Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі «Тілдердің үш тұғырлығы» атты 8-сыныптар арасындағы тілдер сайысына қош келдіңіздер!
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, бүгінгі үш тілде өткізілетін сайыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз!
Алдымен, әділ қазылар алқасымен танысып отырыңыздар:__________________________________________________________________
І сайыс «Сәлем сөздің анасы» амандасу, өз тобын таныстыру (3 тілде)
ІІ сайыс «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты: Командаларға үш әріп беріледі. Әріптерді байланыстырып сұрақтарға жауап беру. (Мысалы Ж, А, Қ әріптері)
8А тобына (Ж, А, Қ әріптері) 1 сұрақ: Наурыз мерекесі қандай мейрам? (жаңа жыл, ақ қар ериді, қыс кетеді)
2 сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыздар? (жал - жая, айран, қазы - қарта)
8Ә тобына (Т, Б, С әріптері) сұрақ: Наурыз мейрамының ерекшелігі неде? (таң тез атады, бүршік жарады, су ағады)
сұрақ: Қазақ тілі не үшін керек? (білім алу, тапқыр болу, сөйлесу үшін.)
8Б тобына (А, О, С) 1 сұрақ: Тілдің маңызы қандай? (амандасу, ойыңды жеткізу, сөйлесу)
2 сұрақ: Қазақтың ұлттық ойындары? (асық ату, орамал тастау, соқыр теке)
8В тобына (Қ, М, Д) 1 сұрақ: Өзге тілді білу үшін не қажет? (қосымша оқу, мектептен қалмау, деректі фильмдер көру)
2 сұрақ: Шаршағанда не істейсіз? (қымыз ішемін, мұражайға барамын, демаламын)
ІІІ сайыс. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз (Орыс тілінде)
8А тобына играть на нервах — намеренно раздражать, нервировать кого-либо;
козёл отпущения (библ.) — человек, на которого сваливают чужую вину;
слово в слово – точно
семь пятниц на неделе — о том, кто часто меняет свои планы;
8Ә тобына биться как рыба об лёд — бороться с нуждой, бедствовать;