Қаржының басқа экономиялық категорияларыменбайланысы
Қаржы ресурстары және қалыптастырукөздері.
Дәрістің мақсаты:Қаржының мәнін, атқаратын қызметтерін және оның басқа экономиялық категорияларымен байланысын қарастыру; қаржы ресурстарының анықтамасын, мәнін ашуі
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құроайтын қатынстардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмысауға арналған мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс- қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттілігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады.
Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмысауға арналған мақсатты ақша – қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс- қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттілігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттілігімен байланысты болады.
Ақша қорларының бкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшклігі сол, олар экономиканы басқрудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан аудрылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.т.), яғни баламасыздықпен сипатталады
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде – бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын иемдене алмайды.