Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет37/73
Дата20.08.2023
өлшемі3,41 Mb.
#105410
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
70
 
Анаң істеуге болмайтын 4 нәрсе
да, менің намысыма тиген жоқ. Қатты ашуы келген кезде 
ҧрып алатын, бірақ оның ӛзінде ҥндемейтін. Ҧлағатты ісі 
осы әрекеттері болды деп ойлаймын.
Мамам менің жетістіктерге жететініме ешқашан 
кҥмәнмен қараған жоқ. Қандай идеямен келсем де, менің 
қолымнан бәрі келетініне сенімді бол деп айтатын. Анамның 
сенімдігі маған кҥш-жігер беріп, бастаған істерімді аяқтауға 
кҥш берді. Анамның арқасында қолымнан келмейді деп 
мҥлдем ойлаған емеспін.
Мамам мені ешқашан басқа балалармен салыстырған 
емес. «елдiн баласы» деген сӛз тіркесі қазағымыздың ең 
сҥйікті тақырыбы ғой. Менің достарымның аналары ӛз 
балаларының кӛзінше «Неге Алла тағала маған Арман


71
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
сияқты ҧл бермеді?» деп айтатын, бҧл бала ҥшін ӛте 
ауыр сӛздер. Ата-ана ӛз баласынан бас тартып, басқа 
баланы армандап отыр. Алла тағала сіздерге алмас беріп 
отыр, соны бедерлеудің орнына басқаның ӛңделген 
тасына қызығасыздар. Анамыз бізге әрдайым біздің 
ерекше екенімізді айтып, қолымыздан барлығы келетініне 
сеніммен қарайтын. Туған кезімізден бастап әлемді 
бағындырамыз деген 100 пайыздық сеніммен ӛстік, себебі 
бізді сол уақыттан бастап анамыз дҧрыс жолға бағыттап, 
бағдарлаған.
Мені әрқашан бақылауға алмай, таңдау қҧқығын 
берген. Мен қиын тәрбиеленетін балаларың бірі болдым, 
себебі ҥнемі тӛбелесіп, кӛше шиеленістеріне қатысып, 
милиция бӛлмесіне тҥскен кездерім болды, соған 
қарамастан анам ешқашан мені қатал ҧстаған жоқ. 7 
кҥннің 4 кҥнінде достарымның ҥйінде тҥнеген кездерімде 
ата-анам қай досымда жҥргенімді де білмейтін. Олар маған 
немқҧрайлы қарамады, керісінше еркіндік берді және 
менің аяқ-қолым байлаулы болмағандықтан, ӛз істеген 
істеріме ӛзім жауапты екенімді тҥсіндім. Соның арқасында 
қиын жағдайларға тап болған кездері әке-шешеме 
ешқашан жҥгінбедім, ӛз мәселелерімді ӛзім шештім. Ата- 
ана тарапынан сенімділік бала бойындағы жауапкершілікті 
арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет