Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет4/73
Дата23.07.2022
өлшемі3,41 Mb.
#37867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
7
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
ешқандай қолдау кӛрмей-ақ, қиындықтар мен кедергілерге 
толы қиын жағдайлардан ӛтіп, табысқа жету жолымды 
айтып беруімді ӛтінеді... Сҧрақтар ӛте кӛп, жауаптары 
да бар. Әрине, ӛз тәжірибеммен бӛліскім келеді. Ондағы 
мақсатым біреу-ақ, ол – қателіктерден сақтандырып, елдің 
әрекет етуіне серпіліс беру. Бҧл кітапты жазуда басқа 
мақсатым жоқ.


8
 
Бҧл кітап не ҥшін?
Біреулер, бәлкім, «кітап жазатындай соншама 
кімсің?!» деп те ойлар. Иә, мен әлемдік деңгейдегі ірі 
кәсіпкер емеспін, бірақ оны әлі уақыт кӛрсетеді. Және 
мен ӛте сенімді тҥрде айта аламын: ӛз пікіріңді білдіріп, 
жан- жағыңа кӛмек қолын ҧсыну ҥшін атақты болу шарт 
емес. Сенің тәжірибең бір адамға болса да пайдаға 
жарайтынына сенсең жеткілікті. Осы кітапты оқып, сіз ӛз 
кҥшіңізге сеніп,
«Оның істей алғаны неге менің қолымнан келмейді?» 
деп ӛзіңізге сҧрақ қояды деген ҥміттемін. Осы сҧрақты 
мен ӛзіме әрбір жаңа істі бастаған сайын қоямын. Және, 
білесіздер ме, бәрі ойлағандай болады!
Әрине, мҧның бәрі менің маңайымдағы адамдардың 
арқасында жҥзеге асады: олар – менің отбасым, достарым, 
серіктестерім. Нақты осы кітап жайлы айтар болсам,
егер тәжірибелі тілші әрі психолог ретінде танылып 
жҥрген Нҧрдана Кульбаева болмаса қалай болар еді? Ол 
әңгімелесу барысында сӛйлеп отырған сӛзіңнің тереңіне 
бойлап қарай алатын қасиетімен ерекшеленеді. Қазір 
Нҧрдана жас кәсіпкерлердің жеке брендін дамытуына 
кӛмектесумен бірге, оларды ынталандыру ҧшқынымен ӛз 
кәсібін де ашты.
Бҧл кітап кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті бар, жҧмыс 
берушіге бағынбайтын, табысы басшылықтың кӛңіл кҥйіне 
тәуелді емес, тікелей тек ӛзіне, ӛзінің жасаған әрекетіне 
байланысты болатын, ӛзін-ӛзі басқарғысы келетіндерге 
ҧнайтынын білемін, оған сенімдімін. Кәсіпкерлік – ӛз 
жҥретін жолыңды ӛзің жасап шығатын, қандай кӛлікпен 
және қандай жолаушылармен бірге белгілеген жеріңе 
жетуге ӛзің шешім қабылдайтын ӛте қызығы кӛп жол. Тек 
қана ӛзімізге байланысты: қанық тҥсті бояуға толы ӛмір 
бола ма, әлде тҧрып қалған кисельдей созылмалы бола 
ма...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет