Балаларға суретпен жұмысты ұйымдастырудың маңызды себебі – бала заттың атауын бейнесімен салыстырады және сәйкестендіре отырып, еске сақтайды.
-Жеңіл жұмбақтар жасыру
-Баланың ұсақ-қол моторикасын дамытуға бағытталған ойындарын өлең шумақтары арқылы қолдың басы және саусақ қимылымен бірге орындауға болады. Қол және саусақ жаттығуларын жасау, баланың физиологиялық сөйлеу тілінің даму негізін құрайды
Барлық аталған ойындар мен жаттығулар баланың сөйлеу тілінің дамуын жүзеге асырады. Сөйлеу тілін дамытуда педагогтардың (тәрбиешілердің) бағытын айта отырып, баланың ана тілін үйренуде мына ұстанымды айтпай кетуге болмас: «Көр – тыңда – қайтала!». — педагог (тәрбиеші) көбіне өздері көп сөйлейді, баланың белсенді сөйлеуіне жағдай жасамайды. Көбіне сұрақ қойған кезде, балаға ойланып жауап беруге уақыт бермейді де өздері жауабын айтуға тырысады, шыдамсыздық танытады. Бұл жерде барлық балалардың белсенді сөйлеуіне жағдай жасалуы керек.
— балаларда өз кезегінде басқаларды тыңдау қабілеті қалыптаспайды. Сөйлеу тілінің белсенділігі – ол тек айту емес, ол – тыңдау, сөзді қабылдау болып табылады. Маңыздысы балалардың — педагогтың (тәрбиешінің) сөзін бірінші айтқаннан-ақ тыңдай білуге үйрету керек.
— педагогтың(тәрбиешінің) балаға – бала тілінде жауап беруі. Бұл кезде балалар дұрыс анық сөйлеуге дағдыланбайды. Баланың сөзі тыңдаушыға анық және түсінікті болмайды
Көбінесе педагогтардың (тәрбиешінің) сұрақтарына балалардан «Толық» жауап алғысы келеді. Бұл жерде сұрақ мазмұнын, түрін ажырату маңызды. Яғни сұрақтың түріне қарай жауап қысқа немесе қарама – қарсы жауап түрінде де болуы мүмкін. Бұл жерде педагог(тәрбиеші) сұрақтың түрін анықтап қоюы керек
Педагогтар баланың сөйлеу тілін дамыту мәселесінде көрсетілген қателіктерді жібереді:
Қорытынды
Тілдің үштұғырлығын дамытудағы жұмысты дұрыс ұйымдастыру және дұрыс жоспарлау үшін балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін дамыту мен байытудың жалпы жағдайын анық білу қажет.
Оқытудағы жетістік көбінесе балалармен жұмыс жасаудың құрылымына тәуелді. Оқытудың басында (2-3 минут) баланы қазақ және ағылшын тілдерінде еркін қызықты араласатын күйге түсіретін, кернеу мен шығармашылықты шешетін оқыту-ойнату әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.
Балалардың белсенділігін арттыру үшін олардың қазақ және ағылшын тілдерінде күлімдеп, жақсы рең білдіріп, : «Жақсы!», «Жарайсың!», «Дұрыс!» және т.б. сөздермен мадақтап отырған дұрыс.
Ұйымдастырылған оқыту әрекетінде балалардың фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу қабілеттері мен дағдыларын, қарапайым сөйлеу талдауын дамытуға бағытталған 2-3 минуттық фонетикалық жаттығуды («Фонетикалық минут») өткізу қажет. «Фонетикалық минут» келесі ойындар ретінде өткізілуі мүмкін: «Жаңғырық», «Алқа», «Сағат», «Сөздер адымдайды» және басқалары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытудың өзекті мәселелері — Балабақша әлемі (balabaksha.kz)
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға жалпы білім беру мектебінде психологиялықпедагогикалық қолдау көрсету әдістемелік нұсқаулық
Төребаева К. Ж., Есенғұлова М. Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика: Оқу құралы.Алматы, 2012. – 304 бет.