Арман Сқабылұлы «Табылдың махаббаты»



бет3/3
Дата28.11.2023
өлшемі23,08 Kb.
#130789
1   2   3
Байланысты:
Проза Мысал

Ине мен жіп

Дәреже қуған дәуір ғой,


(Дізерлеп отырғанша,
Қоқиып отыру тәуір ғой).
Инеге бір ой келді,
«Жұрттың түймесін қадап,
Құйрығын жамап,
Бүгісін бүгіс қып,
Тігісін тігіс қып,
Көр-жер жұмыс қып,
Оймақпен ойнап жүргенде,
Алдынан ешкім өтпейтін,
Қаптың аузын көктейтін,
Тебеннің өзі боламын,
Дегеннің өзі боламын.
Одан өсіп Біз боламын!»
Деп ине пайымдады,
Жіпке де орын дайындады:
– Бұл тірлік бізді жүдетеді.
«Ине өткен жерден жіп өтеді»,
Менің артымнан қалма,
Бақандай шуда жіп боласың,
Қаптың аузын «ұратын»
Нағыз ұр да жық боласың.
Сөйте-сөйте арқан болып кетесің,
Жіп боп жүріп не етесің,
Сонымен
Ине өсіп Біз болды,
Етікші бір жарып жүр,
Жіп өсіп арқан болды,
Әйелдер кір жайып жүр.


Арақ пен қымыз

Сәулетті біздің астанада,


Анығын айтсақ асханада,
Арақ пен қымыз танысыпты,
Өзара пікір алысыпты.
Арақ әдеттегідей қызу екен,
Сөйтсе де есі түзу екен.
Қымызға көзін қадап тұрып,
Жөн сұрапты арақ тұрып.
– Әй, сен осы қай елсің?
– Елім – «Жайлау», руым «Майемсін».
Арғы атамыз Денсаулық,
Ал өзіңіз қай елсіз?
– Ой, білмеймін ел-пеліңді,
Ұмытқалы қащан тегімді,
Тіл тигізем ата-анама,
О жағын жаным атама да,
Атым Арақ соны білем,
Біреулер «Ақа» дейді.
Енді біреулер «Көкмойын» дейді.
Алдыңнан қия өтпеймін дейді, –
«Ойбай-ау, ойбай, қырамысың?» –
Дегізіп жүрген менің градусым.
Белдесуге өзің тұрамысың? –
Деп кіжініп арындап,
Өңі бұзылып барылдап,
Біраздан соң тілі күрмеліп,
Есі бір шығып, бір келіп,
Аузы күнбатысқа қарап,
Құлап қалыпты Арақ.
Арақ ішкен адамды
Көріп жүр ғой көздерің.
Аңғарттым мен де шамамды,
Талқылаңдар өздерің.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет