Бас редактор әмірбеков Шәріпбек



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата03.03.2017
өлшемі4,45 Mb.
#7278
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1
ШӘКӘРІМ
 ғылыми-танымдық журнал
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 2013 жылдың 7
наурызында қайта тіркеліп, №
13425-Ж куәлігі берілген.
2005 жылдан шыға бастады.
БАС РЕДАКТОР
Әмірбеков Шәріпбек
Ағабайұлы
Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік  университетінің
ректоры, саяси ғылымдарының
докторы
БАС РЕДАКТОРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
Смағұлова Ақмарал
Төлеуғазықызы
«Шәкәрімтану»  ғылыми-зерттеу
орталығының директоры,
филология ғылымдарының
кандидаты
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ
Қадыров Айбар Қабыкенұлы
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
© Шәкәрім атындағы Семей
мемлекеттік университеті,  2013
© «Шәкәрімтану» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2013
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Мағауин Мұхтар
Қазақстанның халық жазушысы, әдебиетші ғалым
Ғарифолла Есім
 академик, сенатор
Жанболатов Сұлтан
профессор (Қытай)
Мырзахметұлы  Мекемтас
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қалижан Уәлихан
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
директоры, филология ғылымдарының докторы,
профессор
Әбдіғазиұлы  Балтабай
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық
университеті қазақ филологиясы факультетінің деканы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Жұртбай Тұрсын
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Хакім Мерием
PhD, профессор (Түркия)
Жақып Бауыржан
"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ескендіров Мейір
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Еспенбетов Арап
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
гуманитарлық-заң факультетінің деканы, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Сейітова Шынар
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының докторы
Рамазан Айгүл
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
қазақ филологиясы кафедрасының профессоры,
филология ғылымдарының докторы
Әубәкір Жандос
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-
мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының
директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
ISSN 2308-0590
Индекс 74661

2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.
МАЗМҰНЫ
АБАЙ АРМАНЫ
Еспенбетов Арап. Әлемдік деңгейдегі құбылыс («Абай» романының жарыққа шыққанына 70 жыл)...........3
ШӘКӘРІМТАНУ
АЛАШТАНУ
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
МҮШЕЛТОЙ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ
ТҰЛҒАЛАР
АБАЙТАНУ
Картаева Айжан. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі...........................................................11
Фотошежіре.
............................................................................................................................................................102
Kalimova Zhibek. The sources of the english vocabulary.......................................................................................54
Секей Жанбота. Әуенге еліккен - сөздердің мекені (Бауыржан Қарағызұлы лирикасы жайында).............59
Yеssimbekova Karlygash. Proverbs and sayings in the English Language  and their usage
........................
........63
Дарменова  Гүлвира.  «Достық»  концептісіне  қатысты  қолданылатын  паремиологиялардың
этнолингвистикалық сипаты.......................................................................................................................................66
Тлеубердиева Әсел. М.Әуезов шығармаларындағы қазақ халқының ментальды дүниесіне тән прецедентті
бірліктер қолданысы мен атақ-лауазым атаулары................................................................................................70
Әубәкір Жандос. Шәкәрім: Білмекке құштарлық................................................................................................15
Сұлтанов Өмірзақ. Шәкәрімнің қара сөздері ....................................................................................................21
Аманжол Айжан.Белые пятна в биографии Шакарима.......................................................................................24
Мухамедхан Дина. Бывали хуже времена, но не было подлей..........................................................................26
Тілешов Ербол. «Алаштың» жолы..........................................................................................................................31
Тәбәрікұлы Сейітмұхаммед. Алаштың Мәннаны...............................................................................................42
Көркембаев Рысбек. Шәкәрім шығармашылығын мектепте оқыту..................................................................86
Бөкейханов Әлихан. Қалқаман-Мамыр (Шәкәрім)...............................................................................................74
Әбдіғазиұлы Балтабай. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы.....................................................................................77
Бөкейханов Әлихан..................................................................................................................................................92
Байтұрсынов Ахмет................................................................................................................................................95
Аймауытов Жүсіпбек.............................................................................................................................................98
Дулатов Міржақып................................................................................................................................................100

3
АБАЙ АРМАНЫ
2013 №2 (19)
А.ЕСПЕНБЕТОВ филология ғылымдарының докторы, профессор
Гуманитарлық-заң факультетінің деканы
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
ӘОЖ 821.512.122
ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҚҰБЫЛЫС
(«Абай» романының жарыққа шыққанына 70 жыл)
«Абай»  романының  дүниеге  келуі  әлемдік
деңгейдегі құбылыс. Бұл шығарма 1949 жылы
бірінші  дәрежелі  Сталиндік  (кейінде
Мемлекеттік аталды), 1959 Лениндік сыйлыққа
иеленді. Біздің бұрынғы ұғымымыздағы совет
әдебиетінің ең шоқтықты туындысына айналды.
М.Әуезов шығармалары әлемнің тоқсанға жуық
тіліне аударылған, тұтас алғанда таралымы  2,5
миллионнан асады. Елу томдық қолымызда.
Осы  бір  құзар  шың,  көз  жетпес  биікке
көтерілуде ұлы жазушы тар жол, тайғақ кешуді
бастан  кешірді.  Қысқа  өмірі  үнемі  аңдуда,
үрейде,  қорқынышта  өтті,  «халық  жауы»,
«буржуазияшыл-ұлтшыл»,  «тап  жауы»,
«алашорданың  сұрқиялары»,  «пантүркистер»,
т.т. ұр да жық, сұмырай, сұрқия атаулар жазушы
есіміне қысылу-қымтырылусыз таңылды.
Сондай  бір  сұрықсыз  кезеңді,  сұрқылтай
шақты  бастарынан өткізді, тозып кетпей, төзді
ХХ  ғасырдың  зиялылары.  Академик-жазушы
З.Қабдолов  сөзі  есіме  оралады:  «М.Әуезов  –
«халық жауы» деген эфиоп тілінде айтылғандай
ұғынықсыз  еді»  дейтұғын.  Зобалаңның
асқынған,  адами  қасиеттің,  қазақы  әдептің,
азаматтық  ар-ұяттың  тапталған,  аяусыз
жаншылған, өтірік-өсектің өршіп, шындықтың
жерленген    сормаңдай шағы  байсалды,  өнімді
жазушылық еңбекке тұсау болды.
Кемеңгер  жазушы,  ғұлама  ғалым,  ұлы
суреткер,  ұлтын  перзенттік  жүрегімен
қалтқысыз  сүйген  біртуар  тұлға  жүріп  өткен
жолдың  бұралаңы  мол  болатұғын.  Мадақ  пен
марапатқа кенелген, даңқ пен ыстық ықыласқа
шомылған  Әуезов    пен  саналы  ғұмырында
қызғаныш  шоғы  күйдіріп,  еңсесін  тіктеуге
уақыты  мұрс ат  бермеген,  жөн  жо сықсыз
қуғынның  басты  объектісіне  айналған  Әуезов
шығармашылық  өмірбаянының  шындығын
кейінгі ұрпақтың білуі парыз.
«Абай»,  «Абай  жолы»-  роман-эпопеясы
қаламгердің  басты  шығармасы.  Эпопеяның
бірінші  кітабы  «Абай»  1942  жылы    Қазақтың
Біріккен Мемлекеттік Баспасында жарық көрді.
«Абай»  романын  жазуға  М.Әуезов  зор
дайындықпен келді. «Менің өмірбаяным» деген
мақаласында:
«Абай туралы романдардың бәріне тән бір
ерекшелік  –  менің  шығарма  үшін  материал
пайдалануымдағы  ерекшелік.  Бұл  арада  мен
сіздерге  Абай  жөнінде, әсіресе  оның  өмірінің,
күресінің,  ақындық  қалыптасуының  алғашқы
кезеңдері жөнінде бізге жазба түрінде жеткен
дерек  жоқтың  қасы  екенін  айтқым  келеді.
Абайдың  өз  басын,  оның  өмірінің  жекелеген
фактілерін  алатын  болсақ,  бұлар  жөнінде
ешқандай мемуар да, күнделік те, не сол кезде
"Абай арманы" зиялылар клубының кезекті мәжілісінде оқылған баяндама.
Мақалада  әдебиетіміздегі  шоқтығы  биік  «Абай»  романының  жарыққа  шығуы  жайлы  тың
деректер келтірілген.
Тірек сөздер: «Абай» романы, «Телғара», Қодар мен Қамқа, Жігітек, Бөжейдің асы.

4
АБАЙ АРМАНЫ
2013 №2 (19)
жарияланған деректі еңбек те жоқ. Мен роман
жазбақ болғаннан  кейін, керекті  материалды
әртүрлі жолмен өзім жинай бастадым».
«Абай  шығармаларын  мен  жастайымнан
біліп өстім.  Атам Әуез Абайдың досы  еді; ол
кісі  біз  сияқты  немерелеріне  ақынның  өз
өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын.
Әсіресе, Абай аударған Татьяна жанының нәзік
сырын, 
оған 
Онегиннің 
жауабын
жаттататын. Біз болсақ, Татьяна кім, Онегин
кім  –  онда  жұмысымыз  жоқ,  атамыздың
айтқанын  істеп,  жаттай  бердім.  Абайға
ықыласым  ерте  түсуге  осы  жайлар  себеп
болды».
«Өзім  материал  алған  адамдардың  ішінен
мен  Абайдың  бірінші  әйелі  –  Ділдәні  атай
аламын.  Ол  1924  жылы  өлді.  Содан  соң,  мен
Абайдың  сүйікті  жары  –  Әйгерімді  жақсы
білемін.  Ол  кісі  1918  жылы  алпыс  жасында
қайтыс  болды.  Абайды  бертінде  көріп.  Оның
өмірінің  естелігін  өз  аузынан  тыңдаған
жасырақ  адамдардың  да  бірқатарымен
кездесіп,  әңгімелестім.  Бірақ,  олардың
айтқандарының  көбін  мен  фольклорлық
сипатта  қабылдадым:  алыс  өткенді  аңыздай
әсірелеп,  сырлаңқырап,  өзгерте  өсіріп
айтатын. Кейде тіпті бір нәрсе туралы бірінің
айтқаны  екіншісінің  сөзіне  қайшы  келіп  те
жататын.  Мұндайда  шындықты  табу  мені
тағы да көп ізденуге салатын.
Әлдеқашан  бел  асып  кеткен  көштің
айдаладағы  жұртына  кешігіп  жеткен
жүргінші  сөніп  қалған  от  орнынан  болмашы
жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны
демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға
материал  жинаған  менің  халім  де  дәл  сол
әрекет  сияқты  еді.  Мен  қарт  адамдардың
көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді
қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы
Әйгерімнің әжімді бетіне қарап, оның бір кезде
Абайды  тұтқындаған  жас  шырайлы  ғажап
сұлу жүзін «қалпына келтіруім» де әлгідей еді».
«Мен  творчествоның  адамы  жөнінде
жазылған  романдарды  көп  оқып,  көп
зерттедім;  олардың  ішінде  өзіміздің  совет
жазушыларының 
да, 
қазіргі 
Батыс
жазушыларының да шығармалары бар. Мұны
айтқанда  мынаны  ескерткім  келеді:  мені
оқығандарымның 
бәрі 
бірдей
қанағаттандырған жоқ, бірін  ұнатсам, бірін
ұнатпадым. Бірақ, екеуінің де пайдасы болды,
екеуінен  де  үйрендім:  бірінен  қалай  жазу
керектігін  үйрендім,  бірінен  қалай  жазбау
керектігін үйрендім».
Дүниежүзілік 
әдебиеттегі 
роман
нұсқаларының үздіктерін зерттеп оқиды. Орыс
әдебиетіндегі  «Бірінші  Петр»,  «Емельян
Пугачев»,  «Степан  Разин»  туралы  тарихи
шығармаларды,  әлемдік  үлгідегі  Байрон,  тағы
басқаларының  үздік  романдарын  мұқият  оқу
нәтижесінде  өзіндік  жол  іздейді.  Еліктеуден,
қайталаудан  іргесін  аулақ  с алып,  ақын
ғұмырнамасымен  шектелмей  тұтас  халықтың
қасиетін  көрсететін  соны  тынысты,  кең
жоспарлы шығарма жазуға бел шешіп кіріседі.
М.О.Әуезов    Семей  қаласында  1918  жылы
«Абай»,  1925  жылы  «Таң»  журналдарын
шығаруы  да  тегіннен  тегін  емес.  Абайды
шығармашылық,  ғылыми  ізденістерінің  басты
нысанасына    айналдырады.  Олай  деуге  толық
негізіміз, бұлтартпас дәлеліміз бар:
 І- «Абайда»:
• « Абайдың өмірі және қызметі»;
• «Абайдан соңғы ақындар»;
• Абайдың жарияланбаған өлеңдері;
• Мағауияның «Медғат-Қасым» поэмасы
ІІ- «Таңда»:
• Абайдың бұрын басылмаған сөздері;
• Абайдың кейбір өсиет сөздері (афоризмдер);
•  Шәкәрім,  Көкбай  жинауындағы  әдебиет
нұсқалары, т.т.
Мұның    баршасы  болашақ  күрделі
шығармасына  қажет  материалдар  санатынан,
Әуезов мұраты мен мұндалап тұрғандүниелер.
Көркем  шығармасына  кірісу    барысында
басқа жанрларға да иек артады. Атап айтқанда,
Абай  өмірбаянына    қайта-қайта  қайрылып
қарап,  үнемі  толықтырумен,  жетілдірумен
болады.  Сіздер  Әуезовтің  ұлы  ақын  ғылыми
өмірбаянының төрт нұсқасын жазып кеткендігін
білесіздер.
Сондай-ақ, 
1933 
жылы 
Абай
шығармаларының  толық  жинағын  дайындап,
кіт ап 
етіп 
шығарады. 
Л.Соболевпен
шығармашылық 
ынтымақта 
«Абай»
трагедиясын  жазып  бітіреді.  1937  жылы

5
АБАЙ АРМАНЫ
2013 №2 (19)
«Әдебиет майданы», «Литературный Казахстан»
журналдарында    «Татьянаның  қырдағы  әні»
(«Как Татьяна запела в степи») тараулары  қазақ
және  орыс  тілдерінде  оқырмандарына  жол
тартқан-ды.
Жазушының  әуелде  романына  қойған  аты
«Телғара».  1935  жылы  «Литературный
Казахстан  (№  4-5)  журналы»  М.Әуезов
«Телғара» атты жаңа романын қалың көпшілікке
ұсынбақшы  деп  сүйіншілетіп  те  жіберген  еді.
Абай  әжесі  Зере  мен  шешесі  Ұлжанның
арасында  тел  өскендіктен  ауыл-аймаққа  оның
Телғара  есімі  жайылған  болатын.  Ойлана,
толғана  келе  шығарма  аяқталып,  баспаға
ұсынылар  шақта  «Абай»  деп  тоқтамға  келген
автор.
С.Сәдуақасов 
1920-жылдары 
қалам
қайраткерлеріне  анкета  есепті  алты  сұрақ
таратқан. Олар:
 1. Өмірі туралы мәлімет.
 2. Шығармаларының жариялануы (басылуы).
 3. Бұл күнде басылып шыққан кітаптары.
 4. Маған ұнайтын жазушылар.
 5. Абай өлеңдерімен қашан танысқан?
  6. Алғаш жазған дүниелері.
Ж.Аймауытов,  І.Жансүгіров,  С.Мұқанов,
М.Әуезов, т.б. жауап жазған.
«Қазақ  жазушыларынан,  әрине,  Абайды
сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған
нәрімнің  барлығы  да  Абайдан.  Таза  әдебиет
сарынына  бой  ұрғанда  маған  Абай  деген  сөз
қазақ  деген  сөзбен  теңбе-тең  түсетіндей
кездері бар сияқты.
                               Мұхтар. [1928]
                           Ленинград,  ғинуардың 29-ы.
 [Әуезов М. Елу томдық. А:1998,3-т, 71-72
б.]- деп анкета сауалына жауап қайтарғанда
Абайға    ынтызарлығын  айырықша  даралап
көрсетеді.
• Бұдан соң Мағжанды сүйемін.
•  Орыс  жазушыларынан  анық  сүйетінім
Толстой, Достоевский.
• Европа жазушысында Анатоль Франсты
жақсы көрем...
Сөйтіп ұлы шығарма дүние есігін біртіндеп
ашып келе жатты.
Альфред Курелла (неміс жазушысы): «Сіз әлі
«Абайды» оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлдем
ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл
–  керемет!  Далаға  жанбітіп,  дүние  алғаш
жаралғандағы  мөлдір  табиғатымен,  бар
тіршілік-тынысымен,  тәуелсіз  тұлғалы
жандарымен сіздің көкірегіңізге кеп орнайды.
Оларды  бойындағы  қызулық  пен  құмарлық
қандай,  дәл Шекспир суреттеген бейнелердің
өзі!  Сіз сол  дәуірді  көзіңізбен көргендей  айна-
қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай
дәл  жеткізіп  бере  алмайды.  Қандай  тұнық
поэзия!»
Бенжамен Матип: «Қазақтар 
туралы
бұрын-соңды ештеңе естімегенмін. Енді оларды
білемін,  өте  жақсы  танимын,  өйткені
жақында  ғана  Мұхтар  Әуезовтің  тамаша
кітабын ағылшын тілінде оқып шықтым. Қазақ
халқының  ұлы  арысы,  кемеңгер  ақыны  Абай,
сүйікті сұлулар Тоғжан және Әйгерім, Абайдың
мейірімді  әрі  батыл  достары  енді  менің  де
жақсы  білетін  адамдарым.  Мен  осы
геройлардың  бәрін  де  ерекше  сүйіп  кеттім,
солармен бірге өсіп, біте қайнасқандай, қуаныш-
қайғысын қоса бөліскендей болдым. Мен тіпті
қазір  де  өзімді  солармен  бірге  жүргендей,
сіздердің  далаңыздың  кәусар  ауасымен  дем
алғандай сезінемін. Шынында, бұл қазақтар –
неткен  ғажайып  халық!  Осы  кереметтік
«Абай» 
романында 
қандай 
тамаша
суреттелген!  Сіздің  бақытты  халыққа  мен
шынайы  көңіліммен  қызығамын,  ал  сіздің
өзіңізді 
өлмес 
туындыңызбен
құттықтаймын!»
Қаныш  Сәтбаев:  «Жазушы  Мұхт ар
Әуезовтің  «Абай»  романы  –  бүкіл  совет
әдебиетінің  аса  үздік  жетістіктерінің  бірі;
ұлы  гуманист  ақын  Абайдың  өмір  кезеңдерін
талмай  зерттеуге,  жалықпай  жинауға,  сан
салалы  ұлан-ғайыр  фактілерден  біртұтас
көркем  тұлға  жасауға  бағыштады;  ұлы
ақынның тұсындағы адамдарды барлап, ол өмір
кешкен  тұтас  бір  дәуірді  зерттеді.  Міне,
осындай  қажырлы  да  шабытты  еңбектің
жемісі  болып  –  көркемдіктің    барша  қасиет-
сырын  бойына  жинаған  ХІХ  ғасырдың  екінші
жартысындағы қазақ елінің өмір тіршілігі мен
болмыс-тұрмысын  бар  қырынан  жан-жақты
суреттейтін  шын  мәніндегі  энциклопедия  –
«Абай» романы туды».

6
2013 №2 (19)
Роман баспадан шыға сала берілген бағалар
емес бұл. Мұндай мақтауға жеткенше әлі де алда
күтіп тұрған сорақылықтар кезегімен баяндалар.
Ия,  сонымен  «Абай»  романы  1942  жылы
баспа көрді дедік.
Жұмған  аузын ашқан тірі пенде табылмады.
Тек  сол  кездері  баспа  директоры  Б.Кенжебаев
пен баспа қызметкері Қ.Шаңғытбаевтың «Абай»
атты  мақаласы шықты.  («СҚ»,1942, 26  июль).
Бұл үнсіздік 1949 жылға дейін созылды.
1946 жылы «ЛГ», «Знамя», «Звезда», «Новый
мир»,  «Известия»,  «Каз.правдада»  (1945  ж.
орысша  шыққаннан соң)   лайықты бағалаған
пікірлер бой көрсетті.
Профессор  Б.Кенжебаев  естелігіне  құлақ
түрелік:
«1941  жылы,  май  айында  мен  Алматыға
қызметке  ауыстым.  Қазақтың  мемлекеттік
баспасының 
бас 
редакторы 
болып
тағайындалдым.
Сол жылы, 22 июнь күні Ұлы Отан соғысы
басталды. Соғыс басталған соң он бес-жиырма
күннен кейін баспаның директоры Ахмет Өтеев
пен мені Қазақстан Орталық партия Комитеті
шақырды. Онда бізді Скворцов пен Бұзырбаев
жолдастар қабылдады.
-  Біз,  Бұзырбаев  жолдас  екеуміз,  Сіздердің
жоспарларыңызды көріп шықтық. Оны бүгінгі
күннің 
зәру 
қызметіне 
ыңғайлауды
ойластырдық, - деп, Скворцов баспаның соғыс
жағдайындағы міндеттерін айтты.
-  Жоспарларыңызда  Әуезовтің  «Абай»
романы  бар  екен.  Ол  баспаханадатеруде
жатқан  көрінеді.  Біздіңшесол  романды
шығарудың    қажеті  жоқ.  Бір  жағынан,  ол
соншалық  актуальды  емес;  екінші  жағынан,
авторы сенімді адам емес. Сендерге партиялық
тапсырма:  біз,  Орталық  партия  Комитеті
айтты демей Әуезовке өздерін бір себеп айтып,
оның романын тоқтатыңдар, шығармаңдар -
деді Скворцов. Мұны Бұзырбаев та қостады.
«Абай» романын шығармау жөнінде бізге ол да
бір сыпыра кеңес берді».
Б.Кенжебаевтың қарамағындағы сол кездегі
қатардағы қызметкер Қ.Шаңғытбаев жазады:
«Бейсақаңның  айтуынша,  «Абай»  романы
социалистік  реализмге  жат,  ұлтшыл
буржуазияшыл  шығарма  д еп  Орталық
Комитеттің  сол  кездегі  бірінші  хатшысы
Скворцов та, Комитет хатшысы Әбдіқалықов
та  кітапты  шығаруға  қарсы  болған.  Бұдан
Мұхаң  әрине,  хабардар.  Қалай  екенін  қайдам,
жоспарға  бір  еніп  кеткен  кітапты  (ол  кезде
жоспар орындау  деген мызғымас  заң еді  ғой)
қайткенде  де  шығару  сылтауын  пайдаланып,
баспаның  бас  редакторы  басын  тәуекелге
байлап, шаруаны тізеге салып шешкен сияқты».
(«Егемен Қазақстан», 1992, 21 тамыз).
Нағыз ерлік! Көзсіз ерлік!
Бейсақаң қолындағы кітапты жоғары көтеріп:
-  Сүйінші,  Мұха!  Міне,  шықты,  -  деп,
қуанғаны  ғой  деймін,  дауысы  дірілдеңкіреп,
көзіне жас тірелгендей болды.
Ал Мұхаңның сол сәттегі кейіп-келбеті осы
күнге  д ейін  көз  алдымда:  екі  ал ақанын
қабыстырып,  төбесінен  асыра  көтеріп,  өзіне
ғана  тән  әдетінше,  аса  бір  жылы  мейірмен
езуден ғана сыпайы күлімсіреп:
- Рахмет сендерге! Екеуіңнен де айналайын!
– деді».
Қайсар  мінезді,  алаш  жүректі  Бейсекең
бастаған  ұлт  жанды  азаматтар  қолма-қол
жазаларын  алды.  Б.Кенжебаев  баспаның    бас
редакторы  орынтағын  босатып  жұмыссыз
қалды, жас қаламгер Қ.Шаңғытбаев  қызметінен
қуылып  Ақтөбеге  халық  ақыны  Н.Байғанинге
әдеби  хатшылыққа  ауысты,  «Социалистік
Қазақстанның»жауапты  хатшысы  Бәйдебек
Әлиманов Ақтөбе облыстық «Социалистік жол»
газетіне [«Абай» туралы мақаланы жариялағаны
үшін  –  А.Е.]  қатардағы  қызметкерлікке  жер
аударылды.
Міне, әлемдік әдебиеттің құнарлы қазынасы
саналатын қасиетті «Абай» романының алғашқы
басылымы қандай адам төзгісіз қиыншылықты
бастан  кешірді!
Ескі  ғадетпен  кетсек,  1917  жылға  дейін
абайтану    ұлы  ақын  мұрасын  насихаттау,
әдебиет  тарихындағы  о рнын  белгілеу,
қаламгердің  есімін  есте  қалдыру  сияқты  ізгі
жолда болды.
1917  жылғы  төңкерістен  кейін  саяси
өмірімізде дендеп кеткен түрлі теориясымақтар
қазақ  әдебиетінің    дұрыс  бағыт  ұстануына
мүмкіндік бермеді. Айтыс-тартыстың дені Абай
мен оның мұрасын игеру төңірегіне ойысты.
АБАЙ АРМАНЫ

7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет