымдастыруын белгілейді.
Материалдық қаржылық қатынастардың келесі айырықша белгілері бар:
- Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттің ақша қорының қалыптасуымен немесе бөлінуімен байланысты процесстерді белгілейді.
- Материалдық қаржылық қатынастардың объектісі ақшалар немесе ақшалық міндеттемелер болып табылады.
- Материалдық қаржылық қатынастар мазмұнын экономикалық қаржылық қатынастар құрайды.
Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді:
- Бюджеттік
- Бюджеттен тыс
- Қаржылық-банктік
- Қаржылық-сақтандыру
- Қаржылық-шаруашылық.
Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді:
- Біржақтылық-биліктік
- Келісімділік.
Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің құқығы көп болады, ал екінші жақтың міндеті көп болады.
Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі, ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады.
Қаржылық қатынастарды реттейтін нормаларға сәйкес бөлінуі:
Реттеуші - қаржылық қатынастар бұл қатынастардың субъектілеріне құқықтар мен міндеттер бере отырып, мемлекеттің қаржылық қызметіне қатысты реттеушілік функциясын атқарады.
Қорғаушылық - Қаржы қатынастарының субъектілерінің заңды мүдделерін мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін қаржылық қатынастар.
Қаржы қатынастарының субъектісі қаржылық құқыққабілеттілікке ие, яғни өзінде бар құқықтар мен міндеттердің арқасында қаржы қатынастарына қатыса алатын, тұлғаларды атайды. Қаржылық қатынастарының субъектісі болып:
- Мемлекет;
- әкімшілік аумақтық құрылымдар, мемлекеттің уәкілетті органдары;
- жергілікті мемлекеттік басқару органдары;
- заңды тұлғалар (мемлекеттік және мемлекеттік емес, коммерциялық және коммерциялық емес, резидент және бейрезидент);
- жеке тұлғалар (азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар) жатады.
Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді.
Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың пайда болуына заңды фактілер әсер етеді:
Әрекеттер азаматтардың саналы қызметінің өнімі болып табылатын, өз еркін білдіруден пайда болатын заңды фактілер (құқықтық және құқықтық емес).
Оқиғалар азаматтардың еркінен тыс пайда болатын заңды фактілер (адамның қайтыс болуы, төтенше жағдайлар).
Материалдық қаржылық қатынастардың пайда болуына мынандай заңды фактілер әсер етеді:
- Қаржы органдарымен индивидуалды қаржы актісін шығару;
- Қаржы заңнамасының күшіне сәйкес салық салынатын және азамат салық төлеуші ретінде болуы мүмкін объектіні иеленуден;
- Қаржылық шартын жасасу.
Қаржы қатынастарының тоқтатылуына әсер ететін әрекеттер:
А) қаржылық міндеттеменің орындалуы;
Ә) қаржылық шартты бұзудан;
Б) мемлекеттің өзінің қаржылық міндетін орындаудан біржақты бас тартуы;
Қаржы қатынастардың тоқтатылуына фактілер де әсер етуі мүмкін:
А) азаматтың қайтыс болуы немесе заңды тұлғаның таратылуы;
Ә) салық объектісі болып табылатын мүліктің жойылуы;
Б) отбасылық және әлеуметтік жағдайының өзгеруі.
Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер.
Қаржылық құқықтық актілер бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдері болып табылады. Қаржылық құқықтық актілер қаржылық құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе қолданыстан алып тастайды. Қаржылық құқықтық актілердің жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды.
Қаржылық құқықтық актілер келесілерге бөлінеді:
- Нормативті актілерге
- Нормаларды нақтылайтын жеке актілерге
- Заңнамалық актілер - шығарылатын заңдар, қаулылар
- Қосалқы актілер заңға негізделген нұсқамалар, бұйрықтар.
ҚР заңдары:
А) ҚР Конституциясы ҚР барлық аумақтарына тікелей әсер ететін жоғарғы заңды күші бар заң;
Б) Конституциялық күші бар ҚР заңдары;
В) Үкіметтік заң актілері (декларациялар, ережелер, қаулылыларжәне т.б.), ҚР заңдары, ҚР өкімдері;
Г) Қосалқы актілер:
- ҚР Президентінің қаулылары мен бұйрықтары;
- ҚР үкіметінің өкімдері мен қаулылары;
- министрліктердің нормативті актілері және басқа да атқарушы органдардың актілері;
- бұйрықтар, қаулылары, атқарушы органдардың нұсқамалары.
Д) Жергілікті басқару органдарының актілері тек облыста, ауданда, ауылдық жерлерде іске асырылатын нормативті актілер.
Жергілікті өзін-өзі басқару актілерінің түрлері:
- қаулы;
- шешім;
Е) Жалпыға бірдей қағидлар мен нормалар, ҚР мен іс жүргізуде қолданылатын халықаралық құқық пен келісімдер.
Достарыңызбен бөлісу: |