Арматура зауытын электрмен жабдықтау


Арматура зауытын электрмен жабдықтау



бет2/18
Дата06.01.2022
өлшемі1,58 Mb.
#13637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
1 Арматура зауытын электрмен жабдықтау

1.1 Зауыттың технологиялық процесі
Құрылыс индустрияландыруында – құрылымдардың арматуралануы жеке емес сырықтардың қажеттілігіне себепші емес, сондай-ақ дайын арматуралық бұйымдармен – дәнекерленген торлармен және қаңқаларға байланысты.
Арматураны ережеге сәйкес, арматуралық зауыттарда максимальды механикаланырылған жұмыстық процестер және кәсіпорын ұйымдарында тасқынды сызықтар жүйесі арқылы дайындайды. Арматуралық бұйымдарды дайындау бірнеше ағындармен жүргізіледі, сол себепті цехтағы құрылғыларды орналастырып қою ағын бойынша, яғни көрсетілген механикаландырылған тасқындық сызықтар арқылы орындалады.
Зауытта өндіріс екі сызық бойынша атқарылады. Бірінші тасқынды сызық – жеңіл арматуралық торларды дайындауға арналған. Екінші тасқынды сызық – ауыр арматура үшін. Жұқа дәнекерленген қаңқалар торларымен қоса арматуралық бұйымдардың ішіндегі көп таралғаны болып табылады. Оларды дайын бұйым немесе шикізат дайындауда кеңістік қаңқалары ретінде пайдаланылады.
Өнім шығарылымы бойынша технологиялық тізбекте келесідей цехтар мен бөлімшелер бар: транспорттық, жылу орны, электр жөндеу цехы, құйма, ұсталық-тығыздаушы цехы, кепілдік бұйымдар және коплектілерді дайындау бөлімшелері, сорғылау станциясы, компрессорлы, құрастырушы цех, дайын бұйым қоймасы, механикалық цех.
Цехтардағы барлық қабылдағыштар электр энергиясын үшфазалы айнымалы токты тұтынады, 50 Гц жиілікте, 380 В кернеумен компрессоры станцияны қоспағанда, 380 В-тағы қабылдағыштардан басқа, жұмыстық кернеуі 1 кВ жоғары қабылдағыштар бар.
Электр жабдықтаудың үздіксіздігі бойынша екінші дәрежелі категорияны тұтынушыларға: транспорттық, электр жөндеу цехы, құйма, құрастырушы, кепілдік бұйымдар мен комплектілерді дайындау бөлімшесі, механикалық цех, ұсталық-тығыздаушы цех жатады. Кәсіпорындағы қалған тұтынушылар 3 категорияға жатады: жылу орны, дайын бұйым қоймасы жатады.
Құйма цехы құрыштан және шойын парақтарын жасайтын өндірістерге арналған. Құйма цехындағы бұйымның негізгі бөлігі өнімді ары қарай өңдеу үшін ұсталық-тығыздаушы және механикалық цехқа барып түседі.
Ұсталық-тығыздаушы цех өндіріс бұйымдарын және кесек дайындамаларын немесе қара металдарды еркін балғаларда соғу және престеу әдісі үшін арналған.
Механикалық цехта негігі жұмыстың түрі бөлшектерді станоктарда өңдеу болып табылады. Сондықтан металл кесетін станоктар құрылғының негізгі бөлігі болады. Цехта кәсіпорында дайындалатын бұйымдарды,
тізбектер мен қозғалтқыш корпустарын өңдейді. Бұл дайындамалар үшін, металдар және құймалар металл құймасына, дайындамалар мен басқа да материалдар метал өңдеуші білдек (станок) бөліміне түседі. Дайындалған және өңделген механикалық бөлімдегі бұйымдар, бөліктер мен тізбектер, зауыттағы құрастырушы цехына беріледі.
Электр жөндеу цехында жөнделген қорларды сақтау үшін арнайы қоймалар бар (дара тізбектер мен электр құрылғының құрастырушы бірліктері; трансформатордың жоғары және төменгі кернеулі орамдарымен; сөндіргіштермен контактілі жүйесі арқылы байланысқан комплектілер және т.б.) және жөнделген құрылғылар, құрал – саймандар мен материалдар қамбалары, тұрмыстық бөлмелер, сол сияқты басқа да бөлмелер бар, олардың саны мен тағайындалуы әрбір анық жағдайда берілген технологиямен және жөндеу шарттарымен анықталады.
Дайындаушы бөлімшеде өз кезегінде шығындалатын қорларды, арматуралық болаттарды өзекшелер мен профильдерде бөлек сақтау; өзекшелі болаттардан элементтерді дайындауда және қалдықсыз түрде; жүктелетін арматуралық элементтердің соңындағы анкерді дайындау, қондырғылар (қысу муфтасын, гильза); бір – екі білдік (станок) арқылы ұзыннан қысқа дайындамаларды кесу үшін, сондай-ақ бұл бөлімшеде болаттарды орнықтыру (термиялық пен сорғылы), гильотинды қайшылар арқылы парақтарды, тілме болаттарын және профильдерді пішуге арналған қондырғылар орналасқан.
Дәнекерлегіш бөлімде келесідей орындар мен дәнекерлегіш сызықтарды біріктіреді: бірнүктелі дәнекерлегіш орындары арқылы жұқа торлар мен қаңқаларды өндіруде, көпнүктелі машиналар сызықтары арқылы дәнекерлеуде.
Кепілдік бұйымдар жасау бөлімшелері өз кезегінде дайындамаларды тазалау қондырғыларын және кепілдеме бұйымдарды тазалау құрылғылары мен олардың металдандырылуы арқылы жүзеге асады. Шартты түрде кепілдік бұйымдарды дайындау негізінен арнайы механикалық орындарда жүзеге асырылады, ал арматура зауытында оларды тек пайдалануға (тазалау, комплектілеу, металдандыру) арналып дайындайды.
Комплектілі бөлімшеде барлық қажетті элементтер мен дайын арматуралық бұйымдар әрбір қалыптау сызықтарында жеке іріктеледі. Арматура зауыты аумағындағы құрылғылар жиынтықтары арматураланып отырған бұйымның құрылымына және технологиясына тәуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет