Бюджет заңнамасы - белгілі бір уақыт аралығында орындалуын міндеттейтін бюджеттің заңдылықты негізі және билік органдарның қаржылық-құқықтық актілердің жиынтығы.
Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
Бюджет дефициті – бюджет тапшылығы.
Бюджет профициті – бюджет кірістерінің оның шығыстарынан артуы.
Бюджет шығыстары – мемлекетті және жергілікті өзін-өзі басқару қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ақша құралдары
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз - қарастырылған нысанда қабылданған және зандық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер.
Тест:
1.Салықтық құқықтық нормалар дегеніміз:
А) халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны;
Ә) мемлекеттің қаржылық қызметі аясында пайда болатын қатынастардың қатысушыларына тәртіп ережелерін бекітетін құқықтық нормалар;
Б) салықтар мен салықтардың орнатылу мен енгізілуін, біржақты мемлекет бюджетіне эквивалентсіз, қайтарымсыз, мәжбүрлеу және міндетті, белгілі мерзімде, көлемде және ережелерге сәйкес түсуін ұйымдастыру болып табылады;
В) мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын салықтық қатынастардың қатысушылары үшін жүріп – тұру қағидаларын белгілейтін құқықтық нормаларды айтамыз;
Г) салық салудың ақиқаттылығын, айқындылығын, дұрыстығын түсіндіретін ататқы зерттеушілердің ой-пікірлері мен ілімдердің жиынтығы.
2. Қаржылық құқықтық нормалардың белгілесін көрсетіңіз:
А) уәкілетті мемлекеттік органдар тарпынан белгіленеді және мемлекеттік өктем – әмірлі сипатта болады;
Ә) Еріктік сипатта болады;
Б) Қаржылық құқықтық нормаларды орындау мемлекеттің ерікімен жүзеге асырылады;
В) Олар әрдайым мемлекет алдындағы жауапкершілікті көрсетеді;
Г) Әрқашанда бөлу сипатында болады.
3. Салықтық құқықтық қатынастардың қатысушыларына белгілі бір міндеттер жүктейтін және белгілі бір құқықтар беретін нормалар.
А) тыйым салушылық;
Ә) қорғаушылық;
Б) реттеушілік;
В) уәкілеттік;
Г) диспозитивтік.
4. Салық салу аясында қолданылатын құқықтық реттеу әдістеріне байланысты салықтық құқықтық нормалар бөлінеді:
А) реттеушілік, қорғаушылық;
Ә) міндеттеушілік, тыйым салушы, уәкілеттік беруші;
Б) тепе-теңдік, теңдік;
В) материалдық, ұйымдастырушылық;
Г) императивтік, диспозитивтік.
5. Салықтық құқықтық нормалардың элементтерін атаңыз:
А) гипотеза, санкция;
Ә) субвенция, субсидия;
Б) диспозиция, гипотеза, санкция;
В) диспозиция, гипотеза, субсидия;
Г) теориясы, гипотеза, санкция.
6. Айрықша қаржылық құқықтық нормалар негізінде мелекет пен салық төлеушілер арасында туындайтын қоғамдық байланыстарды қалай атаймыз:
А) қылмыстық құқықық қатынастар;
Ә) салықтық құқықтық қатынастар;
Б) азаматтық құқықтық қатынастар;
В) әкімшілік құқықтық қатынастар;
Г) қаржылық құқықтық қатынастар.
7. Салықтық қатынастар салық салу жүйесінің экономикалық және құқықтық мән –жайларына байланысты келесідей бөлінеді:
А) реттеуші, қорғаушылық;
Ә) біржақты-биліктік, келісімдік;
Б) материалдық, ұйымдастырушылық;
В) бюджеттік, бюджеттік емес;
Г) императивтік, диспозитивтік.
8. Салықтық - құқықтық реттеу пәніне орай салықтық құқықтық нормалар бөлінеді:
А) реттеушілік, қорғаушылық;
Ә) міндеттеушілік, тыйым салушы, уәкілеттік беруші;
Б) тепе-теңдік, теңдік;
В) материалдық, ұйымдастырушылық;
Г) императивтік, диспозитивтік.
9. Салықтық құқықтық қатынастардың құрамы:
А) гипотеза, диспозиция, санкция;
Ә) салық мәні, субъектісі, объектісі;
Б) салықтар, салық ставкасы, салық базасы;
В) салық көлемі, салық мерзімі, салық қызметі;
Г) салық базасы мен салық ставкасының өзі.
10. Салықтық құқықтық қатынастар қандай құқықтық қатынастармен ерекше байланысты болады:
А) азаматтық;
Ә) отбасылық;
Б) коммерциялық;
В) әкімшілік;
Г) қылмыстық.
1.мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы?
2. акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз?
4. талықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы
5. мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Достарыңызбен бөлісу: |