Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет38/73
Дата20.08.2023
өлшемі3,41 Mb.
#105410
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
72
 
Жалдамалы жҧмыскердегі «Суырдың кҥні»
Ӛз қабілетіңнен артық сенетін 
қолдаушы жоқ.
Вовенарг Л.
 
 
 
Жалдамалы жҧмыскердегі
 
«Суырдың кҥні»
 
Бала тәрбиесінен кейін бәріміз зәру тақырып - 
кәсіпкер тәрбиесі тақырыбына ӛтуді ҧсынамын. Жақында 
бір досыммен кездестім, екеуміз менің бҧрынғы 
жалданбалы жҧмыс атқарып жҥрген кезімнен таныспыз. 
Досымды Ербол деп атайық. 2 сағаттық әңгімеміздің 
барысында Ербол ӛз ӛміріне шағым айтумен болды. 
Уақытының кӛп бӛлігін алатын жҧмысын балағаттады. 
Қиын міндеттерді жҥктейтін бастығына ренішін айтты. 
Шығынын әзер жабатын еңбекақысының аздығын айтты.
Мен Ерболдың ӛмірін елестетуге тырысып кӛрдім...
Сағат таңғы 7, сағат қоңырауы шырылдап жатыр, бҧл 
дыбысты қарғап-сілеп Ербол екі кӛзін уқалап әрең тҧрды. 
Бҥгінгі кҥні бір қызық болар деген ҥміт жоқ. Алдын ала
не боларын, не істерін біледі.Кешкі 6-ға дейін бір кҥндік 
ӛмір сҥріп, уақытын ӛткізіп, ҥйге асығады. Бірақ ҥйде 
не қызық бар? Жҧмысбасты әйелі қызметінен ҥлгермей, 
кешкі асқа бірінші қабаттағы дҥкеннен сатып алынған, 
дайын, жартылай фабрикатты дайындайды. Әртҥрлі 
жобалармен жегілген оның жалғыз мақсаты балаларын тез 
тамақтандырып, ҥйді реттестіріп болған соң ҧйқыға кету. 
Тек тамақтану ҥшін ғана бӛлмелерінен шығатын балалары 
ӛз мекендеріне қайта кіріп, виртуалды ӛмірге енеді.
Кешкі астан кейін Ербол ӛзінің сҥйікті диванына жатып
теледидар қосады. Бәлкім, осы бір сәт ҥшін қызықсыз


73
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
бір кҥні ӛткен шығар. Диван және теледидар - Ерболдың 
бір кҥнгі ең жағымды нәрсесі және дәл осы уақытты
ӛзінің ӛмірі деп санайды. Ертең болатын кҥнді ойлағанда 
кӛңіл-кҥйі тҥседі, бірақ кешке басқа адамдардың ӛмірін 
тамашалап, осы диванда қайта жататынын ойлап ӛзін 
жҧбатады. Ербол саяхатқа шығатын адамдардың, қызықты 
әрі пайдалы кездесулер ҧйымдастыратын тҧлғалардың, 
жеке бизнесін ашып, ӛз уақыты мен қаражатын бақылауға 
алған адамдардың ӛмірін кӛріп, бҧл адамдар бақытты, 
олардың жолы болды деп ойлайды.
Ерболдың ойына ол да осы адамдар секілді ӛмір сҥре 
алатыны кіріп шықпайды. Әлемдегі кӛп адамдар секілді 
оның міндеті 40 жыл бойы кҥніне 8 сағаттан жҧмыс жасау. 
Бҧның бәрі тек бір арманға, ӛзінің емес, қоғам таңдаған 
арманға – 63 жасында зейнетке шығу мақсатында 
жасалады.
Бірақ статиситика біз ойлағандай емес, әлемдегі 
90 пайызға жуық адам зейнеткерлік жасқа жетпей қаза 
табады (әсіресе еркектер) немесе кедейшілік жағдайда 
ӛмір сҥреді. Адамдардың 9% ғана ешкімнің кӛмегінсіз 
ӛзін-ӛзі орта деңгейде асырай алады. Тек 1% - лайықты 
қамтамасыздандырылған. 
Сіздердің 
ойларыңызша, 
тәуелділік пен кедейшіліктің шеңберінен шыға алған
осы 10% халық кім деп ойлайсыздар? Бҧл ӛз ӛмірлерінің 
билігін ӛз қолдарына ала білгендер. Ӛз мойындарына тек 
ӛздерінің ғана емес, басқалар ҥшін де жауапкершілікті 
алуға батылдығы жеткендер.
Білесіздер ме, мен де бір уақыттарда Ербол секілді 
ӛмір сҥрдім. Бірнеше жерде жҧмыс атқарып, бірнеше 
компанияларды ауыстырдым. «Шығатын жері қайда»
деп сҧрадым ӛзімнен. Бір кҥні мектеп кезімді, сол кездегі 
бизнес жасап, ӛз-ӛзіме билік еткен және менің ісім маған




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет